Жайнай бер, Тәуелсіз елім менің

Адамзат баласын бір батырып, бір шығарып, бір қуантып, алға сүйреп, өмір деген дария бізді алға сүйрейді. Адам баласы, өмір кемесінде  жүзген жолаушымыз.

Туған елім,

Көрмесем сағынамын,

Кетсем ізім  өзіңнен табылады.

Жасыра  алман, інінің отауынан,

Ыстық маған атаның шаңырағы

-демекші, туған жерін әнге қосып, әңгімесіне арқау етер адам кемде кем

шығар.

Біз, тұлпар шапса  таяғы талатын алапат аумағы бар, кең жазира даланың иесі атанған  қазақ деген халықтың ұрпағымыз. Біздің бабаларымыз осынау байтақ жатқан елдің тізгінін ұстап, құнды байлықтарының иесі атануға құқылы  келешек ұрпақтың амандығын тілеп өткен. Олар жас ұрпақтың  азат ел болу жолындағы ізгі қадамдарына бағыт-бағдар көрсете алатын саналы жандардың  мол болуын  қалаған.

Қазақ халқының елдігі жолында жандарын шүберекке  түйіп, өмірлерін құрбан қылған  бабаларымыздың асқақ арманы-тәелсіздік-біздің бүгінгі ұрпағымыздың  баға жетпес құндылығы екенін бәріміз жүрегімізбен сезінуіміз керек.Тәуелсіздікті алу бір басқа да, оны елдік рухпен сақтап ұстау бір басқа. Сондықтан туған жерге деген махаббатымызды молайтып, атамекенімізді қастерлеп күтуге атсалысуымыз керек.

Өмір өткелдері қарапайым тірліктің  сан батпан қалтарыстарынан тұратыны  жасырын емес.Біреулері өмірін сүре жүріп, жан-жағына нұрлы  сәулесін шашып отырса, енді біреулері қара басының қамын күйттей алмай қараптан қарап-ақ қара суға малынып жүреді.Ғажабы сол, бір адам соқпақты жолдан еш сүрінбей  өтіп жатырса, екінші адам керісінше , тақтайдай тегіс жолдан құлайды екен.

Міне,Қазақстанның Тәуелсіз мемлекет болғанына енді тұп -тура 30 жыл да толмақ.Тәуелсіздік алу үшін қаншама адамдар өз өмірін құрбандыққа шалды.Тәуелсіздік ащы термен келген тәтті жеңіс.Төгілген қанның,өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн.

Енді бәрі артта қалды,ашаршылық,соғыс ,қан мен тердің төгілуі,қаншама сәбилер жетімдіктің дәмін ерте татты.

Бізге ата-бабаларымыз Тәуелсіздікті алып берді,ендігі мақсат Қазақстанның жаңаруы,өркендеуі. Біз жастар Қазақстанның дамуына өзіміздің үлесімізді қосуымыз қажет. Н.Ә.Назарбаев айтқандай:

« Қазақстанның болашағы- біз жастардың қолыңда». Елбасымыз бастаған «Рухани жаңғыру»  атты жобаны ары қарай жалғастырып алып кететінімізге кәміл сенемін.

Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз.Екі дәуір түйіскен шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр……

Елбасымыз рухани жаңғырудың бірнеше принциптерін ұсынды.    Прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау,білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес эволюциалық дамуы.

Осы рухани жаңғыру атты жоба қолға алынғаннан бері халықта көптеген сананы жаулаған сан сұрақ пайда болды.Биыл жарияланғалы бері жиі талқыланып жатқан осы рухани жаңғырудың күтеріміз мол.

Латын әрпіне көшу,жаңа форматтағы білім беру жүйесі,рухани жаңғыру ,100 нақты қадам, Болашақ энергиясы осы жобалардың бәрі еліміздің 30 дамыған ел қатарына кіруіне орасан  үлес қосатынына сенеміз.

Рухани жаңғырудың түпкі мақсаты ұлттық бірегейлікті сақтап,ел ішінде бейбітшілік пен келісім үйлесе отырып ,ұлттық береке бірлік салтанат кұрған бәсекеге қабілетті табысты ел болу.Осы рухани жаңғыру жобасы қолға алынғанда елбасымыздың халқына айтқан сөзі  бар Сонымен бірге,жаңғыру ұгымының өзі мейлінше көнерген,жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді деген еді Елбасымыз.

Мен үшін елге деген махаббат  адам баласымен бірге өсіп, ержетіп, пісіп, жетілуі тиіс. Отанға деген құрмет, туған жерге деген сағыныш әр адамның бойында болуы тиіс.Туған жерге деген патриоттық  сезімді жүрегі бар  әр адам  бүлдіршін баладан, еңкейген  кәрінің бойында оянуы сондықтан.

Қазір ауылдың ажары айшықталып, ауылдастардың жағдайы жақсаруда. Соның айғағы , ауылым Жалпақталда  ауыл тұрғындарының бірлесіп, «Рухани жаңғыру» аясында көптеген келелі істер жасалынуы.

Атап айтсақ, әр жылғы мектеп бітіруші түлектер ауылымызға «Балалар алаңы», «Менің жүрегім -Жалпақтал», «Арбат», «Футбол алаңы», Ауыл ортасына «Субұрқақ » орнатылуы, «Мәңгілік ел» атты саябақ, ауылдың  кіре берісінде «Электр жарығын» тартуы елжандылықтың белгісі.

Жақсылық істер жария болатын болса, қолдауға ие болады.

Қазіргі таңда, жерлестеріміз  арасында  кәсіпкерлікпен айналысып, жағдайларын түзеп, еліне көмегін тигізіп жатқандар көп. «Елде болса , ерінге тиер»-дегендей, өз үлесін қосып, меценаттықпен айналысып жатқан адамдар көп.

Иә, қазақылана бастаған елімнің  тұсаукесер әрекеті  ұзағынан болып, жақсы істер кейінгі ұрпаққа да жұғысты болса деймін.  Бұл тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатырған жұмыс. Өйткені,рухани байлықтың кемелі болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де,әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам ,туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс. Ендеше, рухани жаңару арқылы әлем мойындар табысты ел болып, жарқын  болашаққа деген сенім мен үмітті үндестіре отырып, баршамыз  бірлік туы астында бақытқа бірге жетейік. Қазақи ерекше салтпен  ұмытқанымызды еске түсіріп, өшкенімізді жаңғыртайық.Еліміздің туы көгімізде желбірей берсін.

 

 

БҚО Казталов ауданы Жалпақтал ауылы

Жалпақтал балалар өнер мектебінің оқытушысы

Сейткалиев Мурадым Сакенович

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *