Достық пен бірлік –бұл толеранттылық

Күні: 17.01.2019

Тәрбие  сағатының мақсаты

* Окушыларды қазақ ұлтына тән имандылыққа, үлкенді сыйлауға, әдептілікке үйрету

* Оқушыларға туған өлке, оның байлығын, онда мекендейтін ұлттарды құрметтей білуге, ұлтжандылыққа,  Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының жоспары

1.Әнұран

2.Мұғалімнің сөзі

3.Толеранттылық  сөзінің мағынасын ашу

4. Мультфильм .

5. Ситуациялық тапсырмалар

6.Достық туралы өлеңдер

7.Ұлы адамдардың Толеранттылыққа байланысты ойлары

8.Қорытынды

 

Тәрбие  сағатының  барысы

1.Ән ұран орындалады

 

2. Толеранттылық латын тілінен алынған, қазақша мағынасы – шыдамдылық, өзге көзқарастарға, мінез-құлықтарға,  әдеттерге төзімділік таныту деген  мағынада қолданылады.

Барша адамзаттың ұлтына, нәсіліне, ұстанатын дініне  қарамастан, төзімділік  танытып, түсіністікпен қарап,  оларды  өзіндей  қабылдау  қасиетін бір сөзбен  толеранттылық  дейміз.

Толеранттылық -халықаралық қолданыстағы термин. 1995 жылы 16 қарашада ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы «Толеранттылық қағидаттары» туралы декларация қабылдады.
Толеранттылық мәні қазақ тілінде тіпті терең: төзімділік, шыдамдылық, байсалдылық, кісілік, ізгілік, кемелін таңдау, келісімін табу деген мағына береді. Адамдар арасындағы өзара сыйластықты, мейірбандықты білдіреді.
Қазақстандағы толеранттылық –ата-бабамыздан, дәстүрімізден келе жатқан құбылыс деп те айтуымызға болады. Имандылық пен татулықты, бірлік пен бейбітшілікті ту еткен кешегі бабаларымыз ұрпағын ұйымшылдыққа, қайырымдылыққа үндеп отырды.

 

3. Толеранттылық  сөзінің мағынасын ашу.

 

Толеранттылық – бұл  төзімділік.

Толеранттылық – бұл ықыластық.

Толеранттылық – бұл даналық.

Толеранттылық – бұл адамгершілік.

Толеранттылық – бұл аяушылық.

Толеранттылық – бұл  қайырымдылық

Толеранттылық – бұл әділеттілік

Толеранттылық – бұл кең пейілділік

Толеранттылық – бұл өзара түсіністік

Толеранттылық – бұл тілектестік.

 

4. Мультфильм .

5. Ситуациялық тапсырмалар.

1 – жағдаят: Айман төртінші сынып оқушысы. Ол ән салып, би билегенді ұнатады. Уақытының көбін осыған арнағысы келеді. Осыны ойлағанда үй тапсырмасын да тыңғылықты орындағысы келмей қалады. Үй шаруасына көмектесуге де ынталанбайды. Ән салып, би билеуге де бар күшін сала қойған жоқ.



  • Айманның бойында қандай қасиеттер жетіспейді деп ойлайсыздар? Достары ретінде сіздер қандай кеңес бересіздер?




2 – жағдаят: Айдос, Берік және Самат сыныптас достар. Екеуі бала кезден дос. Айдос сабақтан келген соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Берік пен Самат та ойнап жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Самат: -Мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені апайға ауырып қалды дей салыңдаршы, -деп өтінішін айтты…



  • Егер олар Саматтың адал достары болса, қандай жауап берер еді деп ойлайсыздар?




3 — жағдаят: Мұғалім оқушыларға «Табиғат» тақырыбына жоба дайындауға тапсырма берді. Нұржан: — Болат кітапханаға барып жобамызға әзірленейік. – Жоқ, табиғат туралы мәліметтерді жинақтай салуды ағама тапсырғанмын, — деді Болат. – Ағаң бізге қажет нәрсені білмейді ғой, — деді Нұржан. – Ештеңе етпес, жобамызды тапсырсақ болды емес пе? Нұржанның әрекеті…



  • Сіздердің ойларыңызщы қалай еткенде, дұрыс әрекет болады?



 

6.Достық туралы  өлеңдер:

Рауан

Достықтың болған емес шекарасы,

Елімнің мен де туған бел баласы.

Отанға миллиардты берді тағы

Қазақтың қасиетті кең даласы.

Құндыз

Ынтымақ –достық береке –

Бағымыз біздің жайнаған.

Ынтымақ-бақыт, мереке

Шаттыққа толы  айналам.

Мирас

Ынтымақ тасқынымен тастым да мен,

Кең жайдым құшағымды достыма мен.

Біргеміз өмір-бақи, отандастар,

Жалғасар өміріміз достықпенен

 

7. Қазақстан дамуының 3-кілті  бар – деген  Н.Ә.Назарбаев

Біріншісі — 135 этносты біріктіруші – бүкіл  қазақстандықтардың  ынтымақтастығы.

Екіншіші -Толеранттылық болса.

Үшіншісі— тарихи тағдырлардың қауымдастығы деп атап көрсетті.

 

8.Қортынды
Адамдар әрқашан көмек беруге әзір тұру керек. Дұрыс, ізгі ой – ниеттен туындаған барлық іс дұрыс болып, басқаларға және өзіңе қуаныш әкеледі. Жасаған ісіңді, көмегіңді ақысыз, қайтарымсыз жасау дұрыс әрекет болады. Көмекті оймен, сөзбен, іспен жасауға болады. Өзгелерге жақсылық жасау арқылы біз ең алдымен өзімізге көмектескеніміз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *