Ертеңгілік. Жаңа жыл!

«Жаңа жыл»!

Жүргізуші:
Жаңа жыл бірлік береке берсін елімізге
Береке ырыс келсін жерімізге.
Тышқан жылын кең пейілмен қарсы алайық
Қуаныш шашу шашсын төрімізге!
Құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар! Сіздерді жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жыл әрбір шаңыраққа құт береке, ырыс алып келсін! Жаңа жылда үйлеріңіз нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын! Әрқашан той болсын дей отырып, біздің «Жаңа жыл!» ертеңгілігімізге хош келдіңіздер!
Жүргізуші : Балалар, бүгін қандай мереке?
Балалар:Жаңа жыл!
Жүргізуші : Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, шыршамыз қандай әсем, ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп — әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Балалар, ендеше жаңа жыл туралы тақпақтарымызды айтып берейік.
Тақпақ. Жаңа жыл
Жүргізуші: Кәне балалар,келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп, ән салайық көңілді.
Ән:Құтты болсын жаңа жыл Жүргізуші: — Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы)
Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық. Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар! 3 – рет
(үстіне аяз атаның шапаны мен қолында дорбасы бар мыстан кемпір кіреді)
Мыстан кемпір:Ия, болды немене соншама айқайлап,саңырау емеспін.
Жүргізуші:Аяз ата сәлеметсізбе! Сіздің түріңізге не болған?
Мыстан кемпір:Ту-уф, түріме не болыпты,сұлумын. (шыршаға қарап) Мынасы неменесі жарқыратып.(шыршаның жанына барып, үрлеп-үрлеп сөндіріп тастайды). Енді жақсы болды ғой.(жүргізушіге қарап) Ей, бері келіңдер, немене дейсіңдер?
Жүргізуші; Біз түсінбей тұрмыз, сіз Аяз атасызба? Аяз ата қайда?
Мыстан кемпір; Ха-ха-ха ,немене ұқсамай тұрмынба? Міне дорбамда барғой, енді не керек.
Жүргізуші: Жо-о-о қ. Неге өтірік айтасыз. Сіз Аяз ата емессіз. Балалар айтыңдаршы мына кісі Аяз ата ма?.
Балалар:Жо-оооқ.
Мыстан кемпір: Немене, Мә,саған ендеше –сендерді мұз қылып қатырып тастайын(Балаларға қарап) .Мен ақшақарды мұзға айналдарып тастадым ха-ха-ха(күледі) Аяз ата сендерге келмейді,өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым. Ха-ха-ха
Жүргізуші: Жоқ,жоқ балаларға тиіспеңіз!
Мыстан кемпір: Жарайды! Ендеше менің айтқанымды істеп, көңілімді көтересіңдер.
Жүргізуші: Балалар, Аяз ата келгенше жалмауыз кемпірдің көңілін көтере тұрайық. Мыстан кемпір: Бұл ойын «Алдау» деп аталады. Мен сендерді алдаймын,сендер қателеспей айтқан кезде өздеріңнің дене мүшелеріңді алданбай ұстап қалуларыз керек. Егер алданып қалсаңдар сендерді мұзға айналдырып тастаймын!
Ойын:
-Мен мұрынды ұстадым! 1,2,3! (өзі құлағын ұстайды)
-Мен басымды ұстадым! 1,2,3! (өзі иығын ұстайды)
-Мен құлағымды ұстадым!1,2,3! (өзі бетін ұстайды)
-мен қолымды ұстадым! 1,2,3! (өзі аяғын ұстайды)
Жүргізуші: Қарашы, балалалр қателескен жок.
Мыстан кемпір: Жарайды,менің ішім пысып кетті мына жерде отырған тәтті кәмпитер бар екен гой,солар би билеп берсін, болмаса мұзға айналдырып тастаймын»
Би. Кәмпиттер
(Боранның дауысы шығады).
(мыстан кемпір шырша артына жасырынады)
Жүргізуші: Балалар, Аяз ата жақындап қалған сияқты
Аяз ата:
Құтты болсын балалар
Келген жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп ұл қыздарым
Өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Сәлеметсіңдерме, балалар! Ата –аналар жаңа жылдарыңызбен!
Жүргізуші: Армысыз Аяз ата! Қош келдіңіз!
Аяз ата: Мен немеремді бағана алдын ала жіберіп едім, өзі көрінбейді ғой?
Жүргізуші:Аяз ата Ақшақарды мына кісі мұзға айналдырып жіберді.
Аяз ата : Не дейді?(ойланып) Мммм бұл жерге менің сиқырым жүрмейді. Мүмкін балалардың ,ата аналардың көмегі тиіп қалар.
Жүргізуші: Әрине
Аяз ата: Ал, әлгі менің ескі шапанымды киген мыстан кемпір қайда? (ата-аналарға,балаларға қарап) Мен, бұл бұзыққа бір жаза ойлап таптым. Сіздер маған үрлеп көмектесіңіздер, мен оны сиқырлап боранға айналдырып, бұны алысқа ұшырып жіберейік. (ата-аналар,балалар үрлеп, жалмауыз кемпір ұшып кетеді).
Аяз ата: Балаларды мақтайды. Мен казір ақшақарды алып келейін. (үйшікке кетеді)
(Осы кезде залға Қарақшы кіреді.)

Қарақшы: А — а, бәлем! Таптым, сандық мында тұр екен ғой .Аяз атаның санды ғой! Ішінде сыйлықтар көп! Көпп қазына гой бұл!
Жүргізуші: Қарақшы, бұл аяз атаның сандығы тиіспеңіз!
Қарақшы: Жоқ бұл менің сандығым! Солайма балалар! Балалар сендер тақпақ білесіңдер ме? Кім тақпақ,ән айтып берсе сыйлық беремін.
Тақпақ: Қыс туралы
Ән: қыс қызығы
Қарақшы: Балалар сендерге тәтті жеуге болмайды. Мен бұл сандықты өзіммен бірге ала кетейін. Аяз ата келмей турғанда.(оны ашайын деп жатканда еріксіз бip күш оны артқа қарай итереді)
(Аяз атамен ақшақар келеді)
Аяз — Ата: Мына ұрлықшы мұнда жүр ғой. Кәне кілтті маған бер, балалар сыйлықтарын күтіn қалды.
Қарақшы: Жоқ-жоқ!. Сыйлық өзіме де керек.
Аяз — Ата: АҺ, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен ceнi қатырып тастайын.
Аяз — Ата: Бересің ба сандықтың кілттін?
Қарақшы: жоқ-жоқ қатырма, мен достарыммен би билеп берейін. Сосын мағанда сыйлық бересің ғой?
Би : «Қарақшылар»
(Аяз ата сыйлық береді .Қарақшы кетіп қалады)
Ақшақар:
Қардан шыққан Ақшақармын
Сұлу айдай қиылып
Жаңа жылмен құттықтап
Сәлем берем иіліп
Есенсіз бе балалар
Амансыз ба қонақтар!
Жүргізуші:Бармысыз сұлу көркем Ақшақарым!
Асыға тағатсыздық сезімменен
Тосуда өзіңізді барша қауым
Қош келдіңіз!
Жүргізуші: Ал енді балалар бізге Аяз атамызбен Ақшақарымыз келді. Жаңа жылдық тақпақ,әнімізбен биімізді билеп берейік.
Жүргізуші :Аяз ата,қараңызшы шыршамыздың шамын мыстан кемпір сөндіріп кетті.
Аяз Ата:Жарайды ,қәзір шырша шамдарын жағамыз. Кәне сиқырлы сөзбен оның шамдарын жарқыратайық!
Шапалақтап, қуанып
Маған көмек беріңдер
Сиқырлы сөзіме қосылып
Қайталаңдар, күліңдер!
«Шырша, шырша, шыршамыз,
Шамдарыңды жарқырат,
Жұрттың бәрін таңырқат!»
Жүргізуші:
Керемет! Тамаша!
Шыршамыздың мол шамы
Жарқырады, жайнады!
Арайланды ауламыз,
Ән шырқаймыз баршамыз.
Шыршаға арнап тақпағымыды айтып берейік.
Тақпақ Шырша туралы
Ән: «Шыршаға бардық»
Аяз ата: Бәрекелді, көп жасаңдар! Рахмет,рахмет балаларым!
Мына жерде менің кішкентай достарым бар екен гой,қәне би билеп беріңдер!
Би: Санта клаус
Аяз Ата: -Бәрекелді! Жарайсыңдар!
Жүргізуші: Аяз ата біздің балалар өнерлі әнші,биші! Қазір сіз Ерденнің әнін қабыл алыңыз.
Аяз Ата: Жарайсын,балам! Өркенің өссін! Үлкейгенде Димаш сияқты әнші болғайсың! Мынандай балаларды әлі кездескен жоқпын- өлең де шырқайды, би де билейді, тақпақ та айтады. Ал ойынды ұната ма?
Жүргізуші, балалар: -Ия!
Аяз Ата: -Қазір мен оны тексерейін. Ойынымыз жәй емес,сиқырлы.
Ойын «Үскіртемін»
(таяғымен балалардың,аяғын,мұрнын,құлағын тоңырмақшы болады)

Жүргізуші: Аяз Ата шаршаған шығарсыңыз, отыра тұр демалыңыз, біздің балалар сізге арнап тақпақ,ән айтып береді.
Аяз Ата: -Ал, балалар, келіңдер,
Тақпақ айтып беріңдер.

Тақпақ: Аяз Ата туралы.
Ән: Аяз Ата
Аяз — Ата: Ой! Бәрекелді, жарайсьңдар балалар! Аталарыңды бip куантып, тастадыңдар.
Жүргізуші: АязАта! Сіз біздің балаларға сыйлықгар әкелдіңіз бе?
Аяз — Ата: Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар қызым сандықтың кілті қайда?(Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды.)
Буратино: Аяз ата ,қараңызшы мен кілтті тауып алдым! (аяз атаға береді)
Аяз Ата: Жарайсың Буратино! Рахмет! Қәне Буратино достарыңды шақырып би билеп бер!
Би: Буратино
Аяз ата:Бәрекелді,жарайсыңдар! Ал,қызым балалараға сыйлықтарын таратайық. Бір қуанып қалсын!
Музыка . Сыйлық тарату

Аяз — Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсің — дер. Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар!
Жүргізуші:Құрметті қонақтар, балалар! жаңа жылға арналған мерекеміз де аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *