Е дыбысы

Садырбай Сауле

Сабақ мақсаты: Е дыбысымен таныстыру. Бір сызықтың бойына Ее әріпін дұрыс жазуын, сөз және сөйлем құрастыруын қадағалау. Е әріпіне сөз ойлап айтуына көңіл бөлу.

Дамытушылық; Сөйлеу тілдерін жетілдіру, ойлау белсенділіктері мен қабілеттерін дамыта түсуге ықпал жасау, буынға бөлуін, ауызша және жазбаша жазу қабілеттерін арттыру. Дыбыстық талдауды меңгерту, тапсырмалар орындату арқылы танымдық қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік; Жерін сүюге, қазақ тілін құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі; Сұрақ-жауап, ойын, түсіндіру.

Сабақтың көрнекіліктері; Текшелер, интерактивный тақта.

Ұйымдастыру кезеңі; Ашық оқу іс- әрекетімізде шаттық шеңберімізді ойынмен бастасайық.

  • Балалар сендер ойын ойнағанды ұнатасыңдар ма? Ойынымыздың аты «ойлан тап» ойыны.
  • Мен мына допты бір балаға лақтыра отырып, сұрақ қоямын, жауап беріп кері лақтырады.
  1. Сауат ашуда нені үйренеміз?
  • Сауат ашуда әріп пен дыбысты үйренеміз.
  1. Әріп дегеніміз не?
  • Әріп дыбыстың таңбасы.
  1. Дыбыс нешеге бөлінеді?
  • 2-ге
  1. Қандай, қандай болып?
  • Дауысты, дауыссыз.
  1. Дауысты дыбыс қандай текшемен белгіленеді?
  • Қызылмен.
  1. Дауыссыз дыбыс ше?
  • Көк.

7.Әріпті біз не істейміз?

— көреміз, естиміз, жазамыз.

  1. Дауысты дыбыс қалай айтылады?

-еш кедергісіз айтылады.

  1. Ал, дауыссыз дыбыс қалай айтылады?

— кедергімен айтылады.

— Рахмет балалар орындарымызға жайғасамыз.

  1. Өткен сабақты қайталау.   “Сөз ойла, тез ойла “
  2. Текшемен жұмыс.
  3. Жаңа сабақ.

“ Ее” дыбысы дауысты дыбыс, ол созылып айтылады. Бәріміз бірге айтып көрейікші. Қандай дыбыстарды естіп тұрсыңдар? Қандай текшемен белгілейміз? Сөзді буынға бөлеміз. Емен, есік.

  1. Дәптермен жұмыс.
  2. Сергіту сәті. Ойын “Ее” әріпімен сөз ойла , емен, есік , етік, егемен , елік, Еркеназ.
  3. Қорыту.
  4. Бағалау.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *