«Жабайы аңдар»

Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Жабайы аңдар»
Мақсаты: білімділігі: Әңгіменің мазмұнын сурет бойынша әңгімелету;
Дамытушылығы: жабайы аңдар білімдерін кеңейту, олардың тіршілігін сипаттап, аттарын айтып, сөздік қорын байыту, жұмбаққтар шешу арқылы ой-өрісін дамыту, жылдам жауап беруге, шапшаңдыққа үйрету;
Тәрбиелігі: оларды қорғауға, қамқор болуға тәрбиелеу;

Қолданылатын көрнекі құралдар: интер-тақта, слайдтар, теледидар, видео-ролик, т,б.

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар шеңбер бойына тұрып, төмендегі өлең жолдарын қайталап, қимылдар жасайды.
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық.
Таза ауа да салайық,
Жүрек жылуын салайық,
Осы жақсы лебіздерді
Балаларға сыйлайық.
Бәрекелді, қандай тамаша! Мен сендер сияқты ақылды, сүйкімді, тәртіпті балалардың болғанына өте қуаныштымын. Енді бәріміз орнымызға барып жайғасып отырайық.
ІІ. Негізгі бөлім.
Балалар, сендер хайуанаттар бағына барып көрдіңдер ме? Ол жерден кім қандай аң көрді, еске түсіріңдерші?
— Қоян, аю, арыстан, түлкі, т.б.
— Көп аңдарды көрген екенсіңдер, ендеше мен сендерге жұмбақ жасырамын, кім жылдам әрі дұрыс шешеді екен?
1. Өзі бір қу,
Жүрген жері айқай мен шу. Ол қай аң?
— Түлкі.
2. Қорбаң, қорбаң етеді,
Орман оның мекені.
Тәтті балға тойып ап,
Қыста ұйқыға кетеді. Бұл не?
— Аю.
3.Сұр түсті
Ақсиған көп тісті. Бұл қандай аң?
— Қасқыр.
4. Секең, секең етеді,
Орман оның мекені.
Бұл қандай аң?
— Қоян.
-Жарайсыңдар, балалар. Сендер жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер. Қане, кім маған осы аңдар туралы білгендерін айтып бере алады?
Балалар тақтада көрсетілген 4 аң туралы білгендерін айтады.
— Біз бұл аңдарды неге жабайы аңдар деп атаймыз?
— Олар орманда жүреді.
— Олар қай жерлерді мекендейді? Түстері қандай?
— Аю апанда, қоян жерде, қасқыр мен түлкі далада
— Балалар, сендер аңдар туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер. Ал қазір бәріміз теледидарға назар аударайық. Жабайы аңдар туралы сендер білмейтін бірнеше қызықтар бар. соны тамашалайық.
Теледидардан жабайы аңдар туралы бейнеролик көрсетіледі.
— Қалай, балалар, сендерге бейнефильм ұнады ма? Жабайы аңдар туралы толық ақпарат ала алдыңдар ма?
— Иә.
— Қане, не түсінгенімізді ортаға салайықшы. Сонымен аюдың баласын қалай атайды? Қоянның баласын, түлкінің, қасқырдың баласын қалай атайды?
— Аюдың баласы қонжық, қоянның баласы көжек, қасқырдың баласы бөлтірік, түлкінің баласы түлкішек немесе мыршай деп аталады.
— Табиғатта тіршілік ететін әрбір жан-жануар, құстардың қоршаған ортаға, адамдарға келтіретін бір пайдасы болады. Мысалы, жабайы аңдардың терісі киім жасауда, тұрмыстық бұйымдар жасауда қолданылады. Тағы бір айта кететініміз бұл жабайы аңдардың қасқырдан басқасын қолға үйретуге болады. Мысалы цирктерде аюды, түлкіні үйретіп, ойын көрсетеді. Тек қасқыр ғана қолға үйренбейтін жабайы аң.
— Ал, балалар осы жабайы аңдардың қимылы жүрісі қандай болады екен, қане, бәріміз орнымыздан тұрып, бойымызды сергітіп алайық.
Ормандағы аюдың
құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.

Қоянның, аюдың, түлкінің, қасқырдың қимылын салу.

— Ендігі кезекті, балалар, ойынға берейік. Бәріміз ортаға келіп топ-топ болып бөлініп отыра қалайық. Әр топқа әртүрлі тапсырма беремін. Соны шапшаң әрі дұрыс орындайық.
1-топ. «Аңдардың балаларын тап»
2-топ. «Үй жануарлары мен жабайы жануарларды айыр»
3-топ. «Кім қайда мекендейді?»
4-топ. «Бұл қандай аң?» Қиынды суреттерден жабайы аңдарды құрастыру

Балалар, сендер ән айтқанды жақсы көресіңдер ме? Ал енді бәріміз «Сұр қоян» өлеңін айтайық.
Өлең айтылады.
ІІІ.Қорытынды бөлім.
— Балалар, біз бүгінгі сабақта немен таныстық?
— Дұрыс айтасыңдар. Бүгінгі сабақ қызықты өтті. Сендер сабаққа өте жақсы қатыстыңдар, жабайы аңдар туралы көп мағлұмат алдыңдар. Қалай тіршілік етеді, қалай қоректенеді, үй жануарларынан айырмашылығы қандай, міне, осы сұрақтардың барлығына бүгін сабақта жауап таптыңдар.
Балаларды мадақтап, оқу іс-әрекетін аяқтайды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *