Елім деп соққан жүрегі, алып тұлға –Елбасы

Тақырыбы: Елім деп соққан жүрегі, алып тұлға –Елбасы
Мақсаты:
1. Оқушыларға Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
2. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту.
3. Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, слайд ноутбук,
Түрі : әңгіме –сұхбат , дөңгелек үстел түрінде
Сынып сағатының барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық әзірлік.
Кіріспе.  1.Динара:Ұлы тұлға ұлтына бас иетін
көрдік талай замана қасіретін
Нұрлы жолға бастадың қазағыңды
Асқақтаттың Алаштың қасиетін.
Деп бүгінгі сынып сағатын Елбасымыздың құрметіне арнаймыз.

ІІ  Әнұран

2.Ажар
1-желтоқсан Президент күніне орай «Елім деп соққан жүрегі, алып тұлға –Елбасы » атты сынып сағаты

3-Мақпал- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қарт та амандығын тілеп, тілеулес болып отырады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні »ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді. Бұл біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі.
4-Нұртас    Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өміріне тоқталу.   (Слайд «Назарбаевтың отбасы»)Балалық шағы 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.   Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».
Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады.
Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.
Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.
Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.
2003жылы қажылыққа барғанда,   “өз еліме,халқыма,қазағыма Алланың шапағатын тілеймін”   деген Елбасына осы жылдың 15 маусымында “Ұлт көшбасшысы” мәртебесі берілді.Белгілі британ жазушысы,саясаткер Дж.Айткен “Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстанның қалыптасуы” атты кітабын жарыққа шығарды. Қазақстанның Президенті жайлы шетел жазушысы кітабының жарық көруі,оның құрметіне Иорданияның астанасы Амман қаласында көше берілуі, Туркияның Анкара қаласында ескерткіш ашылуы-Нұрсұлтан Назарбаевтың дүние жүзі елдерінің арасында беделінің жоғары екендігін көрсетеді

5-Димаш (Еңбектері)

6-Жүсіп (Қызмет жолы)

7-Салтан (оқу орны)

8-Байкен Абдулла Гүл,  Түрік Республикасының Президенті:

  • “Әр келгенімде гүлдене түскеніне куә болып жүрген Астана қаласы-Қазақстанның динамизмі мен Президент Назарбаев мырзаның көрегенділігін бейнелейтін ең үлкен туынды.Астананың құрылыс жұмыстарына түрік фирмалары мен жұмысшыларының да үлес қосуын түрік-қазақ ынтымақтастығының ең әсем нышандарының бірі деп білеміз.”
  • Ислам Каримов,Өзбекстан Республикасының Президенті:

“ Өзбекстанда Сізді біздің халқымыздың нағыз досы деп біледі, әрі өзіміздің өзбек-қазақ қатынастарының серпінді дамуына қосқан үлесіңіз баға жеткісіз деп біледі.Біз ғасырлар бойы қатар өмір сүрдік,өмір сүріп келеміз және мәңгілік бірге өмір сүре беретінімізге сенімім кәміл.”

Ислам Каримов,Өзбекстан Республикасының Президенті:

“ Өзбекстанда Сізді біздің халқымыздың нағыз досы деп біледі, әрі өзіміздің өзбек-қазақ қатынастарының серпінді дамуына қосқан үлесіңіз баға жеткісіз деп біледі.Біз ғасырлар бойы қатар өмір сүрдік,өмір сүріп келеміз және мәңгілік бірге өмір сүре беретінімізге сенімім кәміл.”

9-Абико

 

Тұңғыш қазақ Президенті — Нұрағам
Ата — бабам мың сынаққа шыдаған,
Тәңірден тек Тәуелсіздік сұраған.
Азаттықтың ақ таңы үшін тер төккен,
Тұңғыш қазақ Президенті — Нұрағам.

Сүйеу болған аналарға жылаған,
Тіреу болған балаларға құлаған.
Елдің жерін, арқалаған нар тұлға.
Тұңғыш қазақ Президенті — Нұрағам.

Сыртқа кетіп қалмасын деп сыбаға,
Шекараға қазы қағып, нұраған.
Шетте жүрген қандастардың панасы,
Тұңғыш қазақ Президенті — Нұрағам.

Астанам бар, азатпын деп қуанам,
Топқа түссем көк байрақты ту алам
Тұңғыш қазақ мемлекетті құраушы
Елін сүйген, елі сүйген — Нұрағам!
Ахмет Балғынбекұлы

 

Көш бастаған — Президент
Тәуелсіздік көк жебесін желбіретіп,
Көш басында ел мақтаған — Президент.
Сын сағатта еліне еңбек етіп,
Арманына қол жеткізген – Президент.

Қазағым деп соққан оның жүрегі
Отша қайнап, лаулап жанып жүреді.
Халқыменен бірге болған сәттерде,
«Аман болшы елім» оның тілегі.

Егемендік алып келген еліне,
Қазағымның ұлан — асыр жеріне.
Дербес елдің көк туын желбіреттің,
Жаңғырды «Қазақ» аты жер — жерлерде.

Таулар менен өзен, көлдер «қазақ» деді.
Аспанда ай мен жұлдыз «қазақ» деді.
Даңқың мен абыройың арта берсін,
Әз, Елбасы бастаған қазақ елі.

Тәуелсіз, егеменді жерінде
25 — ін тойлап жатыр қазақ елі.
Ғұмырың ұзақ болып Қазақстаным!
Мәңгілік жасай берші қазақ елі!

Елінің абыройын асқақтатқан,
Көш басында, ел мақтаған Президент.
Қажырлы, талмас қанат, ерлігімен
Арманына қол жеткізген – Президент.

 

10-Дарын

11-Жанэста“Қазақ елі” монументінің төменгі белдеуіндегі тас тұғырда төрт қола барельеф орналасқан. ”Халық және тұңғыш Президент” барельефінің дәл ортасында  тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың Ата Заңға оң қолын қойып, Ант қабылдап тұрған рәсімі бейнеленген.

12-  Мақпал Осының бәрі ел қамы, ел болашағымен байланысты. Достық қарым –қатынас
жақсы жолға қойылған. Тынымсыз еңбегі арқасында Қазақстанды әлем таныды. Түркі әлемінің ақылгөй данасы атануы, ескерткіш орнатуы-зор құрмет.

13-Беко

14-Динара  Сіздер мен Біздер Отанымызды сүйіп, құрметтеп өтейік!

Мұғалім          Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың    « Біз көшпенділердің ұрпағымыз. Ержүрек халықтың жалғасымыз.
Мен жастарға сенемін. Әрқашан тұрақтылықты қорғап, бірлікті
сақтаңдар» деген сөзімен сабағымызды аяқтаймыз.
Әрқашан елін сүйер, жерін қорғар азамат болып өсулеріңе тілектеспін.
Көк туымыз әрқашан төбемізде желбіресін деп бүгінгі сынып сағатын «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *