Дос болуды үйренеміз 2

Бекітемін:

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп:198

Тақырып: «Дос болуды  үйренеміз»

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер :адалдық, сенім, қамқорлық

Сыныбы 2 «Ә»
Мерзімі 12.02
Сабақ мақсаты: “Дос” , “достық” ұғымдары туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік:

“дос”, “достық” ұғымдарының мәнін дұрыс әрекет

 құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру;.

Тәрбиелік:

айнала қоршаған ортаны құрметтей отырып,

 аадалдыққа, сенімділікке, өзара жауапкершілік

пен қамқорлық қасиеттеріне тәрбиелеу

Дамытушылық:

адалдық, сенім, өзара жауапкершілік пен

қамқорлық қасиеттерін дамыту;

Ресурстар: үнтаспа, ватман, маркер.
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Су жылғалап ағатын,

Өзен көлдің саласы.

Алыстан сәлем беретін

Әдепті елдің баласы

Тыныштық сәті.

(«Море» музыкасы баяу үнтаспадан қойылып тұрады) «Су асты патшалығына ойша саяхат» мәтіні.

Су асты патшалығына ойша саяхат

(Оқушылардың отыруын қадағалау, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюға болады, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз.)

Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз, денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы – берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл орасан зор сегізаяқ.

Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз. (мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

 

Үй тапсырмасын тексеру

1-топ

«Жаман жолдас»

                                                  Ыбырай Алтынсарин

Екі дос кісі жолдастасып келе жатып, бір аюға ұшырапты. Бұл екі кісінің біреуі әлсіз, ауру екен, екіншісі мықты, жас жігіт, аюды көрген соң бұл жігіт, ауру жолдасын тастап, өзі бір үлкен ағаштың басына шығып кетті дейді. Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрмені жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кісі болды да жатты: есітуі бар еді, аю өлген кісіге тимейді деп. Аю бұл жатқан кісінің қасына келіп иіскелеп тұрды да, дыбысы білінбеген соң тастап жөніне кетті. Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсіп, аурудан сұрапты:
— Достым, аю құлағыңа не сыбырлап кетті?
Ауру айтты дейді:
— Аю құлағыма ақыл сыбырлады, екінші рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма деді,- дейді.

Сұрақтар:

1.     Аю неліктен ауру адамға тимеді?

2.     Шындығында аю оған ақыл айттыма?

3.     Ауру адамға ақылды сөзді не айтқызып тұр?

4.     Осындай қиын жағдайларда өздерің қалай әрекет ететін едіңдер?

 

2-топ Саңырауқұлақ саясында (Ертегісі)

Жүргізуші: Көктем келді,жер көгерді,
Табиғат әсем күйге енді.
Шалғынға құмырсқа келді.
Құмырсқа: Шалғынға осы жатайыншы
Рахатқа бір батайыншы
Қыс бойы тоңазыдым,
Көктемді аңсап мен сағындым.
Бұлттар бері жылжыпты
Жаңбыр сірә төгеді.
Мына саңырауқұлақ пана болса,
Бізге тиер көмегі.
Тәрбиеші: Бір уақытта көбелек келді.
Көбелек:   Күшім кетті әлсіреп,
Қанатым су боп жабысып
Ұша алмадым,құмырсқа
Алшы мені қасыңа.
Пана берші басыма.
Құмырсқа: Кел,келші қасыма.
Көбелек: Рахмет саған құмырсқа.
Тәрбиеші:Кенет бір уақытта торғай келеді.
Торғай:    Жаңбыр қандай күшті еді
Ұша алмадым,мені көр!
Бас сауғалап келіп ем,
Жандарыңнан орын бер.
Құмырсқа мен көбелек: Кел,кел келсеңші!
Торғай: Рахмет сендерге!
Тәрбиеші: Қоян келді.
Қоян:        Түлкі қуып есім кетті,
Айналайын аңдар-ау
Маған пана болыңдар.
Жандарыңнан орын бер.
Құмырсқа,көбелек,торғай қосылып: Тұра ғой,қосыл осында.
Түлкі:-Қап бәлем,әлі-ақ қолға түсерсіңдер.
Тәрбиеші: Міне,жаңбырда басылды,
Аспан шайдай ашылды.
Аңдар саңырауқұлақтан шықты,
Бір-біріне қарасты,
Таңдана бұлай таласты.
Құмырсқа: Жалғыз өзім сиған Саңырауқұлақ сиқырма?
Көбелек: Біз бәріміз кішкентаймыз ғой.
Торғай: Көңіл сыйса,бәріміз сыйамыз.
Қоян:     Екі адам ығысса,бір адамға орын бар
Тәрбиеші: Осы кезде бақылдап бақа келеді.
Бақа:           Ей,Саңырауқұлақ өсіп кетті
Соныда білмейсіңдерме?

Аңдардың бәрі қосылып хормен.
Достарды біз қолдаймыз
Қиын шақта қорғаймыз

 

 
ІІ. Дәйексөз.

•      «Әрқашан тілектес, досыңа көмектес»

                                                             Е.Өтеутілеуұлы

 

ІІІ. Әңгімелеу

Құм мен тас .

Екі дос шөл далада  саяхаттап жүреді. Біркезде  екеуі ұрысыпқалады да, біреуі екіншісінің  жағынантартыпжібереді.  Соңғысы ауырсынса да,  ештеңе айтпайды, тек құмға былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы  досым менің жағымнан шапалақпен  тартып жіберді».

Олар әрі қарай жүріп  келе жатып, көлге кездеседі, сол жерде шомылып алмақшы

болады. Шапалақ жегені  суға секіріп кетеді де,  батып кете жаздайды. Бірақ досы оны құтқарып қалады». Ол өз-өзіне  келген кезде, тасқа былай деп жазады: «Бүгін  менің ең жақсы досым менің өмірімді  құтқарып қалды». Сол кезде оны жағынан тартып жіберген, құтқарып қалған  досы сұрайды:

-Мен сені ренжеткенде  сен құмға жаздың, ал енді тасқа  жазып жатырсың. Неге?- деп сұрайды.

Досы былай деп жауап береді:

-Бізді біреу ренжеткенде, жел оны өшіріп тастауы үшін біз оны құмға жазуымыз керек. Ал біреу жақсылық жасаса, оны өшірмейтіндей  етіп, тасқа қашап жазуымыз керек. Өкпеңді құмға, қуанышыңды тасқа қашап жазып үйрен, өйткені бұл дұрыс әрекет — мәңгілік құндылық.

5.
-Бұл оқиғадан қандай ой қорытар едің? (Оқушылардың ойларын тыңдау.)

Сұрақтар: 1.Досы неліктен ренжігенін құмға жазды?

2.Өмірін сақтап қалған кезде неліктен тасқа қашап жазды?

3.Өздерің өмірде осындай жағдайларды немесе осыған ұқсас оқиғаны кездестірдіңдер ме? Болса мысал келтіріңіз.

 

2-топ оқушылары «Саңырауқұлақ саясында» ертегісін сахналап көрсетеді.

Ойын

«Достық неден басталады,достыққа не жарасады»?

(Ойынды сигналды қима қағаздар арқылы ойнайды)

Шарты:Егер мен айтқан оймен келіссеңдер жасыл түсті көтереміз,егер келіспесеңдер сары түсті көтересіңдер.

-Достық танысудан бастала ма?

-Достыққа қамқорлық жараса ма?

-Достық төбелестен бастала ма?

-Достыққа мейірімділік жараса ма?

-Достық ренжісуден бастала ма?

-Достыққа адалдық жараса ма?

-Достыққа татулық жараса ма?

-Достық ұйымшылдықтан бастала ма?

-Достық бірліктен бастала ма?

 

 

Суреттер,доптар

ІV. Шығармашылық жұмыс.

1-топқа. Берілген сөздерді қойып, дос туралы мақал-мәтелдерді оқыңдар,өздерің де мақал-мәтел құрастырыңдар

•      Адам-адамға дос,жолдас, бауыр.

•      Досы жақсының,өзі де жақсы.

•      Көп ақшаң болғанша,көп досың болсын.

•      Дос-досқа айна.

•      Татулық-достық кепілі.

 

2-топқа. Дос қандай болу керек? Адал достық болу үшін не қажет деп ойлайсындар? Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерінен өзің үшін ең маңыздыларынан бастап орналастыр. Таңдауларыңды түсіндіріңдер

Адалдық, қалтқысыз сену, ортақ көзқараста болу, жауапкершілік, қамқорлық, сүйіспеншілік, есептесу, санасу, кешірімділік, қиянат жасамау, ақша, мақтау, қарапайымдылық, мейірімділік.,

 

V. Топпен ән айту

 

«Достар әні»

 

Рефлексия

 

VII.Үй тапсырмасы

Лариса Кобзеваның Шынайы сүйіспеншілік  атты әңгімесін  мазмұндау 74 бет .

VIII. . Соңғы тыныштық сәті

Баяу музыка қосылады.

— Көзімізді жұмып, тыныштықта  бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *