Дүниежүзінфизикалық−географиялық аудандастыру. Дүниежүзін тарихи−мәдени аудандастыру

География пәні бойынша 10сынып оқушыларының өзіндік жұмысының жоспары

 IV тоқсан

Сабақтың нөмірі:105

Сабақтың тақырыбы:Дүниежүзінфизикалық−географиялық аудандастыру. Дүниежүзін тарихи−мәдени аудандастыру

Оқу мақсаты: 10.6.1.1дүниежүзінің түрлі белгілері бойынша физикалық−географиялық, тарихи−мәдени, геосаяси аудандарға бөлінуін түсіндіру.

Сабақ мақсаты: Дүниежүзі елдерінің түрлі белгілер бойынша бөлінуін білу.

Мәтін

  1. Дүниежүзі елдерін қандай сипаттамалар бойынша бөлуге болады?
  2. Қандай ерекшеліктері негізге алынады?

Аудандастыру−елді бір−бірінен тарихи, экономикалық, геоэкономикалық, т.б ерекшеленетін құрамдас бөліктерге (аудандар, жерлерге) бөлу.

    Физикалық географияда топырақ, жер бедері, климат, өсімдік, геология сипатталады.

Экономикалық географияда әкімшілік шегаралар, табиғи ресурстар, халық құрамы, салалық мамандану қарастырылады.

Солтүстік Еуропа Еуразия материгінің солтүстік –батыс бөлігін алып жатыр. Ол Скандинавия түбегіндегі елдерді (Норвегия, Швеция), жақын жатқан Финляндия, сонымен қатар Дания мен Исландия елдерін қамтиды. Солтүстік Еуропа елдерінің  географиялық жағдайының ерекшелігі –теңіз жағалауында орналасуы, Солтүстік Атлант жылы ағысының өтуі, қылқан жапырақты ормандарға бай болуы, өзен мен көлдердің өте көптігі. Теңіз−халықтың шаруашылық қызметіне, климатқа да  үлкен әсер етеді.

    Исландия –«от пен мұз елі». Арал –көптеген гейзер мен сөнбеген жанартаулары бар жер қыртысының жас бөлігі. Әсіресе Гекла жанартауы белсенді.

Ерте кезде климаттың салқындауы нәтижесінде Солтүстік Еуропаны мұз басты. Бұрынғы мұзданудың салдарынан Скандинав түбегінің жағалауларында биік, тік құз, ені тар әрі терең, ұзына бойына созылған терең шығанақтары−фьордтар түзілген.

Тарихи−мәдени облыстар тарихи тағдырдың, оқиғалардың ортақтығы, әлеуметтік−экономикалық дамуы мен өзара ықпалына байланысты халықтың ұқсас мәдени−тұрмыстық ерекшеліктері қалыптасатын аумақтар. Ежелгі грек ғалымдарының еңбектерінде Скифия, Месопотамия, Эфиопия, Иллирия, Фессалия және т.б аймақтар кездеседі. Ұлы географиялық ашылулардан кейін еуропалықтар әлемді Ескі дүние (Еуропа, Азия, Африка) және Жаңа дүние бөлігі (Америка)  деп екіге бөлетін болды.

 Тарихи−мәдени провинциялар

Еуразия Африка Америка Аустралия мен Мұхиттық аралдар
Батыс−Орталық Еуропа Солтүстік Африка Солтүстік  Америка Аустралия
Шығыс Еуропа Тропиктік Африка Латын Америка Мұхиттық аралдар
Кавказ      
Орта Азия−Қазақстан      
Сібір      
Орталық Азиялық      
Шығыс Азия      
Оңтүстік−Шығыс Азия      
Оңтүстік Азия      
Оңтүстік−Батыс Азия      

 

Тарихи тұрғыдан алғанда шағын аймақтар Трансильвания, Ломбардия, Вестфалия, Жетісу.

Қазіргі заманғы өркениет:

  1. Батыс өркениеті. Оның түпқазығы –Солтүстік Америка мен Еуропа.
  2. Қытай өркениеті.
  3. Мұсылман өркениеті.
  4. Үнділік өркениет.

Саяси-географиялық аудандстыру— қандайда бір елдің саяси−географиялық жағдайы, бейбітшілік сүйгіш саясат жүргізетін басқа мемлекеттерге қатысты оның  жағдайын білдіреді.

Саяси−географиялық аудандар:

  • Бейбіт саясат жүргізіп отырған елге;
  • Халықаралық жанжал аудандарына;
  • Халықаралық экономикалық, әскери−саяси одақтарға;
  • Аймақтық саяси шиеленіс аудандарына;
  • Әскери базаларға.

    Геосаясат гректің екі сөзінен құралған: geo-жер, politicos- мемлекеттің немесе үкіметтің формасы, ұйымдастырылуы және қызметі, оның азаматтарымен және өзге мемлекеттермен қарым−қатынасы. Геосаясат география, тарих, экономика, демография, этнография, дінтану, экология, әскери іс пен стратегия, идеология, әлеуметтану, саясаттану, т.б пәндерге сүйенеді.

Геосаяси аудан:

  • Мемлекет;
  • Үкіметаралық ұйымдар;
  • Халықаралық үкіметтік емес ұйымдар.

Оқулық беті, Интернет ресурс https:www.opiq.kz

Тапсырма

  1. Физикалық−географиялық аудандастыру қандай қағидаға сүйенеді?

А) жер бедері, климат

Б) тарих, экономика

С) табиғи ресурстар, халықтың құрамы

Д) геология, салалық мамандану

  1. Қазақстан физикалық –географиялық тұрғыда неше ауданға бөлінеді?

А) 5

Б) 8

С) 7

Д) 9

  1. Оңтүстік Америка материгі табиғат жағдайына байланысты Анд елдеріне және Шығыстағы жазық елдеріне ажыратылады. Атлас картаны пайдалана отырып, Анд елдері мен шығыстағы жазық елдерді анықта.

Анд елдері: _______________________________________________________

Шығыстағы жазық елдері ___________________________________________

 

4.Қазақстанның  физикалық, тектоникалық, геологиялық карталарын пайдаланып, ірі физикалық−географиялық аймақтарына қысқаша сипаттама құрастырыңдар.

Атауы Географиялық орны Жер бедері, геологиялық құрылысы Пайдалы қазбалары
Шығыс Еуропа жазығы      
Тұран жазығы      

 

Оқыту ресурстары: Атлас, отандық мектептерге арналған оқулықтар.

Дүние жүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық /  К. Каймулдина, С. Әбілмәжінова, т.б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2019. – 191бет

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *