Елім деп еңіреген қайран Қапар

Джалалова Камшат Бахтияровна

Мақсаты:Көтерілістің шынайылылығы мен Әбдіғапар ханның ерлігін зерттей отырып ,болашақ ұрпақтың үлгі тұтар тұлғасына айналдырып,сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыру.Торғай халқы көтерілісін ірі орталыққа айналғанын,отаршылдыққа  ,патша жарлығына қарсы ұйымшылдықпен көтерілгенін дәріптеу болатын

Әбдіғапар хан  Жанбосынұлы  1870 жылы күз айында бұрынғы Торғай   облысы, Торғай уезі, Қараторғай болысында туып, 1919 жылы қарашаның 21- інде Зәуре қопасында атылған

Әбдіғапар бала кезінде ауыл молдасынан оқып сауатын ашады. Содан кейін Батпаққарадағы Сатыбалды ишанның медресесін тәмәмдап, Троицк қаласындағы Ахон Қазіреттің медресесіне оқуға жіберіледі. 1885 жылы аяқ астынан әкесі қайтыс болып, ауылға оралады. 1890 жылы Әбдіғапар Көртоғайға көшіп келіп ағасы Жалмағамбетпен қосылып, Торғайға құятын Қайыңды өзенінің жоғары жағынан бөгеп, төменге су келтіреді де егін егеді. 1892 жылы Көртоғайда қызыл кірпіштен мектеп ашып, онда молда ұстайды. 1908 жылы Көртоғайдың болысы болып сайланады

Әбдіғапардың арғы тегі Ұзын қыпшақтың  тармағына жататын Кедел руынан бастау алады.Арғы атасы жоңғар соғысында Торғай қыпшақтарының қолбасшысы болған атақты Тілеулі батыр. Ұлы атасы Абылай хан заманында   «Орда  ханы » атанған Нияз би.

Ғұлама ғалым, қазақтың  Бас тарихшысы – Манаш Қозыбаев: « Абылай дәуірінде қыпшақ тайпасына көсем болып, би аталған Ниязды Абылай «хан» дәрежесінде ұстаған. Сондықтан да қыпшақ өңірі Ниязды «хан» атап кеткен ».

Әкесі- Жанбосын. АнасыАлуа Үмбетей арғынАқтас байдың қызы,Ахмет Байтұрсыновтың жақын апаларының бірі. Әбдіғапар мен әкесіне тағдырдың тым қатал қарағаны соншалық,Жанбосын не барі48-жас қана өмір сүрді.Ал Әбдіғапар одан бір-ақ жыл артық ғұмыр кешті. Жанбосын қатарынан бірнеше сайлау бойы болыс болған. Жанбосынның ұрпақтары: Әбдіғапар,Садуақас,

Әбдікірар,Мақыш,Жағыпар,Әбдісадық.

1916 жылғы көтерілістің берік ұйымдасқан жері Торғай даласы еді. Көтерілісті бастап шыққан арғындардан Оспан Шолақұлы, қыпшақтан Әбдіғапар Жанбосынұлы болатын. Осы жерде осы көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі де бірегейі болған Әбдіғапар Жанбосынұлына тоқталғанды жөн көрдім.1916 жылы 25 маусымда Ресей патшасы Николай Орта Азия, Қазақстан және тағы бірқатар аймақтардан еңбек жасындағыларды «қорғаныс бекіністерін және әскери шептерін»жасауға қара жұмысқа алу туралы жарлыққа қол қояды.Патша жарлығына жауап ретінде орасан зор аймақтың – Қазақстан мен Түркістанның халқы бір мезгілде көтерілді. 1916 жылы Жалдама өзенінің бойында 13 болыстың өкілдері жиналады. Жиында батылдығымен, парасатымен, әділдігімен көзге түскен, елге танымал азамат Әбдіғапар есімі жеке-дара аталады. Құрылтай Әбдіғапарды хан көтеріп, сардарбегі етіп Амангелді Үдербайұлын сайлады.Амангелді хан Кененің атақты қолбасшыларының бірі Иман батырдың немересі еді. Әбдіғапар хан ең алдымен хан кеңесін құрды. Хан жарлығымен әр болыстың елбегілері сайланды, мыңбасылары бекітілді. Қызыл бекеттер ашылып, почта ісі жолға қойылдыКөтерілісшілермынааймақтарға:Қостанай,Ақтөбе,Ырғыз,Атбасар,Перовск,Байқоңыр,Ақмола,Қарсақбай,т.б. қалалар мен кеншілерге арнайы адам жіберіп,хат жөнелтілді.Оларды патша үкіметіне қарсы тұруға шақырды.

Сөйтіп,ТорғайдағыАмангелді мен Әбдіғапар жасағына разылық білдіргендер саны  көбейіп кейіннен деректерге қарағанда қараты 50000 адамға жетіп,Патша жазалаушы отрядтарымен,сарбаздар арасындағы соғыс,Күйік соғысы,Тарыр соғысы,Доғал соғысы,Құмкешу сияқты бірқатар соғыстар болып өтті. Торғай өңірінде ІІ-Николай тақтан құлағанға дейін жалғасып,көтеріліс толығымен жеңіскежетті деуімізге болады.

Осы жерде осы көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі хан болған Әбдіғапар Жанбосынұлына тоқталғанды жөн көрдім.

Әбдіғапар «хан» деген  атақты Шыңғыс әулетінен шыққандарға ғана тән дәреже екенін жақсы білетін. Сондықтан да қарадан шығып хан болғанына ризашылығын білдірді де, өзін «әмір» атауды жөн көрді. Алайда қарапайым халық Әбдіғапарды «әмір» деп емес, «хан» деп атап кетті. Әбдіғапардың хан сайлануын  Академик Манаш Қозыбаев былай сипаттайды: « Даналық иесі халықтың мұң – мұқтажын терең түсінген Әбдіғапар тақ үшін, бақ үшін күреспеді, таласпады, халық өзі қалап, хан көтерді. Бұл хандық ел аласапыран болып, ер басына күн туған кезде берілді.

Халықтың ол билікті бүгін біреуге, ертең екіншісіне берер уақыты жоқ -ты. Ендеше халық ол билікті тек ең жанкүйер, табанды күрескер, ақылгөй данасына аманат етті. Әбдіғапар халық шешімін солай ұғынды…»

Әбдіғапардың қоластында 7000 сарбаз болды. Шайқас Торғай қаласына жақын «Татыр» деген жерде басталып, Әбдіғапардың мыңбасы Карбоз, Қостанай жағынан Торғай гарнизонына көмекке келген. Торғай қаласы Ресей үшін қазақ еліне кіретін қақпа сияқты еді. Батпаққара жанындағы Доғал-Үрпек деген жерде Әбдіғапардың сарбаздары Түргенев полкін атыспен қарсы алып кері шегіндіреді. Патша әскерлері осы соғыста үлкен шығынға ұшырайды. Әбдіғапар -Амангелді, Кейкі, Қосжан, Уәлі, Өмен батыр інілерін ертіп, Ақ патшаның жазалаушы әскер топтарына жеңіс бермей, Ресейдегі «Ақпан төңкерісіне» дейін шайқасқан қас батыр. Сол себепті жоғарғы штаб генералдарының өтініші бойынша, 1916 жылы желтоқсан айында Сарытауға арнайы келген соғыс трибуналы, Әбдіғапар мен Амангелдіні «патшаның қас

қас        жауы» деп есептеп соттауға шешім шығарды. Сот шешімінде: «Әбдіғапар хан мен оның көмекшісі Амангелді дарға асылсын!» делінген. Әбдіғапар сарбаздарын жойып, өзін тұтқындау үшін генерал Лаврентьев  әскер жұмсады. Қызыл әскер Әбдіғапарды себепсіз 1919 жылы атып кетті. Елі хан сайлаған Әбдіғапар патша жендеттерінен аман қалса да, тарихшы М.Қозыбаев айтқандай, большевиктік экстремизмнің құрбаны болды.

Қазақстанның егемендік алғанына

Жазушы Морис Симашконың романында қайраткер былайша сипатталады:

«…Әбдіғапар тектілігі мен байлығына қарамастан кезінде ат ойындарына өзі барып қатысудан қымсынған жоқ, Аманкелдінің өзімен де күш сынасты. Халық осы үшін оны құрметтеді».

проф. К.В.Харлампович Әбдіғапар туралы:

  • «восточная половина уезда,возглавляемая умным, проницательным и авторитетным Абдулгафаром,»-деп көрсетеді.

Профессор Харлампович Әбдіғапардың дүниежүзілік соғыс алдында болыс болып сайланғанын атап кетеді.1919 жылы Кеңес өкіметі қалпына келген соң арнайы төтенше комиссия құрылып, А.Иманов өлімінің, Торғайдағы төңкерістің жәй-жапсары тексеріледі. Әртүрлі қауесет, күдікпен Ә.Жанбосынов 1919 жылдың желтоқсан айында (кейбір деректер бойынша

25қарашада)тұтқындалып,оны Батпаққарадан әкеткен және Ш.Қаратаев

бастаған 30 адамы бар әскери отряд Зәуре Қопасы деген жерде сотсыз атады.

Ол інісі Жағыпардың жанына Көртоғай ауылына жерленді. Кеңесдәуірінде оның азаттық жолындағы күресі бүркемеленіп, тарихи мұрағаттар қойнауында қалды.

Қашан да өз асылын өздері ардақтай алмай келген халықпызғой.Әбдіғапардың ұлт-азаттық көтерілісіне жасаған басшылық қызметі жөнінде тіпті Америка, Англия, Түркия, Германия елдерінің кітапханаларында материалдар бұрыннан болса, бізде ондай тарихи құжаттар мен шығармалар әлі де Ресей мемлекетінің архивінде. «Тарихи мұра» бағдарламасымен болашақта келеді деген үміттеміз.

Әбдіғапар ханның туғанына 140 жылдығына    орай,2010жылыӘбдіғапар Жанбосынұлының сүйегі жерленген, Қараторғай ауылының жанында ,Әбдіғапар Жанбосынұлының ұрпақтары Қабден, Марат, Сағадаттардың, Нияз бидің ұрпақтары Ақмолда ағамыздың, Мұқтар, Бейсен бауырларымыздың ұйымдастыруымен үлкен ақ кесене тұрғызылды. Бұл кесененің ұзындығы мен ені 6 метр, биіктігі 14 метр. Тағы бір үлкен жаңалық ол Астана маңы жанында, кезінде осы жерлерде билік жүргізген атасы  Нияз биге де Тайтөбе аулында кесене салынды.Бұрын жатқан жері анадайдан мен мындалап шақыратын биік төбеде ақ моласы болатын.Кейбір ғалымдар осы жердің Ақмола деп аталуын осымен де байланыстырады. Сол ақ моланың орнына ақ кесене салынды

Биыл 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің болғанына 100 жыл толып отыр. Осы уақыттың ішінде қазақ халқының басынан әр түрлі кезеңдер өтті. Қазақ халқы қайсарлық, қайтпас күрестердің арқасында тәуелсіздікке қол жеткізді.1916 жылғы  ұлт-азаттық көтерілісін және көтерілістің негізгі ошағы  Торғай өңіріндегі көтерілістің барысын,  Әбдіғапар Жанбосынұлының өмірін ашу және көтерілістің тарихи маңызын атап көрсету міндетін алға қойдым.

1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында аса көрнекті орын алады. Шындығында да, өз тәуелсіздігі үшін ұзақ жылдар бойы жүргізген ерлік-күресінің дәстүрінде тәрбиеленген қазақ халқы 1916 жылы ұлттық және саяси бостандық алу мақсатымен Ресей империясының езгісіне қарсы жойқын күреске шықты.

2008 жылы 17жыл толуына арналған жиында Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының көсемдері Амангелді Имановтың, Әбдіғапар Жанбосынұлының есімдерін құрметпен атады.

Бұл көтеріліс 1916 ж. қазақ сахарасында туындаған империяға қарсы ұлттық-азаттық соғыс деп танылуы абзал. Ол халқымыздың ХХ ғасырдағы қуанышы мен трагедиясының қайнар басы болатын

Әбдіғапар туралы түйінді сөзді:

Елім деп еңіреген қайран Қапар,

Әруағы бір қозғалмай қалай жатар,

Өтті ғой өле – өлгенше зар еңіреп,

Орысқа боласың деп мәңгі отар…

Арманы Қапар ханның: еді Теңдік,

Сол үшін өлгенін де көзбен көрдік,…деп тарихи оқиғаларға куәгер болған Ф.Сатыбалдыұлының жыр жолдарымен аяқтағанды жөн көрдім.

Қорыта айтқанда, туған өлкенің тарихын біліп қана қоймай, оны зерттеу әрбір азаматтың міндеті.

 

қасжауы» деп есептеп соттауға шешім шығарды. Сот шешімінде: «Әбдіғапар хан мен оның көмекшісі Амангелді дарға асылсын!» делінген. Әбдіғапар сарбаздарын жойып, өзін тұтқындау үшін генерал Лаврентьев  әскер жұмсады. Қызыл әскер Әбдіғапарды себепсіз 1919 жылы атып кетті. Елі хан сайлаған Әбдіғапар патша жендеттерінен аман қалса да, тарихшы М.Қозыбаев айтқандай, большевиктік экстремизмнің құрбаны болды.

Қазақстанның егемендік алғанына

Жазушы Морис Симашконың романында қайраткер былайша сипатталады:

«…Әбдіғапар тектілігі мен байлығына қарамастан кезінде ат ойындарына өзі барып қатысудан қымсынған жоқ, Аманкелдінің өзімен де күш сынасты. Халық осы үшін оны құрметтеді».

проф. К.В.Харлампович Әбдіғапар туралы:

  • «восточная половина уезда,возглавляемая умным, проницательным и авторитетным Абдулгафаром,»-деп көрсетеді.

Профессор Харлампович Әбдіғапардың дүниежүзілік соғыс алдында болыс болып сайланғанын атап кетеді.1919 жылы Кеңес өкіметі қалпына келген соң арнайы төтенше комиссия құрылып, А.Иманов өлімінің, Торғайдағы төңкерістің жәй-жапсары тексеріледі. Әртүрлі қауесет, күдікпен Ә.Жанбосынов 1919 жылдың желтоқсан айында (кейбір деректер бойынша

25қарашада)тұтқындалып,оны Батпаққарадан әкеткен және Ш.Қаратаев

бастаған 30 адамы бар әскери отряд Зәуре Қопасы деген жерде сотсыз атады.

Ол інісі Жағыпардың жанына Көртоғай ауылына жерленді. Кеңесдәуірінде оның азаттық жолындағы күресі бүркемеленіп, тарихи мұрағаттар қойнауында қалды.

Қашан да өз асылын өздері ардақтай алмай келген халықпызғой.Әбдіғапардың ұлт-азаттық көтерілісіне жасаған басшылық қызметі жөнінде тіпті Америка, Англия, Түркия, Германия елдерінің кітапханаларында материалдар бұрыннан болса, бізде ондай тарихи құжаттар мен шығармалар әлі де Ресей мемлекетінің архивінде. «Тарихи мұра» бағдарламасымен болашақта келеді деген үміттеміз.

Әбдіғапар ханның туғанына 140 жылдығына    орай,2010жылыӘбдіғапар Жанбосынұлының сүйегі жерленген, Қараторғай ауылының жанында ,Әбдіғапар Жанбосынұлының ұрпақтары Қабден, Марат, Сағадаттардың, Нияз бидің ұрпақтары Ақмолда ағамыздың, Мұқтар, Бейсен бауырларымыздың ұйымдастыруымен үлкен ақ кесене тұрғызылды. Бұл кесененің ұзындығы мен ені 6 метр, биіктігі 14 метр. Тағы бір үлкен жаңалық ол Астана маңы жанында, кезінде осы жерлерде билік жүргізген атасы  Нияз биге де Тайтөбе аулында кесене салынды.Бұрын жатқан жері анадайдан мен мындалап шақыратын биік төбеде ақ моласы болатын.Кейбір ғалымдар осы жердің Ақмола деп аталуын осымен де байланыстырады. Сол ақ моланың орнына ақ кесене салынды.

Әбдіғапар Жанбосынұлы.1870 жылыҚараторғай болысындадүниеге келген.Жастайынан ауыл молдасында оқып,Торғайдан,Орынбор қаласынан діни дәріс алып,орыс-қазақ зиялыларымен кеңінен араласады.Ағаштан түйін түйіп,аруақтарға айшықты кесене салумен айналысады.Дуанға « жер ауып» келген Василий Бондаренко тәрізді ақ патшаға « саяси сенімсіз» адамдармен етене араласып,тәуелсіз қазақ мемлекетін құру идеясында Ахмет Байтұрсынов,Міржақып Дулатовтармен мүдделес болады.Тіпті кезінде Әбдіғапардың «халқым,заманның беті әрі қарап кетіпті,жақсылық біздің күшімізбен болмайды,іштегі патшаларға қарсы әрекет етіп жатқан партиялардың күшімен болады» деген сөзін Міржақып Дулатовтың ,өз күнделігіне жазып алып,көпке дейін сақтап жүргендігі де кей деректе бар.      Әбдіғапар Ахмет Байтұрсыновпен рухани жақындықта ғана емес туыстық қарым-қатынаста да болған адам.Анасы-Алуа Ахмет Байтұрсыновтың ағасы Ақтас байдыңқызы болса,ұлы Рүстемнің алған әйелі Ахметтің бауырына салған қызы Кәтез еді.1918 жылғы наурыз айында Орынбор қаласында өткен Торғай облысы Кеңестерінің мәжілісіне қатысқандығы түскен суретінің өзінен көрініп тұрғандай Әбдіғапар орта бойлы,балқаш денелі,кесек бітімді адам.Сөз айтуға келгенде ауызы ауыр,жүріп тұрғанында қимылы байсалды.Тілеулі бабасындай өзін-өзі дәріптеп,асып тасуды да жек көрген.Белгілі жазушы Морис Симашко  Әбдіғапар туралы салқын саясат тұсында жазған романының өзінде ол туралы былай дейді: «Әбдіғапар тектілігі мен байлығына қарамастан кезінде ат ойындарына барып қатысудан қымсынған жоқ,бірер жыл бұрын тіпті,Амангелдінің өзімен де күш сынасты.Халық осы үшін құрметтеді ,-деп жазады   Жан-жаққа жиі шығатын,сауатты кісі болды.Тіпті бір кездері Бұқарада ишандықты оқыды.Медресе бітірген.Әкесі кенеттен қайтыс болғаннан кейін Бұқардағы Көкілташ медресесіне түсіп,оқимын деген арманы орындалмай қалады.1910 жылы болыстық сайлауға түсіп жеңеді.Көп ұзамай өз орнын өзінің інісі Садуақасқа береді.Әбдіғапар үйленгеннен кейін Көртоғайды мекендеген,қызыл кірпіштен салынған төрт бөлмелі үйі болған.Кейін қызылдардың белсенділері бұл үйді де,ауылдан бір шақырымдай жердегі күмбезді кесенесін де 1920 жылы құлатып тастаған.1970 жылдардан кейін әлгі кесененің орнына төрт құлақты там орнатылды.Тамды тұрғызған Әбдіға-пардың немересі-Қабден Қалиұлы. Ұрпағына аманат боп келе жатқан ,асыл парызы ,ата-баба әруағын ардақтау.Соның жарқын бір айғағы2009ж 12 қазанда,Торғай өңірі  Қараторғай аулында қорымда Әбдіғапар Жанбосынұлына арнап ,Астана қаласы іргесіндегі Тайтөбеде атасы-Нияз биге  арнап ақ кесенелер бой көтерді. Тарихи тағдыры барлық ұлт-азаттық көтерілістеріне тым ұқсас ӘбдғапарЖанбосынұлы басқарған1916 жылғы халық наразылығының негізгі мақсаты не еді?Біз бұл орайда алаш арыстары мен ғалымдарымыздың айтқандарына арқа сүиейтін болсақ,Әлихан Бөкейханов  «1916 жыл,25-июнь»-дейтін мақаласында: «Қазақ- қырғыздың көтерілісі-қалың елдің дариядай толқыны.Дауыл болса ғана дария толқиды.Қалың елді қарғыс атқан билесе,қанды саясатқолдансабұғанқарсыелдетолқиды.Алыспаған, жұлыспаған  бостандық атына мінбейдібұғаудан босамайды ер құлдықтан,әйел күңдіктен шықпайды,малына да басына да ие бола алмайды дейді.Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі,мемлеметтік сылықтың лауреаты Кеңес Нүрпейісұлы болса: «Көтерілістің басты мақсаты ұлттық саяси тәуелсіздікке жету еді.Көтеріліс отарлауға және империалистік,халыққа жат саясатқа қарсы өрбіді,-депой қорытса,академик Манаш Қозыбаев: «1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы ғасырларға созылған ел үшін,жер үшін,бостандық үшін,қазақ мемлекеті үшін ,халық болып қазақтың қара жерді басуы үшін айқастың жалғасы еді»,-дейді.1916 жылғы көтеріліске шыққан халық дербес қазақ мемлекетінің белгісі-отарлауға дейінгі мемлекеттік басқару жүйесін қайтадан қалпына келтіруге күш салды.Халық қалауымен хан,сардар сайланып, «Хан кеңесі»,елбегі,сот алқасы,қазына билеушісі тәрізді құрылымдар қайта жаңғырды.Қазақ тілінде жарлықтар шығып, «Торғай өлкесінің әмірі» деген мөр жасалынды. Әбдіғапардың нұсқауымен шет елге арнайы елшілер жіберілді. Әскери ұйым құрылып,ата бабамыздан келе жатқан әскери өнер қайта түледі.   Арасында арнайы құқықтық нормалар белгіленіп,салық саясаты жүргізілді.Профессор К.К.Харламповичтің айтуы бойынша: «Әбдіғапар әскерін жақсартумен қатар,уездің өз билігіндегі азаматтық басқару билігін де ұйымдастырумен айналысты.Барлық билік халықтың жергілікті  қолына көшті.Торғай халықтарының өзін-өзі басқаруы кезінде тіпті ,барымта,ұрлық тәріздітұрмыстық қылмыстардың өзі азайып кетті».Әбдіғапар Жанбосынұлы бастаған1916 жылғыұлт-азаттық көтерілісі-тарихта алтын әріппен жазылып қалған ұлы оқиға.Осы орайда, ой қорытар болсақ,академик Манаш Қозыбаев айтпақшы: «Патша өкіметінен ат құйрығын шарт кесіп,торғайлықтар осылай жаңа болашақ қазақ мемлекетінің бір қамалына айналды.Торғайдағы дүмпу көтеріліс аясынан шығып,бүкіл қазақтық төңкеріліске ұласты.1916 жылы Қазақ елінің ұлт-азаттық революциясы болды.Ол қазақ мемлекеттігін аз уақыт қалпына келтірді.                                                                                       1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінде халық хан көтеріп,әмір атанған Әбдіғапар Жанбосынұлының қалың елді соңынан ертіп алып кетер атақ абыройынан сескеніп,әрі саяси тәуелсіз қазақ мемлекетін құруда алаш арыстарыменбір мүддеде екенін біліп,қызылдар оның көзін жоюды көптен бері ойластырып жүрген-ді.1919 жылы  24-желтоқсанда Торғай дуанынан келген Шәміл Қаратаевтың өызыл отряды Әбдіғапар ханды үйінен алдап алып шығады да  «Зәуре» қопасына апарып атып тастайды.                     Қызыл империя Әбдіғапардың өзін өлтіргенімен тарихтан өшіре алған жоқ.Қазір Астана қаласындағы бұрынғы «Қызыл жұлдыз» көшесі және де өзі туған Қараторғай аулында да бір көше Әбдіғапар Жанбосынұлының есімімен аталады.1995 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін «Ғылым» баспасынантұңғыш рет белгілі жазушы-журналист Мақсұтбек Сүлейменнің  «Әбдіғапар хан» атты монографиясы жарық көрді.Ал биылғы жылы1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына  «Тілеулі батыр.Нияз би» атты атты кітабы шықты.Әбдіғапар Жанбосынұлының ата тегі,өзінен тараған ұрпақтарының өмір жолы,шежіресі сыр шертеді.Нақты деректер бойынша жазылған.Былтыр 2015 жылы қазақ хандығының 550 жылдығына орай  «Тілеулі батыр» деген кітабы жарық көрді.Осы тақырыпта қалам тартқан  жазушы журналист 3 кітапты шығарғанМақсұтбек Сүлейменге ұрпағының алғысы шексізӘбдіғапар Жанбосынұлы бастаған 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі –халықтың қалың қолдауына ие болған,ұлттық және саяси тәуелсіздікке талпынған ұлы күрес еді. Бұл жөнінде құранкәри Файзолла ишан  Сатыбалдыұлының «Әбдіғапар хан» дастанында айтылған:

«Елім!»-деп еңіреген қайран Қапар,

Әруағы бір қозғалмай,қалай жатар.

Өтті ғой өл-өлгенше зар еңіреп,

Орысқа боласың деп,-мәңгі отар.

Шынында отар болып қалып қойдық,

Өтірік бос сөзіне әбден тойдық.

Алданып,арбауына ел бола алмай,

Қапардай асылдардың көзін жойдық.,-деген

жыр жолдарымен аятағанды жөн көрдім.Қорыта айтқанда:Ұрпағы бар да ер тұлғаның есімі ешқашан да жойылмақ емес!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *