Жамбыл облысындағы тарихи – мәдени ескерткіштер

Сырлыбаева Баян

Мазмұны:

 

Кіріспе.Жамбыл облысындағы тарихи- мәдени ескерткіштер……..2-3

 

 

Негізгі бөлім.Айша бибі, Бабаджа Хатун кесенелері……………………4-7

 

 

Қарахан мазары, Тектұрмас кесенесі…………………………………………..8-9

 

 

Шоқай Датқа …………………………………………………………………………..10-11

 

 

Ақ Кесене,  Ақыртас сарай …………………………………………………………12-15

 

 

Меркі қалашығы, Сыпатай батыр мазары…………………………………..16-18

 

 

 

Қорытынды.Облыстың ескерткіштерін қорғау…………………………..19-22

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі………………………………………….. ………..23

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

 

  1. Кіріспе. Жамбыл облысындағы тарихи- мәдени ескерткіштер.

 

  1. Негізгі бөлім. Айша бибі, Бабаджа Хатун кесенелері, Қарахан мазары, Тектұрмас кесенесі,Шоқай Датқа, Ақ Кесене,  Ақыртас сарай,Меркі қалашығы, Сыпатай батыр мазары.

 

    3.Қорытынды..Облыстың ескерткіштерін қорғау.

 

4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі:Тақырыптың өзектілігі ғылыми және тәжірибелік факторлармен анықталады. «Мәдени мұра» бағдарламасына кірген тарихи- мәдени  ескерткіштерді зерттеудегі алатын орнын, тарихи маңыздылығын, көлемділігін, баға жетпес қажеттілігінайқындап көрсету.  Қазіргі таңда Жамбыл облысында 2009 жылғы көрсеткіш бойынша тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына  келтіруде ерекше  орын алатын  бірнеше  тарихи – мәдени ескерткіштерді алдық.

 

Мақсаты:

«Мәдени мұра» бағдарламасына кірген тарихи- мәдени  ескерткіштерді зерттей отырып, қазіргі таңда Жамбыл облысында 2009 жылғы көрсеткіш бойынша тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру туралы  жан-жақты мәлімет беру. Тарихи-мәдени ескерткіштерді  қорғай отырып, болашақ ұрпақты осы мұраларды қорғауға,құрметтеуге баулу.

 

Міндеттері:

  1. «Мәдени мұра» бағдарламасына кірген тарихи- мәдени ескерткіштермен таныстыру.
  2. Ең белгілі мазарларға слайд арқылы жан-жақтытүсінік беру.
  3. Жамбыл облысы бойынша ескерткіштердің тарихта алатын орнын анықтау.
  4. .Жамбыл облысы бойынша ескерткіштерді құрметтеу және қорғау.

Жұмыс жаңашылдығы:Жамбыл облысы бойынша тарихи – мәдени ескерткіштердің тарихта маңыздылығына, баға жетпес жарқын бейнелерін ашып көрсетуге талпыныс жасалған.

 

Жұмыстың зерттеу нышаны:Жамбыл облысы бойынша тарихи – мәдени ескерткіштер.

 

Зерттеу кезеңдері:

  1. Мәліметтерді жинау және деректерді қорыту.
  2. Жамбыл облысындағы тарихи – мәдени ескерткіштерді зерттеу,.
  3. Жобаның жазылуы, слайд – таныстырудың жасалуы.

 

Әдістемелік негіз:Тарихи принциптерді қолдану, объективтілік тұрғыда жасау, танып-білу әдісі.

Нәтижелер тәжірибелік негіз береді. Қазақстан тарихы , өлкетану сабақтарында  көрнекілік ретінде қолдануға болатын: мәліметтер, фотосуреттер, құжаттар және т.б.

 

 

Жоспар:

 

  1. Кіріспе. Жамбыл облысындағы тарихи- мәдени ескерткіштер.

 

2.Негізгі бөлім. Айша бибі, Бабаджа Хатун кесенелері, Қарахан мазары, Тектұрмас кесенесі,Шоқай Датқа, Ақ Кесене,  Ақыртас сарай,Меркі қалашығы, Сыпатай батыр мазары.

 

3.Қорытынды..Облыстың ескерткіштерін қорғау.

 

4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

Негізгі бөлім

Жетісу жері тарихқа бай, оны біздің жыл санауымызға дейін және бұл күндері ұлы тұлғалар жасап, жыршы-әншілер кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған. Оның баға жетпес ескерткіштері — қазақ халқының көне тарихының куәсі жартастардағы күн қақты болған суреттер, тілсіз тас мүсіндер, ескі қорғандар мен көптеген көне қалалардың қиранды орындары, обалар осы жерді мекендеген халықтың талай-талай ұрпағының өмірі мен тұрмысынан сыр шертеді.

Жамбыл өңірінде бабалар тарихына байланысты қасиетті де қастерлі орындар көп кездеседі. Қарахан баба, Айша бибі, Бабаджа хатун мазарлары, әулиелікпенаты шыққан Тектұрмас биігі, атақты Атшабар алаңы.Осындай киелі орындарға жұртшылық ағылып, зиярат етіп жатады. Тараз ежелгі ислам мәдениетінің орталығы болғанын, 893 жылы мұнда жұма мешіті салынғанын ғалымдар мен зерттеушілер тарихи деректемелерден (археологиялық қазбалардан, балбал тастардан, тастарға салынған суреттер мен бедерлерден) анықтап отыр.

Қазіргі таңда Жамбыл облысында 2009 жылғы көрсеткіш бойынша тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы Жамбыл облысы көлемінде тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне жалпы саны 1175 ескерткішті тіркеуге алды, олардың ішінде 1038-і археологиялық, 137-і қала құрылыс және сәулет ескерткіштері қатарына жатады;  республикалық дәрежедегі тарих және мәдениет ескерткіштерінің саны — 28; жергілікті дәрежедегі тарих және мәдениет ескерткіштерінің саны — 1147 болып отыр.

Олардың ішінде ең белгілі мазарлары; Айша бибі, Бабаджа хатун, Әулие ата, Дәуітбек, сонымен қатар; Ақыртас, Төменгі Барысхан, Ақтөбе, ортағасырлық қала орындары, Жайсан, Меркі, Қожабала, Ботамойнақ қорғандары және де тағы басқа көптеген ескерткіштер бар.

Ортағасырлық Айша бибі мазарының қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, Меркі қалашығының оңтүстік-шығыс бөлігіне археологиялық зерттеу жұмастары аяқталды. Қазба жұмысының барысында жақсы сақталған тұрғын жай орны табылып, Меркі қалашығының цитаделінің қорғау аумағы белгіленді, Талас ауданындағы Абдолла-Ишан мешіті қалпына келтірілді, қазба жұмысы жалғасуына байланысты Ақыртас – тарихи ескерткішінде ежелгі өркениеттің (2000 жыл бұрын) болғандығы дәлелденді.

 

АЙША БИБІ КЕСЕНЕСІ XI — XII ғғ.Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылында, Тараздан батысқа қарай  20 шақырым жерде, ертеден гүлденген сауда жолының бойында, жазба деректерден Х ғасырдан белгілі ортағасырлық Джувикат қаласының маңында орналасқан.Ортағасырлық сәулет өнері.  Кесене құрылысын 1897 жылы В.А.Каллаур, 1938-39 жылдары А.Н.Бернштам бастаған КСРО ҒА Қазақ филиалының тарих және материалдық экспедициясы, 1953 жылы қазақстан ҒА-ның экспедициясы зерттеген. Күмбезді Қарахан(Әулие ата) салдырған. Бірақ кесенені салған сәулетші туралы  нақты дерек жоқ. Кесененің салыну тарихына және Айша Бибінің жеке басына байланысты тарихи жазба мәліметтер әзірше табылған жоқ, бірақ та осы тақырыпқа байланысты аңыздар өте көп. Қабірге археологиялық  қазба жүргізілген жоқ.

20 ғ. ортасына дейін кесене жартылай бүлінген жағдайда келіп жеткен. Оның тек солтүстік, оңтүстік және бұрыштық мұнаралары бар батыс фасадтарының бөліктері сақталған. Үстін жапқан күмбезі 19 ғ. ортасында жүргізілген алғашқы ғылыми зерттеулерге дейін жоқ болған.

1979-85 жж. ескерткішке консервация-реставрациялау жұмыстары жүргізіліп, құрылысты атмосфералық әсер етулерден сақтау үшін әйнектелген құрылыммен жапқан.

АЙША БИБІ КЕСЕНЕСІреспубликағамаңызы бар тарих жәнемәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізіліп, мемлекет қорғауына алынған.

2000-2001 жылдары арасында бар тарихи кұжаттарға сүйене отырып «Казреставрация» мекемесі кесенені толық күрделі жөндеуден өткізіп, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.

 

Ескерткіштің сипаттамасы

Айша Бибі кесенесі жанындағы Бабаджа Хатун кесенесімен бірге мемориальды-культтік кешенді құрайды. Кешеннің барлық жағы ашық, басқа құрылыстар жоқ, периметрі бойынша ағаштармен қоршалған. Кесене күйдірілген кірпіштерден қаланып тұрғызылған. Оның күмбезінен басқа бөліктері жақсы сақталған. Күмбездің тек қырлы барабаны мен қырлы шатыр жабуының бөліктері аман қалған. Ескерткіш жобасында онша үлкен емес, ішкі жақтарының ұзындығы 4,5 м болып келген шаршы тұрпатты құрылыс. Ол кезінде көп қырлы жұлдызды барабанға тірелген ішкі жағы бүрмелі, сырты қырлы шатыр күмбезбен жабылған. Құрылыстың архитектуралық келбетінің көріктілігі қарапайым тәсілмен іске асырылған: куб тәрізді аумақ конус тәрізді жабындымен жабылған; П-тәрізді ойылымы бар оның фасадтарында 1 үлкен және үстіңгі жағында аспан элементтері бар 2 кіші қуыстар бар.

АЙША БИБІ КЕСЕНЕСІ

 

 

Бабаджа Хатун кесенесі X — XI ғғ. Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылында орналасқан, Айша Бибі кесенесімен бірге мемориалды-культтік кешеннің құрамына кіреді.1897 жылыВ.А.Каллаур, 1938 жылы А.Н.Бернштам, 1953жылы Т.Қ. Бәсенов зерттеген.

Кесененің салыну тарихына және Бабаджа Хатунның өз басына байланысты құжаттық мәліметтер жоқтың қасы. Ескерткішке археологиялық қазба жүргізілген жоқ. Архитектуралық-құрылымдық сараптаманың нәтижесіне қарағанда құрылыс қараханидтер дәуірінің ерте кезеңіне жатады және 10-11 ғғ. мерзімделеді. Қазақстан архитектурасының ең көне ескерткіштерінің бірі болып саналатын бұл кесене тұрпатының қарапайымдылығымен және көп ғасырлық сақталуын қамтамасыз еткен құрылыс жұмысымен ерекшеленеді. Ол Орта Азия аймағының архитектурасындағы кесенелердің порталды композициясының алғашқы кезеңін, төбесін жабудың шатырлық идеясын көркем түрде сипаттайды. Ескерткіш XIX ғ. екінші жартысынан, әсіресе кеңес дәуірінде бірнеше рет тарихшылар, өнертанушылар, архитекторлар тарапынан 1938-39 жж. — ММТИ және ЭРУДА экспедициясы, А.Н. Бернштам; 1943 ж. -КСРО архит. акад.; ) зерттеулерге ұшыраған.

Күмбез 1979 ж. қалпына келтірілді. Ескерткіштің қабырғалары, барабандары мен күмбезінің едәуір қирағанына байланысты 2000-2001 жылдары арасында бар тарихи кұжаттарға сүйене отырып «Казреставрация» мекемесі кесенені толық күрделі жөндеуден өткізіп, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.

Ескерткіштің сипаттамасы

Кесене күйдірілген кірпіштерден қаланып тұрғызылған. Оның күмбезінен басқа бөліктері жақсы сақталған. Күмбездің тек қырлы барабаны мен қырлы шатыр жабуының бөліктері аман қалған. Ескерткіш жобасында онша үлкен емес, ішкі жақтарының ұзындығы 4,5 м болып келген шаршы тұрпатты құрылыс. Ол кезінде көп қырлы жұлдызды барабанға тірелген ішкі жағы бүрмелі, сырты қырлы шатыр күмбезбен жабылған. Құрылыстың архитектуралық келбетінің көріктілігі қарапайым тәсілмен іске асырылған: куб тәрізді аумақ конус тәрізді жабындымен жабылған; П-тәрізді ойылымы бар оның фасадтарында 1 үлкен және үстіңгі жағында аспан элементтері бар 2 кіші қуыстар бар. Негізгі фасад әпиграфикалық фризі бар парапетті қабырғамен бөлектеген. Онда терракотты ойма «насх» әдісімен жазылған мәтіннің бөлігі сақталған: «Бұл жоғары жерлеу орны… Бабаджа Хатун…». Эпитафияның бір бөлігі құрылысты салу барысында   жоғалып   кетсе   керек.

Әріптердің арасындағы бос жерлер, көбінесе үстіңгі жолдың, геометриялық және өсімдік тектес кілем өрнектерімен толтырылған. Бүйіріндегі фасадтарда — жарық түсетін тесіктер бар, артқысы — бітеу. Кіретін жер — шығыс жағында.

 

 

Бабаджа Хатун кесенесі

Бабаджа Хатун кесенесісыртқы пішімінің жинақылығымен, құрылысының беріктігімен ерекшеленеді.

 

Бабаджа-Хатункесенесі

Айшабибі мазары жанындаорналасқан. Бұлкесене де XI- XIIғғсәулетескерткішіболыпсаналады. Кесенеерекшесыртқы пішімінің жинақылығымен, құрылысының беріктігімен,қарапайымдылығымен ерекшеленеді.Соңғыжаңартылуы 2002 жылыболған. Эпиграфикалықжазбабойыншаолжердежерленгенәйеладамныңатыноқыпбілген. АңызбойыншаоләйелАйшаныңқамқоршысыболған. ОлАйшанысапаркезіндеқасындаболған. Айшақайтысболғансоңоның мазары үстіндежағылыптұрғаналаудыұстаптұрды. Бұлекікесенесәулетескерткішіретіндежәнеқажылықдәстүрінөткізетінмұсылманныңқасиеттіжерлеріболыпесептеледі

 

Қарахан кесенесіXХ ғ. Жамбыл облысы, Тараз қаласы орталығында, Төле би және Байзак, батыр көшелері қиылысында орналасқан, бүрынғы орта ғасырдағы бейіт аумағында орналасқан діни-ескерткіш кешеніне кіреді. Бейіт бұрынғы әскери бекініс батысында, Түйте каналының сол жағасында орналасқан.Қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде. Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Ша-Махмуд Бұғра Қарахан қабірінің басына орнатылған.

Мазар ежелгі қарахандиттер дәуіріндегі 10-11 ғғ-да «әулие» Әулие ата Қарахан моласының үстіне тұрғызылған. 20 ғ-дың бас кезінде мазар тұтастай бұзылды, жазба тарихи мәліметтер табылған жоқ. 1905-1906 ж. Жаңа құрылысты сол кездегі Ташкент ишаны Саид Бакхановқайта қаржыландырып, тұрғызды. Кейінгі салынған кесене алғашқысына ұқсамайды.

 

 

Ескерткіштің сипаттамасы

 

Мазар монументті әшекейлеп салынған қабыр, орта ғасырлық аумақтық сәулет дәстүрін пайдалана отырып салған. 19 ғ-дың екінші жартысынан бастап мазарды маман тарихшылар, өнертанушылар, сәулетшілер әлденеше рет зерттеген. Күйдірген кірпіштен зерттеушілер 10-11 ғғ.-ға әкеп телитін көне орынға салынған. 19 ғ-дың аяғындағы суреттерде жаңа салынған сатылы шахта қабырғаларын өрнектеуге пайдаланылған бедерлер түсірілген. Қайта салу жұмыстары 1975-85 және 2001 жылдары жүргізілді. Шаршы формалы ескерткіштің крест үлгісіндегі залы, шағын үш бөлмесі, бұрышына орналасқан көлбеу сатысы бар. Бас кіре берісі әшекейлі есікпен, бұрыш үстіндегі мұнаралармен, үш ярусты аралық қабырғалармен, оймышталған шағын қуыстармен айшықталып, ерекшеленген. Қыр жағындағы қабырғалары да күмбездермен, оқшауландырылған. Орталық бөлмесі күмбезбен бұрыштағы худжралары ойықтармен жабылған. Қабырғалар сыртына кірпіш қапталған. Кіре беріс есіктің үстіне салынған мерзімі (1906 ж.) мен орындаушының аты-жөні жазылған. Зал ортасында үлкен кірпіштен салынған тас табыт түріндегі қабыр үсті ескерткіші бар, ол қос қаусырмалы етіп жабылған.

Қарахан мазары

 

 

     Домалақ ана кесенесі-Қаратаудың күнгей бетінде, Балабөген өзенінің аңғарында орналасқан. Кесене қазақ халқының абыз аналарының бірі, халық арасында Домалақ ана атанған Нүрилә Шайхы Мизамбекқызының зиратының басына тұрғызылған. Кесене алғаш 1456 жылы төрт қанатты, төбесін күмбез етіп қалаған.ол бірнеше рет бұзылып, қайта өңделген. 1996 жылы маңғыстаудан арнайы әкелінген  ақ таспен жаңадан өрілген. Жерден 12м биіктікте сегіз жапырақты етіп өріліп, негізгі бөлігінің үстіне күмбез орнатылған.

 

 

Тектұрмас кесенесіX-ХІV ғғ. Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Талас өзенінің оң жағалауы. Тектұрмас ғибадат-мемориалдық кешені қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде, өзенге төніп тұрған «Тектұрмас» тас тізбектерінің үстінде жайсыз , орналасқан.

Бұл қаладағы өте көне діни орындардың бірі. Кешеннің алғаш салынған сұлбасы сақталған жоқ. 1935 ж. кешен қабырғалары толық ұрланды, оның

маңы қоршалып, ескерткіш тақта қойылып, тиісті атауы жазылды (1986). 1996 ж. ескерткішті қорғау орны мен оның маңайында әлдебір батырға мұнаралы күмбезді мазар қойылды.

Ескерткіштің сипаттамасы

Жаңа тас қойылым ортағасырлық діни жартас қасында жарыса мен мұндалап тұр. Тектұрмас атаның мазарының салынуы ислам кезеңінде жүзеге асты, архитектуралық формаларды зерттеу зерттеушілерге оны 14 ғ-дағы ескерткіш деп белгілеуге негіз жасайды. Алайда ескерткіштің 20-ғасырдың бас кезіне жататынан хабардар беретін фотосуреттер мөн осы күнге дейін сақталған қыш кірпіштер қалдығы мазардың жобалау құрылымын үш кезеңмен тұрғызылған нысандар тобы екенін анықтауға мүмкіндік берді. Олардың ең бастысы әрі мүмкіндігінше ертелеуі жоба бойынша шаршы, бір камералы, жақтаулары 8 м-ге жуық кірпіштен соғылған, ал астыңғы жағы тас блоктардан қаланған киоск болды. Қабырғаларында сүйір қуыстар, терезе, есік тәрізді ойықтар болды. Ғимараттың бұрыштары тік, өткір жүзді болды, ол құрылыс орнына динамикамен сәулет берді. Суретке түсіргенге дейін ескерткіш қабырғасының үсті сақталған жоқ Жұмыр күмбез куб тәрізді болып аяқталған. Кезінде мазардың оң жақ қабырғалары жанына жалғастырыла кірпіштен күмбезді, бітеу қабырғалы құрылыс салынды. Бітеу қабырғалы үшінші шағын кіре берісті, күмбезді ғимарат оңтүстік-шығыс жағынан орын тепті.

 

 

 

 

Шоқай  Датқажалпы қазақ халқының тарихында ХІХ- ғасыр, Ресей империясыың отарлау, Қоқан, Хиуа хандықтарының жаугершілік, зорлық-зомбылық көрсеткен аласапыран  кезеңімен сипатталады.Осы аласапыран кезеңде қазақ халқының қамын ойлап, тәуелсіздік үшін елі мен жері үшін күрес жүргізген өр мінезді батыр, әділдігімен ел тағдырын шешкен қаншама би, шешен бабаларымыз өткен.

Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі жылдары Кеңес өкіметі кезінде қараусыз қалған мазарды қәзіргі кезде «Қазреставрация» облыстық филиалы қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізуде.

Мазар Қазақ  ССР Министрлер Советінің кезінде 1982 – жылғы, 26 қаңтардағы №38 қаулысымен Республикалық дәрежедегі тарихи-мәдени ескерткіштер қатарына жатқызылған. Әзірге Сарысу ауданындағы жалғыз Республикалық дәрежедегі ескерткіш осы Шоқай Датқа мазары. Мұндай ескі қазақтың билерінің, датқаларының мазары сирек кездеседі. Қазақта «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген сөз бар. Сондықтан тарихи құндылықтарымызды сақтап, келешекке қалдыру — бүгінгі күннің басты мақсаты. Бабаларымыз қалдырған мұраны бүкіл әлемге таныта білу, тәуелсіз еліміздің тұғырлы діңгегі. Осындай мұраларымызды тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау, пайдалану мақсатында мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында биылғы жылы, Жамбыл облысы әкімияты, мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» мемлекеттік мекемесі Сарысу ауданындағы тарихи — мәдени ескерткіштерге «қорғауға алу» тақтайшаларын орнатуға және ескерткіштердің қазіргі жағдайын анықтау мақсатында іс-сапарға шығуы жоспарланып отыр. Олардың ішінде Республикалық дәрежедегі Шоқай Датқа мазарынан бөлек Саудакент қалашығы, Ықылас Дүкенұлының зираты және де көптеген қорғандар мен бекіністерге «қорғау тақтайшалары» орнатылмақ.

Шоқай  Датқа

Шоқай Датқа мазары

ШоқайДаткакесенесіЖетісуаймағыныңтарихижәнемәденимұрасыныңеңмаңыздыескерткіштерініңбірiболыптабылады. ОлтуралыатақтығалымШоқанУәлихановөзеңбектеріндеайтыпкеткен. Кесене орта ғасырлықСаудакентқалашығыныңзиратындаорналасқан. Зерттеушілер оны 17-18 ғасырдыңсәулетөрнектерінебайланыстырады. Солкездіңжалпымонументалдысәулеттүрлерінеұқсас.

 

ҚАРА ҚОЖА МЕШІТІ,20 ғасырдыңбасы (сәулет.) 1945 ж. археолог. Г.П. Пацевичпен, 1975-80 жылдарында «Қазжобажаңғырту» сәулетшілерімен, 2000 жылы зерттелген. 1909 ж. 19ғ. соңы мен 20 f. басында. Талас — Шу аймағында қалыптасқан табынушылық сәулетке тән дәстүрлі үлгіге байланыстырылып тұргызылған. Материалы — күйдірілген кірпіш. 80-ші жылдардың соңында күмбездер біртіндеп қирап, қабырғалары жиектелініп, көптеген жарықшақтар пайда болды. 1985-89 жылдарда жүргізілген қайта жаңғырту жұмыстары аяқталмай қалды («Қазжобажаңғырту»). 1998 жылыжергілікті кәсіпкерлердің тапсырысымен ескерткіш өзінің алғашкы бет-әлпетіменкөркем-сәулеттік кұндылығын жойған жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Мешіттің арқалық-күмбезді композициясы тоғыз бірдей биіктіктегі күмбездерден тұрады. Михрабты қуыстың алдындағы залдың бip бөлігін жауып тұрган күмбез биік цилиндрлі дабылға көтерілген. Ол осы орынның жалпы мәдени құрылыстық көлемді-жоспарланған шешімдегі маңыздылығын айқындап тұр. Қасбеттері шектеулі түрде  кірпіштік қалаумен шешілген, интерьері сыланған. Михрабты қуыстар: батысындағы қабырғаның орталығындағы бipeyi, айванның батыс қабырғасындағы екіншісі (түрлі-түсті гипс) техникасы мен орындалған полихромды өрнектелген гипстік жапсырмамен безендендірілген. Залдағы михрабтың эпиграфикалық мәнер — қалыбында құдайға сыйыну сентенциясынан өзге құрылыстың тұрғызылған күні, айы, жылы болып табылатын хижраның 1327 (1909) жылы жазылған.

 

 

ҚАРА ҚОЖА МЕШІТІ

 

Ақ  Кесене ( Х-ХІІ, ХҮІІ ғ.ғ)Жамбыл облысында орналасқан маңызды, тарихи-мәдени ескерткіштер өте көп. Олардың ішінде ата-бабаларымыздың өмірі, салт-дәстүрі, мәдени өнерлері туралы тарихи маңызды мәліметтер беретін архологиялық ескерткіштерде аз емес.

Қазіргі таңда Жамбыл облысында ортағасырлардан осы күнге дейін керемет сақталып қалған тарихтан сыр шертетін археологиялық ескерткіштердің бірі Талас ауданындағы Ақ Кесене бекінісі.

Бекініс Талас ауданының Үшарал ауылынан солтүстік батысқа қарай 35 шақырым жерде, бұрынғы шөл далалы  мекендегі кеуіп кеткен Қалмақ-Арық магистральді каналдың жағасында орналасқан. Ақ Кесене мұнарасын алғаш 1896 – жылы зерттеген, өлкетанушы В.А Каллаур болды.

Ол Ақ Кесененің мұнараға ұқсас екенін, кесененің ортасында жоғары алып шығатын  айналма  (винт бейнелі) саты орналасқанын айтады.

Ақ Кесенені 1945, 1949 жылдары Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, 1980 – жылдары «Қазжобажаңғырту» 1983 — жылдары ҚазМУ-дың археологиялық отряды зерттеген.

Зерттелген мәліметтер бойынша бекіністің сары топыраққа ірге тассыз салынғаны анықталды. Бекініс бұрыштарында мұнаралары бар, қабырғалармен қоршалған, тік бұрышты алаңқай. Бекіністің шығысындағы Ақ Кесене деген атпен белгілі мұнарасы жақсы сақталған. Оның диаметрі 11 метр, биіктігі 9 метр. Бекіністің мерзімі  Х-ХІІ ғасыр, мұнараның құрылысы ХҮІІ ғасырларда тұрғызылған деген болжам бар.

Әрине мұндай мұнаралы бекіністің сыртқы жаудан қорғану үшін тұрғызылғаны анық. Мұнараға саты арқылы көтеріліп, жоғарыдан бақылаушы жауынгер алыстағы жауды көріп хабарды дер кезінде жеткізуге мүмкіншілік алатын болған. Қалыңдығы 3 метрлік қабырғалардан тұрғызылған бекіністі жаудың бұзуына да оңай болмаған.

Ғасырлар бойы тұрған Ақ Кесене  көпті көрген қарт кісідей талай тарихи сырды ішіне бұғып бүгінгі ұрпаққа да жетіп отыр. Бір өкініштісі кесененің уақыт өте келе жаңбырдан, желден, ыстық-суықтан бұзылып топыраққа айналып кетуі ғажап емес. Талас ауданының даласында көрік беріп тұрған осындай құрылысты басқа аудандардан сақталғаны күйінде кездестіруі сирек. Көбісі бұзылып, топырақ үйіндісіне айналып кеткен.

Сондықтан  облысымызда  сирек кездесетін Ақ Кесене бекінісін қалпына келтіру, болашаққа сақтап қалу бүгінгі күннің талабы. Осы бастан қолға алынбаса, ескерткіштің құлап қалуы әбден мүмкін. Кейін оны қалпына келтіру де мүмкін болмас. Әрине Ақ Кесенені қалпына келтіру қалай-болса солай тұрғыза салатын оңай шаруа емес.Оның қыр-сыры зерттеліп арнайы топырақтан жақсылап тұрғызылғандығы дұрыс болар еді.

Биылғы жылы мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Талас ауданындағы Ақ Кесене бекінісіне, Ноғай Ишан, Илібай (Қуандық) кесенелеріне,  Қызыл Рысбек тұрағы, Қара Қожа мешіті, Бөріқазған, Тәңірқазған алғашқы адамдардың тұрағы және тағы басқа да көптеген тарихи-мәдени ескерткіштерге «қорғау тақтайшалары» орнатылмақ..Облысымыздағы тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру біздің міндетіміз, келерұрпаққа аманат.

Ақ  Кесене ( Х-ХІІ, ХҮІІ ғ.ғ)

 

 

 

Ақыртас сарай кешеніәлемге әйгілі – Ақыртас (Касрибас) қаласы Тараз қаласынан шығысқа қарай 40 шақырым жерде, Ақшолақ темір жол станциясынын 6 шақырым  оңтүстікте Қырғыз Алатауының етегінде орналасқан. Ақыртас кешенінің 130 жылдық тарихы бар. Оған алғаш рет көңіл аударған орыс ғалымы  М.С Знаменский еді. Ол  1867 жылы  Ақыртас панорамасының сызбасын және төрт қатар блоктан тұратын қабырғалардың фрагменттерін қағаз бетіне түсірді. Оның ойы бойынша Ақыртас буддалық монастырь деп санайды. Сонымен қатар 1893-1894 жылдары бұл жерге В.В.Бартольд зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ол Ақыртас жайлы аңыз-әңгімелерді жазып алып христиандар құрылысы несториандар деп түсіндіреді.1940-1946 жылдары Г.И Пацевич зерттеп, үлкен мақала жазды. Онда ол Ақыртастың топографиясын сиппатап, бөлмелерді, ауланы, колонналардың негізін, тас алған карьерді, сумен қамтамасыз етуді суреттеп жазды. Оның пікірінше Ақыртас ІХ ғ. мерзімделенеді және оған бәрінен бұрын Касрибас елді-мекені сай келеді деп көрсетеді. Ескерткішті 1945 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің жанында сәулет өнері ісі жөніндегі экспедициясы зерттеді. Т.К.Басеновтың пікірінше Ақыртас сарай кешені буддалық та, неостраиндық та монастырь емес ол VІІІ-ІХ ғғ. салынған-сарай болған.

Ақыртас кешеніне археологиялық жұмыстар 2000 жылдардан  бері  қолға алынып келеді. Осы құрылыстың құпиясын ашу үшін Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы Ә. Марғұлан атындағы археология институтының  ғалымдары шетел ғалымдарымен бірлесе отырып, археологиялық ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді.

2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес  Ежелгі Ақыртас қаласының орнына кешенді ғылыми – зерттеулерін ұйымдастыру, оларды қалпына келтіру, тұмшалау, және аббатандыру жұмыстарына жүргізу жылдан-жылға жалғасуда.

2004 жылы басталған археологиялық қазба жұмыстарында  «Ақыртас тарихи кешеніндегі қала қабырғасының биіктігі бес метрге жететіндігі,  қала қабырғасын құрайтын тас блоктарды қалау кезінде лай қоспаныңқолданылмағандығы  мысалы: құрылыстың бұрыш, өтуге арналған орын сияқты неғұрым күрделірек бөліктерінде айрықша нормадағы тас блоктар пайдаланылғаны, бұл ретте блоктардың бір жақты беті астау, немесе бесік түрінде ал қарама-қарсы жақ беті қиық шошақ формасында қашалғаны, мұның өзі тас блоктың астындағы  өзі пішіндес блокқа тығыз тереңірек еніп кірігуіне мүмкіндік туғызған. Сірә блоктардың осындай формаға келтірілуі осынау  құрылыстың «Ақыртас» атауына себепші болуы керек.

Ақыртас-аумағы төртбұрышты болып келген, (монументальды ғимарат) Ондағы құрылыс жұмыстары аяқталмаған. Биіктігі 1-1,5 м –ге жететін қабырғалар үлкен-үлкен қызыл тас кесектерден қаланған. Тастар 1-2 қатар, кей жерлерде, 3-4 қатар етіп қойылған.

Жоғарыдан қарағанда құрылыстың жобасы анық көрінеді. Оның көлемі 180 х 205 м. Құрылыс тау беткейінде орналасқандықтан ол солтүстіктен оңтүстікке қарай сәл қиыстау салынған.

Қаланың бас көшесі солтүстік және оңтүстік қақпаларды бір-бірімен қосады. Бұдан басқа тағы бір ұзын көше шығыстан батысқа қарай өтіп айбандарға барып тіреледі. Осылайша бір-бірімен  көлденең қиылысатын көшелер құрылыс алаңын төртке бөледі. Олардың үшеуі ауланы айналдыра салынған жайлардан тұрады да бір бөлігінің (солтүстік-батыстағы) салыну жоспары оларға ұқсамайды.

Ел аузында Ақыртас туралы аңыз, әңгімелер өте көп. Бұл құрылысты қырғыз эпосының батыры Манаспен және оның ұлымен де байланыстырады. Аңыздарға қарағанда, Манастың ұлы алыста тұрған таулардан үлкен тастарды лақтырып беріп тұрған, ал Манас олардан үй қалаған, сөйтіп әкелі-балалы екеуі сол жерде өмірлерінің соңына дейін тұрған деседі.

Сонымен қатар тағы бір Ақыртас туралы мазмұны ұқсас  ел арасынан үш аңызды тау-кен инженері, белгілі зерттеуші Л.Л. Ивановтың  «Көне Түркістанның кейбір мәселелері»  деген мақаласында жазып алған. Соның толырағы төмендегідей.  Ерте заманда Талас пен Шу аңғарында өз алдында тәуелсіз екі хан өмір сүріпті. Шу өңірінің ханы қартайған, Талас өңірінің ханы көрікті жас қыз Бахмаль екен. Бұл сұлуды кәрі ханың батыр  баласы сүйеді. Қыз патша атастырғанға көнбейді. Бұған ашуланған хан қорқытып «Егер балама тұрмысқа шықпасаң, соғыс ашамын дейді. Қыз бұған саспайды.Сонда қартайған хан шекарадан екі жақты бірдей көріп отыру үшін соғыс алдында бекініс салуға кіріседі. Баласын бекініске тас жеткізу үшін тауға жібереді. Хан таудың екінші бетіндегі Талас өзенінде Бахмальдың қонысы барын біліп, баланың ол жаққа қарамауын қатаң ескертеді. Ауыр үлкен тастарды бала қаңбақ құрлы көрмей лақтырып жатады. Ақыры ол шыдай алмай тиым салынған жаққа көз салса қыз Бахмаль Таласқа шомылып жатыр екен.Содан буыны босап, әлі құрыған бала тас көтеру түгіл, орнынан  да тұра алмай қалыпты. Міне сол себептен Ақыртас құрылысы аяқталмай, бала мен қыздың тойы болмай қалған.

 

 

 

Меркі(Мирки)қалашығы (қаласы) көне қала орны.VII — XIII ғғ. Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылының  батыс шеті, Алматы — Тараз автодаңғылының солтүстігіне қарай орналасқан.

1893-94 жж. В.В. Бартольд экспедициясы, 1936 ж. — КСРО ҒА Қаз. филиалының Жетісу археологиялық экспедициясы мен ИИМК (А.Н. Бернштам) тексерген. 1964-80 жылдары  Жетісу археол. экспедициясының Луговой отряды барлау қазба жұмыстарын (жетекшісі: К.М.Байпақов)зерттеу жүргізген. 1864 жылы Меркіні Қоқан хандығынан азат ету жолында орыс жауынгерлерінің сапында болған Знаменский Меркі бекінісінің суретін салған.Онда ол Меркінің (Мирки)ҮІІ-ХІІ ғасырда Орта Азия, Персия, Еділ Бұлғарлары, орыс және басқаелдерді байланыстыратын Ұлы Жібек жолы үстіндегі сауда орталығы болған қала екенін баяндайды.Знаменскидің сол кездегі салған Сыпатай Әлібекұлының күмбезі де көңіл аударарлық. Ол сурет ауданымыздың тариха-өлкетану мұражайында сақтаулы. Иә, ол күмбез қасиетті топырақта екі ғасырдан астам тұрды.

1986-87 жж. ескерткішті Қазақстан ҒА-ныңтарихи және мәдени ескерткіштер жылнамасының археологиясының экспедициясы(жетекшісі: К.М.Байпақов) зертту жүргізген. Бұл Жетісудағы ортағасырлық атауын сақтап қалған аздаған қалашықтардың бірі. Қалашық орнынан таралған Мирки қаласы 8 ғ. бастап белгілі. Ол9-10 ғғ. Кұдама, Ибн Хордадбехтің жолжазбаларында аталады. Олар Меркініорта дәрежелі,бекінісі мен цитаделі бар қала, үлкен елді мекен ретінде көрсеткен.Меркінің орны үлкен төбе тәрізді. Бір шеті жар қабақты.Оңтүстік-батысшетінде қамалдың қираған орны сақталған.1864 жылы Меркіні Қоқан хандығынан азат ету жолында орыс жауынгерлерінің сапында болған Знаменский Меркі бекінісінің суретін салған.

Ескерткіштің сипаттамасы

Меркінің орталықтағы қираған орны шығыстан батысқа желісі бойынша созылған дөңес тәрізді төртбұрыш. Солтүстік жағы 380 м, шығысы 275 м, батысы 250 м. Қаланың оңтүстік-батыс белігінде ішкі қамалдың қалдықтары, көтеріңкі көрінеді. Ол ішкі қаладан қазіргі кезде кеміріліп, шымға айналған биіктігі 1,5-2 м қорған дуалмен бөлінген. Қабырғаның бұрыштары дөңгелек мұнаралармен күшейтілген, ішкі қалаға кіре берісті оңтүстік қабырғаның оңтүстік-батыс бұрышынан тұрғызылған тағы да 2 мұнара қорғап тұр. Ішкі қамалдың іш жағы 110 х 75 м төртбұрыш алаң тәрізді. Оның беткі қабатында әртүрлі үлгідегі және көлемдегі алуан құрылыстардың қалдықтары дөңестеніп жатыр. Ішкі қамалдың батыс қабырғасының ортасына қарай ішкі қамал алаңының жалпы бетінен 4,5 м биіктіктегі дұрыс тікбұрыш үлгісіндегі төбе жалғасқан. Оның басында 17×10 м жалпақ алаңқай бар.

Ішкі қала — биіктігі 3 м кемірілген қабырғамен қоршалған дұрыс емес төртбұрыш дөңеске ұқсас орын. Меркі селосы округінің қираған орнының орталық бөлігіне жапсарлас жер көлемі барлық жағынан ұзын қабырғалармен қоршалған болатын. Қазір олар мүлдем сақталмаған деуге болады. Тек ішкі қаланың оңтүстікке қарай ұзындығы 0,5 км қорған дуал бедері байқалады. Оның 8 м табандағы биіктігі 1,5 м. Төменгі мәдени қабаттан керамкалық ыдыстар, ою-өрнектермен безендірілген плиталар табылды. Табылған заттар Меркінің  кезінде гүлденген қалашық болғанын айғақтай түседі.

Қазіргі Меркі ауданы – облыстың оңтүстігіндегі әкімшілік бөлік. 26 қазанда 1928 жылы құрылған. Ауданның аумағы7,1 мың км2.  Аудан аумағында 43 елді мекен, 1 кенттік және 12 ауылдық округтерге біріктірілген. Аудан орталығы- Меркі.Ауданның оңтүстігі таулы келеді.Меркі ауданында көне «Қара кемпір», «Шаңырақ», «Қаратөбе, Ұлысай, Атабайсай, Көржайлау, Жетітөбе, Ақтоған, Қарасай, Жамбыл, Мақанды, Майтөбе,т.б.» ежелгі тарихи және мәдени қорғандар , бекіністер, мен қалашықтырдың орны көптеп кездеседі.

 

 

.Меркіғибадатханасындағы тас мүсіндер.

 

Меркі. Белсаз 2, Ер және әйел мүсіні Меркі-Жайсан түркі ескерткіштері

Меркі әулиесі

 

Солардың бірі Меркіғибадатханасындағы тас мүсіндер.

 

МеркіғибадатханасыҚазақстандағы орта ғасыр түркілерінің мәдени-ғұрыптық кешені. Меркі ауданынан оңтүстікке қарай 38 км жерде, биік тау үстіртінде, Меркі өзенінің жоғары ағысында оналасқан. Аралтөбе, Қасқасу, Сандық, Ұлысай, Шайсандық ескерткіштері Меркі (Жетісу) ескерткіш-кешен тобын құрайды.

Сыпатай Әлібекұлы (1781-1868)

Сыпатай Әлібекұлы (1781-1868) – қазақ батыры. Дулат тайпасының Ботпай руынан. Қазақ, қырғыз халықтарының Қоқан ханына қарсы қозғалыстарына белсене қатынасушы. Сыпатай батыр ақылды, әділ, ауыл атасы болған кісі.Сөзге де шешен, тапқыр кісі болыпты.

СЫПАТАЙ   БАТЫР  МАЗАРЫ, 19 ғ. — аяғы 20 ғ. (архит., та-;/х.) а. шығ. жақ шетінде, ескі байланыс даңғылының, қазіргі Алматы  —  Бішкек автомагистралінің жағасында. Ескерткіш 1991 Сыпатай батырдың (1781-1868) 210 жасқа толуының құрметіне орнатылды. Сыпатай батыр қазақ және қырғыз халықтарының арасына кеңінен тараған, |халықтың 1840-60 жылдардағы саясиөмірінде  өзіндік  із қалдырған адам.  Бұрыннан түрған  мазардың үстіне орнатылған. РҚ АО архфонды-ны жаңартып-жетілдіру үшін жасалган  1990, авторлар архитекторлары Ю-Г. Литвиненко, В. Ким, конструкторы  П.М. Кибиткин. 19 ғ. батырдың зиратының ^басына ықшам күмбездері бар, мавзолейді-Щзар орнатты. 9,0 х 9,5 м күйдірілген кірпіштен, іші балшық сылақпен сыланып, бояумен   әшекейленген. Күмбез көгілдір түсті жылтыраған тақталармен жапсырылған: портал терең емес, шошақ қуыстар енсіз бұрыштамамұнаралармен екі жақтан қусырылған.   1980 жылдары  қүрылыстың текқалдықтары  ғана  қалған  еді. Ұзындығы 0,9 м қабырғаның 1,5 м ғана,  кірер жері — 6,0 дейін сақталған. Хатқа түсірілген мазардың басы ескерткіштің — бір бөлмелі п — күмбезді орталықтандырылған көлемінің композициясын қалпына-келтіруге септігін тигізді. Қазіргі ескерткіш: бүрынғы квадрат-І өлшемі сақталған (9,0 х9,5 м) куб,  құрылыс   күйдірілген кірпіштен цемент-құм қоспасымен салынған. Кей жерлерде ескі кірпіштер пайдаланылған. Биік пештак — портал негізгі көлемнен алға шығып тұр. Дулыға іспеттес күмбез биік цилиндр тәрізді барабанда (0,9 м) «салпыншақ» кірпіш қатарымен өрілген. Порталдың алдыңғы әшекейлері күмбезі мұнаралармен аяқталатын биік бұрыштық бағандарды жасайды, тектес жиектеулер күмбез тәрізді қуыстарға кіретін жер. Бүйір қабырғалары шошақ қуыстарға бөлінген. Бет жақтағы өрме кірпіш майлы органикалық лакпен лакталған. Порталда және бүйір қабырғаларда ескі кірпіштің шекаралары анық көрініп тұр. Мүнараның үлкен және кішкентай күмбездері кейінірек мырышпен қапталды. Кірер қуыстың жиегінде көгілдір фонда араб әріптерімен бедерлеп жазған батырдың аты-жөні жазылған. Күмбез мүнараларының ішкі көрінісі барабанның сегіздігіне бұрыштама желкен арқылы тіреліп тұр. Әшекейі қарапайым, қабырғаларындағы терең емес шошақ қуыстар сыланып, әктелген. Едені квадратты күйдірілген кірпіштен тізілген. Ескі қабірдің басына мәрмәрдан,сатылы жаңасы қойылған.

 

Қорытынды

 

ОБЛЫСТЫҢ ЕСКЕРТКІШТЕРІН ҚОРҒАУ

 

Жетісу өлкесінің өткен кезеңдері мен археологиялық ескерткіштерін ғылыми тұрғыдан зерттеп, қаттау ісі Қазақстанның өзге өңірлеріне қарағанда кешірек қолға алынғанмен, ежелден-ақ жиһанкездердің, зерттеушілер мен ғалымдардың назарына іліккен. Қазақтың тұңғыш ғалымы Ш.Уәлихановтан кейін, белгілі шығыстанушы ғалым, академик В.В.Бартольдтің қосқан үлесі зор. Сондай-ақ П.П.Румынцев, П.П.Семенов-Тянь-Шанский, А.И.Левшин, В.В.Радлов т.б көптеген ғалымдар мен саяхатшылардың зерттеу еңбектері өткен тарихымыздан сыршертеді.
Өткен тарихымызға деген қызығушылық және облыс тарихы мен мәдениетіндегі көптеген сұрақтарға жауап іздеу, сондай-ақ мәдени мұраларды зерттеу, қорғау және оларды тіркеуге алу мақсатында облысымызда 2009 жылы «Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық» құрылды. Орталықтың құрылуы «Мәдени мұра» бағдарламасының Республикалық және облыстық бюджеттен қаржыландырылып жатқан археологиялық зерттеулер мен реставрациялық жұмыстардың барысымен танысып, бақылауда ұстауға және ауқымды ақпараттық материалдар жинауға мүмкіншілік ашты.
Облысымыздағы жүргізіліп жатқан жұмыстар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен бастау тапқан «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Жетісу өңіріндегі археологиялық ескерткіштер ішінде көне қорымдардың алатын орны ерекше.

Мәдени мұраларды сақтау және қолданудағы заң шығарушылық пен құқықтық базалардың негіздері кеңестік мемлекеттің орнауының алғашқы жылдарында қаланған болатын. 60-шы жж. бастап тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғауды үйымдастырудағы тәжірибелік істер ескерткіштерді құжаттау және қайта қалпына келтіруді, есепті жүргізген Қаз КСР мәдениет министрлігінің қорғау органдарымен жүзеге асырылуда.

1976 жылыКСРО Жоғарғы Кеңесімен «Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау және қолдану туралы» Заң, ал 1978 жылы  осыған сәйкес республикалық заң қабылданды.

Рөспубликаның ұлттық мәдениеті мен жетістігінің мызғымайтын тарихи-көркем мұрасы болып табылатын археология және сәулет ескерткіштерінің айтарлықтай бөлігіне жоғалып кету қаупінің төнуі 1979 жылы құрылған «Көне Тараз ескерткіштері» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайды құрудың негізіне себепші болды.

2002 жылы есеп бойынша қорық — мұражайдың қарауында мемлекеттік қорғауға алынған 77 тарихи және мәдени ескерткіштер, оның ішінде: 21 археология ескерткіштері, 44 -сәулет, 12 — тарихи және монументальді өнер ескерткіштері бар. Сондай-ақ олардың қатарында 1—13 ғғ. қалашықтар, 10—14 ғғ. діни сәулетескерткіштері, 19-20 ғғ. басындағы түрғын және азаматтық сәулет пен монументальді өнер және кеңестік кезеңнің ескерткіштері көптеп кездеседі. Қорық-мұражай тарихи және мәдени ескерткіштерді   есепке ала отырып, қорғау мен пайдалануға бақылау жасауды жүзеге асырады.

1982 ж. мемлекеттік қорғауға алынған Қазақ КСР тарихи және мәдени ескерткіштердің республикалық мәндегі Мемлекеттік тізімі бекітілді. Тізімге ежелгі Тараздың тарихи түйіні мен облыстың 17 ескерткіші енгізілді.

1982-1998 жж. институт 1987 ж. КСРО мәдениет министрлігінің тарихи және мәдени өскерткіштерді қорғау жөніндегі Ғылыми-әдістемелік кеңеспен расталған Жамбыл қаласыныңескерткіштерін қорғаудың аймақтары мен тарихи-қаласалушылықтың тірек жоспарын (ғылыми жетекші Б.Т. Тұяқбаева, сәулетшілер Э.М. Донцова, В.П. Агапов, тарихшы Ф.П. Григорьев); Болгарияда өткен Халықаралық биенналде жүлде алған Наманган-Көше түрғын кварталдарын (сәулетші К. Бекжанов) регенерациялау және жақсы жабдықтау жобасы; Айша Бибі мен Бабаджа Хатун мазарларының (сәулетшілер В.Г. Агапов, Ю.П.Агапов) қорғау аймақтарының тетікті жоспарлануының жобасы жетілдірілді.

Ескерткіштердегі қалпына келтіру жұмыстары үшін институт ежелгі құрылыс материалдары мен сақталған құрамдарды өңдеудің технологиясын, сондай-ақ әртүрлі технологиялар мен әдістерді (Айша Бибі, Қарахан мазарлары) жетілдірді. Қаланы дамытуды зерттеу жөніндегі институттың ғылыми-зерттеу жұмыстары 1986 жылы Жамбыл қаласын, қазіргі Таразды сақталған бірегей мұралары бар КСРО-ның тарихи қалаларының тізіміне енгізуге негіз қалады. 80-ші жж. орталық институтпен сәулет ескерткіштерін Жамбыл облысының тарихи және мәдени ескерткіштер жиынтығына кіргізу үшін зерттеу және бағалау жөніндегі экспедиция ұйымдастырылды. 1993 жылы  жұмыстар тоқтатылып, тек 2000 жылдан бастап қана қайта жанданды. Дайындалған материалдар елеулі өңдеуді қажет етті, ескерткіштердің қалыпты жағдайларын зерттеудің қажеттілігі туындады.

2000 ж. Жамбыл облысының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жиынтығын дайындау үшін РМК «ММЕ ҒЗЖИ» мен ҚР ҒА Ә.Х. Марғұлан атындағы археология Институтымен археология және сәулет ескерткіштерінің түрған жағдайы мен бұзылмай сақталуын зерттеудің арнайы экспедициялары ұйымдастырылды.

Ескерткіштерді зерттеу барысында 1992 ж. Қазақстан Республикасының «Тарихи және мәдени мұраларды қорғау мен пайдалану туралы» Заңының әсіресе, ауылдық жерлерде бүзылғандығын анықтады. Ең біріншісі — бұл      Мемлекеттіктізімге енгізілген ескерткіштерді жеке меншіктеу, бақылаусыз, арнайы маман-жаңғыртушыларсыз стихиялы жөндеуді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, тұтастығына қауіп төндіріп тұрған көптеген ескерткіштерді лайықтау және пайдалану. Тараз қаласының тарихи орталығы аймағындағы қүрылыс мәдени- археологиялық қабаттың бүзылуына, ескерткіштердің алғашқы кейіптері мен тарихи қүндылығының жойылуына алып келді.

Туындаған жағдайларға сәйкес Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігінде Мәдениет Комитетінің үсынысымен Жамбыл облысының жылжымайтын тарихи және мәдени ескерткіштерінің түтастығын қамтамасыз ету жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар кешені қарастырылған. Қазақстанның тарихи-мәдени мұраларының объектілерін презентациялау және жайландыру, регенерациялау, мүражайландыру, сақтау, зерттеп тану, есепке алу,қорғау салаларындағы шаралары «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2001-2005 жылдарға  арналған индикативті жоспары» жобасында қарастырылған.

2000 ж.мемлекет қорғауындағы тарихи және мәдени мұралардың объектілері жекелендіруге жатпайтындығы айтылған «Мемлекет иелігіндегі жекешелендіруге болмайтын объектілер тізімі» туралы Жарлық шықты; сондай-ақ Қазақстан Республикасының, оның ішінде Жамбыл облысының тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғауға бағытталған басқа да негізін қалаушы құжаттар қабылданды.Түркілердің Меркі ғибадатханасы — енгізілген Дүниежүзі бойынша мұралар жөніндегі комитеттің (СВН) дүниежүзілік мұраларының тізіміне қосуға арналған ескерткіштер тізімінедайындалды.Мәдениет комитетінің ұсынысымен 2000 жылдың 27 шілдесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтойын тойлаудың дайындығы туралы» қарары қабылданды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж.ылғы 30 қазанындағы

№ 1628 қауласымен Тараз қаласының  2000 жылдық мерейтойына дайындық және өткізу шараларының Жоспары бекітілді. Тараз қ.аласының 2000 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның есте қаларлық оқиғалар мен мерейтойлар күндері жазылған Күнтізбесіне енгізілді.Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтойын өткізуге дайындық барысында облыстың тарихи және мәдени анағұрлым құнды 16 ескерткішін мүражайландыру және жөндеу,қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, облыстыңтарихи және мәдени ескерткіштерінің Жиынтығы шығарылды.ҚазақстанРеспубликасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих тасқыны» аттыкітабы мен мақалаларында «егер біз мемлекет боламыз десек және біздің мемлекеттігіміз ұзаққа созылсын десек, халық- рухының қайнар көздерін түсіну қажет» деген болатын.Сондай-ақ оның «біздің тарихымыз Еуразия мәдениетінің көптеген түқым қуалаушылық естеліктері мен сондай-ақ, қазақтардың мәдени кодында дәл сондай немесе басқа дәрежеде өз ізін қалдырған көптеген басқа есімдермен және халықтардың көзге көрінбейтін жіптерімен логикалық әрі географиялық жағынан байланысты» деп айтқан ескертуі маңызды.

Тарихи мәдени ескерткіштер – ұлттық тарихымыз пен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады. Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертетін халықтың ұлттық байлығы ғана емес сол елдің өткені мен бүгінін саралайтын, сол арқылы келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде маңызы зор. Қазіргі таңда Қазақстан аумағында 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш сақталынған. Соның ішінде археологтардың пайымдауынша Түркістан аумағында тізімге алынған ескерткіштер саны 2000-ға жуық деп есептелінеді.

Киелі Түркістан аумағында  сақталынған археологиялық, діни-рухани ескерткіштер өте көп. Аталған ескерткіштердің 150-ге жуығын қазіргі таңда«Әзірет Сұлтан»тарихи-мәдени қорық мұражайы тізімге алған. Осы ескерткіштердің басым бөлігі Қ.А.Яссауи кесенесінің маңында және  Түркістан қаласына қарасты  ауылдық округтерде орналасқан.

 

  • Қ.А.Яссауи кесенесі

 

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі Орта Азия мен Қазақстандағы теңдессіз тарихи жәдігер. Бұл ғажайып сәулет өнерінің туындысы өз бойына ертеден келе жатқан жергілікті және Шығыс мұсылман құрылыс тәжірибесін жинақтаған бірегей ғимарат. Бұл ғажайып ғимарат Әулиелердің Сұлтаны Құл Қожа Ахмет Яссауиге зор құрмет ретінде, оған деген халықтың шексіз сүйіспеншілігіне орай, Әмір Темірдің бұйрығымен 1397 жылы салына бастаған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Дайындаған. Рыскелдиев Т. « Әзірет Сұлтан мемелекеттік тарихи-мәдени қ..оры музейі» Түркістан  2006 ж ,  3 б.

 

  1. Әбенбаев С. «Тәрбие теориясы мен әдістемесі» – Алматы: Дарын, 2004ж.. — 199 б.
  2. Әмір Темір аманаты — «Жібек жолы»   Шымкент 2000 ж. —  59 б.

 

  1. «Түркістан тарихы мен мәдениеті.» Түркістан: Қазақ-түрік университеті, 2000ж. —  76 б.
  2. . Ш.Мамасерікова, О.Әмірқұлұлы «Сыпатай батыр» Алматы, 1991 ж

 

6.Әбілда Аймақ «Домалақ ана кесенесі» алматы, 1997ж

  1. Интернет материалдары

8.В.В.Бортольд «Ақыртас сарай кешені» 1893-1894ж.

  1. Л.Л.Иванов «Көне Түркістанның кейбір мәселелері» мақаласы.
  2. Ш.Ш.Уалиханов. «Шоқай Датқа» еңбегі
  3. Н.Ә.Назарбаев «Тарих тасқыны» кітабы.
  4. С.Әбенбаев «тәрбие теориясы мен әдістемесі» Алматы, «Дарын» 2004, 1995-199бет.
  5. Қ.Бөлеев, Н.Есенов, Д.Тұрсынбай. ТарМПИ №2. «Керімбай атындағы мектеп ресурсы» тараз қаласы.
  6. А.Әжеметов, Д.Тәлеев «Айша бибі» кесенесі
  7. Т.К.Басенов. «ОРнамент Казахстана» Алматы,1954г.
  8. А.Н.Бернштам «К происхождению маызолея Бабаджа Хатун» Ташкент, 1959г.
  9. . ҚСЭ А.Досымбаева «Меркі ғибадатханасы» 10-том, 490-бет.
  10. А.Х.Маргулан «Из истории городов и строительного искусства древнего Казахстана» Алматы, 1950г
  11. ҚСЭ А.Досымбаева «Меркі ғибадатханасы» 10-том, 490-бет
  12. Оқулықтар. Қазақстан тарихы -5,8, 11 сыныптар.

 

Вам может также понравиться...

1 комментарий

  1. Бақытжан:

    Негізі Жетісу емес Шу-Талас өңірі дегеніміз дұрыс. Сіз Алматы облысы мен Жамбыл облысының ара-жігін шатастырған секілдісіз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *