«Жайнай берсін, Астана!»


Алматы қаласы

Жетісу ауданы

КММ«№103 санаториялық

бөбекжай-балабақшасы»

Такибаева Жанар Арыновна

тәрбиеші

 

Тақырыбы: «Жайнай берсін, Астана!»

Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы — Астана туралы мәлімет беру.

— Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы балалардың ой — өрісін, қимылын ұштау.

— Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қ. Р — ның рәміздері, Астана қаласының ғимараттары.

Әдісі: Әңгімелесу, сұрақ — жауап.

Жүргізуші: Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң, қонақтар!

— Сіздерді салтанатты мереке Астана күнімен құттықтаймыз!

 

Жылулық шеңбері: Ал, енді балалар бәріміз бір — бірімізбен сәлемдесіп алайық.

Амансың ба, Алтын күн!

Амансың ба, Жер ана!

Амансың ба, Астана!

Келдік саған қуана!

 

— Балалар, енді бүгінгі күнімізге сәттілік тілей отырып, жылы лебіздер айтайық.

Деніміз сау болсын!

Күніміз күлімдесін!

Еліміз аман болсын!

Ата — анамыз қасымызда болсын!

Бәріміз дос болайық!

Бәріміз бақытты болайық!

Аспанымыз ашық болсын!

Әнұран орындалады.

 

— Кәне, балалар отырайық. Біз бүгін Отан туралы әңгімелесеміз. Балалар Отан деген сөзді қалай түсінеміз?

Балалар: туған жерім, атамекенім, отбасым, халқым.

— Дұрыс балалар, Отан дегеніміз біздің еліміз, туған үйлеріміз, өзіміз туып өскен жеріміз.

— Біздің Отанымыз — Қазақстан. Қазақстанды Отанымыз дейтін себебіміз, бұл жерде ата — бабаларымыз тұрған, енді сол жерде біз тұрамыз. Адал адам Отанын сүйеді. Адам жүрексіз өмір сүре алмайтыны сияқты, Отансыз да өмір сүре алмайды. Біздің мемлекетіміз Қазақстан Республикасы, ұлтымыз — қазақ.

 

— Балалар, Қазақстан Республикасының президенті кім?

— Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.

— Біз қай мемлекетте тұрамыз?

— Қазақстан Республикасы

— Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай?

— Қазақ тілі

— Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда әртүрлі ұлт өкілдері тұрады? Соның ішінде қандай ұлт өкілдерін білесіңдер?

— Орыс, өзбек, түрік, қытай.

— Мемлекеттік рәміздерімізді кім атап береді?

— Әнұран, ту, елтаңба.

— Ел ордамыз қай қала?

— Астана.

— Балалар, бүгін бас қаламыз — Астананың туған күні!

Тақтада ілулі тұрған суреттермен таныстыру.

Балалар, мынау Қазақстанның бас ордасы — Астана. Ол жаңадан бой көтеріп келе жатқан жас қала. Ал мынау — Ақорда үйі. онда біздің елімізді басқаратын президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев отырады. Мынау — Бәйтерек. Ол өте биік, оның биіктігі 105метр. Мұнараның жоғары жағында шыныдан жасалған алтын шар бар. Мұнараның жоғарғы жағына көтерілсек, Астана қаласы толығымен көрініп тұрады.

 

— Астана күні мерекесіне арналған «Құлыншақ» тобының тақпақтарын тыңдайық.

Севара: Алтын заңның аясында,

Құлпырамыз бәріміз.

Отан ана аясында,

Жарқыраймыз күн болып.

 

Нурали: Қадамың бар баспаған,

Асуың бар аспаған.

Халқым жетсін мұратқа,

Ей, бас қалам — Астанам.

 

Фатима: Шырқап көкке аспан ән,

Болашаққа бас қадам.

Қазақ рухын биіктет,

Ей, бас қалам — Астанам.

 

Жания: Отан тарих, Отан — тіл,

Жасаған елім өз халқым.

Асылым: Көк байрағы бабамның,

Бүгінгі ұрпақ алауы.

Тірегі әке баланың,

Қазақстан жалауы.

 

Жалғас: Желбірейді шалықтап,

Қазақстан жалауы.

Көкте қыран қалықтап,

Қанат қағып барады.

— Өте жақсы, балалар!

— Келесі кезекті «Кұлыншақ» тобының биші қыздарына береміз.

 

 

— Өте жақсы, балалар! Енді балалар орнымыздан тұрып, сергіту жаттығуын жасайық.

Аспанға қарап ай көрдім,

Төменге қарап жер көрдім.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім..

 

Ерсултан: Астана — арман қала,

Бағы бар жанған қала

Тұрады ол жап — жас болып,

Мен үлкен болғанда да.

 

Алибек: Жаса — жаса Астанам,

Өркен жая бастаған.

Болашақтың есігін,

Өз қолыңмен аш маған.

Ал енді сіздермен ойын ойнаиқ балалар.Қазақтын үлттық ойндары «Орамал тарту»

Өлен « Отан»     Балаларға   байтеректің суретін бояту.

— Балаларды мадақтау. Қонақтармен қоштасу.

— Сау болыңыздар!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *