«Тәуелсіз елім –Қазақстан!»

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы «Тенге бөбекжай -бақша»
тәрбиешісі Қалмұрзаева Салтанат Қалабайқызы
Тақырыптық оқу қызметі
Тақырыбы: «Тәуелсіз елім –Қазақстан!»
Мақсаты:
Білімділік: Тәуелсіз еліміздің болашағы – жас ұрпақтар бойына Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру; Тәуелсіздік туралы балаларға түсінік беру.
Дамытушылық: Балалардың сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Туған жері мен елін сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Билингвальды компонент: Тәуелсіздік-незовисимоть-independent
Әдіс – тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, балаларды мақтау, мадақтау, қорытындылау.

ҰОҚ Жоспарланған оқу қызметінің әрекеті
1. Кіріспе бөлімі Шаттық шеңбері:
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға гүл шашылды.
Қайырлы күн, біз нәзік қыздармыз!
Қайырлы күн, біз ержүрек ұлдармыз
-Балалар біз аспаны ашық, сәулелі, кең байтақ елде тұрамыз. Бүгінгі тақырыптық оқу қызметін ҚР-ның мемлекеттік әнұранымен бастайық.
-Жарайсыңдар балалар! Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Ай аттарын кім атап береді?
-Қазір қай айы?
-Қыс мезгілінің ерекшеліктерін кім атайды?
2. Негізгі бөлім -Балалар бүгінгі тақырыптық оқу қызметінде өтетін тақырыбымыз «Тәуелсіз ел – Қазақстан» деп аталады.

-Балалар біздің Отанымыз қалай аталады?

-Өте дұрыс. Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.

-Еліміздің президенті кім?

Біздің тұңғыш елбасымыз кім?

-Елбасымызға арналған тақпақтар кім біледі?
Нұрсұлтан:
Ел тағына туылған,
Ұлтқа ұран, ту болған,
Халқы патша сайлаған,
Нұрлы сұлтан-Нұрсұлтан!
Раяна:
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз
Шешімдері болмайды.

-Біздің бас қаламыз қалай аталатын еді?
-Астана
— Дұрыс біздің елордамыз, бас қаламыз Астана қаласы деп аталатын еді. Біздің қазіргі елбасымыз Кемелұлы Қасым Жомарт Тоқаев
елбасы міндетін алғаннан кейін елордамыз Астананы Нұрсұлтан қаласы деп өзгертті.
Қазір біздің бас қаламыз Нұрсұлтан қаласы деп аталады.
— ҚР өз тәуелсізідігін алғанына биыл 28 жыл толып отыр. Яғни 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алды. Өз бетімен ешкімге бағынбай өмір сүретін елді Тәуелсіз ел деп атайды. Тәуелсіздік біздің ең басты құндылығымыз.
Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиыншылықты бастан кешірді.
-Осыдан 28 жыл бұрын Алматы қаласында жастар көтерілісі болды. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға: «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар» деген кінә тағылды.
Көптеген студент жастар түрмеге қамалды. Оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира т.б. қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.
Біздің тұңғыш елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» деген атақ берілід. Осындай аға-апаларымыздын арқасында қазіргі кезде бейбіт, тыныш елде өмір сүріп жатырмыз. Еліміз елбасымыздың арқасында гүлденіп, өркендеп жайнауда. Өз елімізге лайықты Конституция заңдары қабылданды.

-Тәуелсіздік туралы кім тақпақтар біледі?
Жеңісбек:
Тәуелсіздік еліміз
Мәңгі жасар жеріміз
Тәуелсіздік жасаған
Аға, әпкелеріміз
Н. Санжар:
Тәуелсіз біз елдеміз Қуанамыз күнде біз
Ата — бабам қалдырған
Қазақтың біз батырымыз сенсеңіз
Ақмаржан:
Құтты болсын Тәуелсіздік мерекесі
Мықты болсын елімнің керегесі
Тату — тәтті боп халқымыз әрқашанда
Кетпесін туған жердің берекесі

-Өз тәуелсіздігімізді алғаннан кейін мемлекетіміздің ұлттық нақышын бейнелейтін мемлекеттік рәміздер 1992 жылы қабылданды. Рәміздерге: Ту,Елтаңба,Әнұаран жатады. Рәміздердің өзіндік ерекшеліктері бар.
-Ту,Елтаңба,Әнұранға сипаттама беріп авторларын атау.

Сергіту сәті:
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!

-Тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Ұлы даланың Жеті қыры атты мақаласын жариялады. Ұлы даланың жеті қыры атты мақаласы біздің Қазақ халқының ежелден кележатқан болмысы мен салт дәстүрін айқындайды. Ұлы даланың Жеті қырына
1. Атқа міну мәдениеті
2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия
3. Аң стилі
4. Алтын адам
5. Түркі әлемінің бесігі
6. Ұлы жібек жолы
7. Қазақстан Алма мен Қызғалдақтың отаны
Туралы айтылған, бұл біздің басты құндылықтарымыз екенін ұмытпайық.

Ойын: «Қыз қуу»

Жарайсыңдар. Ендеше Отан туралы кім тақпақ біледі?
Расул:
Қазақстан менің Отаным,
Атыңды әнге қосамын
Шарықтап өсіп, дами бер
Біліммен үлес қосамын
Аниса:
Отан деген — Атамекен
Отанымды сүйемін мен
Отан жерім, Отан елім
Міне, менің Қазақ жерім

3. Қорытынды бөлім -Балалар ҚР өз тәуелсіздігін қашан алды?

-ҚР Тәуелсіздігін алғанына неше жыл болды?

-Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?

-16-желтоқсанда болған жастар көтерілісіне қатысқан аға-апаларымыздын есімдерін кім атап береді?

-Жарайсыңдар балалар! Барлығыңыз бүгінгі тақырыптық оқу қызметіне өте жақсы қатысып, сұрақтарға толық жауап беріп отырдыңдар. Бүгінгі оқу қызметімізді «Атамекен» әнімен аяқтаймыз. Сау болыңыздар!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *