ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ПАЙДАЛАНУ

ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ПАЙДАЛАНУ

                                              М.Қожатаева,

                               «Колосок» ясли – бақшасының

                                            қазақ тілі мұғалімі

                                         Айыртау ауданы СҚО

 

 

 

В этой статье мы раскроем возможности изучения казахского языка детьми дошкольного возраста используя дидактические игры.

 

The report reveals the abilities of preschool children in the sphere covers the main purposes and tasks of teaching the Kazakh language in game form with the stress on speech activity.

 

        Балалар әрбір кезеңнің, дәуірдің жемісі. Олардың іс-әрекетіндегі көріністер өз заманының дәстүрі. Еліміз, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арман тілегі-тәуелсіздігін алып, қоғамның демократиялық жолымен дамуы білім тәрбие мазмұнын заман талабына сай жаңартуға мүмкіндік туғызды. Заман талабы: ел болашағы — жас ұрпақты мектепке дейінгі ұйымнан бастап Отанын, туған жерін, елін сүйетін, тілді ардақтайтын, салт-дәстүрлерді қастерлейтін, бойында ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, қоғам мүддесіне сай жан-жақты жетілген, парасатты азаматты тәрбиелеу. 

        Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында былай деген: «2015 жылға қарай білім беру ұйымдарының 50 пайызы электронды оқытуды пайдаланып, 2020 жылға қарай оның саны 90 пайызға дейін артады». Сонымен қатар «Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыруының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс» деген. Жаңа қоғамға жаңа ұрпақ тәрбиелеу мақсатында балаларға білім беру жүйелі дұрыс жолға қойылған. Болашақ ұрпақты қоғам мүддесіне үйлесімді түрде қайта оқыту және тәрбиелеу міндеттері жүзеге асырылуда. Осыған сәйкес бүгінгі күн талабы — баланың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, тілін дамыту, заман талабына сай оны жүйрік етіп тәрбиелеу. Шындығында сапалы білім, саналы тәрбиемен шынайы ұштасқанда ғана ұлт тілегі орындалып, қоғам өзінің рухани дамуында асыл қасиеттерге қол жеткізбек. Кез келген халықтың ұлттық қазынасы тіл болып табылады. Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез — құлқы белгілері көрініс табады. Ал тілді, тіл мәдениетін игеру баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс. Сол үрдістің бірі мектеп жасына дейінгі кезеңнен басталып, өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі – ойын. Ойын балалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі. Әсіресе, дидактикалық ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттыруға басты құрал. Дидактикалық ойынның баланың тілін, ой-өрісін дамытуда алар орны зор. Ойын – баланың психикасында саналы өзгерістер тудырады: бала зейінінің, жадының қалыптасуына ойлау-қиялдау қабілетінің дамуына әсер етеді. Дидактикалық ойын арқылы ойлау, тілін жаттықтыру операцияларын меңгерген бала, өте зерек бола бастайды, анық және мәдениетті сөйлеуді, ойлауды үйренеді. Бала дер кезінде ойын жинақтап, шешім қабылдап және басқаларды өзінің дұрыстығына сендіре алады. Дидактикалық ойынның негізгі міндеті – баланың білімін байыту, мәдениетті сөйлеу, ойлау қабілетін дамыту болып табылады. Дидактикалық ойын арқылы бала – ойыншықтар мен заттарды түсіне, көлеміне және пішініне, түсі және көлемі бойынша кезектестіріп, белгілі бір жүйелі мұнара және пирамида құрастырып шыға алады. Балаларды ойната отырып, қазақ тілін оқытуға белсене кірісіп, ой-өрісін дамытатын дидактикалық ойындарды көбейткеніміз дұрыс. Оқыту мен тәрбиелеуге бағытталған ойындардың барлығы да баланы қоршаған ортаға қызмет ететін, оған таныс, бала санасын оятатын, дидактикалық ойын жандандыратын дидактикалық құралдардың болуымен ерекшеленеді. Әдемі, айшықты көркем безендірілген дидактикалық көрнекі құралдар балалардың ойынға деген қызығушылығын арттырады. Сондықтан қазақ тілі сабағында дидактикалық ойын  қолдану,тілді меңгеруге зор үлесін тигізеді. Ойындарды қолдана отырып, заман талабына сай ұйымдастырылған оқу қызметтері жаңаша ұйымдастырылып, шығармашылықпен іздену үшін,  мемлекеттік тілді меңгеру үшін барлық біздің  «Колосок» ясли — бақшасында біршама жағдайлар жасалынған. Қазақ тілі кабинеті қажетті жабдықтармен, көрнекі құралдармен безендірілген. Кабинетте ұлттық дәстүрімізге сай жабдықтар (киіз үй, сандық, ұлттық ою-өрнектермен әшекейленген ұлттық бұйымдар т.б) бар. Театрландыру қызметінің түрлерін балалардың шығармашылығына арналған бейнелі жабдықтар, кітаптар, насихаттық  материалдар, ұлттық ойын үлгілері әзірленген. Балаларға қазақ тілін оқыту барысында бейнетаспа, үнтаспа, дискілер, релаксация қолданылады. Ұйымдастырылған оқу қызметі топпен және жеке дара жүргізіледі. Тіл үйретуде ойынды көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер, ойыншықтар, музыка және т.б. материалдар сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады, ауызша сөйлеу түрлері кеңейеді. Әрбір сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлеу үлгілерін тақырыпқа сәйкес және жас ерекшеліктеріне сай қолданған тиімді. Ойын барысында қолданылатын дидактикалық материалдар балаларға түсінікті болса, ойын жақсы нәтиже береді. Дидактикалық ойынды пайдалану жиілігін анықтап және шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни ұйымдастырылған оқу қызметінің кез — келген сәтінде оқыту әдісінің құрамды бөлігіне айналдыруға болады. Бірақ ойын процесі мен оқу процесін бір-біріне етене ұқсастырып ұйымдастырған жөн. Бала ойын іс-әрекеті үстінде қандай да білімді игеріп жатқанын, ал оқу процесінің өзінде қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және оқу іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды.

Осы шарт орындалған жағдайда дидактикалық ойын шын мәнінде балалардың ойын жетілдіре оқыту әдісі өз деңгейіне көтеріледі. Дидактикалық ойынның тиімділігі қазақ тілі сабағында тақырыпты меңгертуде маңызды рөл атқарады.Оның арғы тегі ойынды өлең, қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсені үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр. Мысалы: «Сиқырлы қапшықтың сырын ашайық» деген ойында ересек топтарда педагог балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті – қапшықтың іщінде не бар екенін білу,оның ішіндегі заттың атын қазақша атау, оның түрін, түсін, көлемін анықтау.Оқу қызметінде баланы қазақ тілін үйретуде ойын түрлерін жүргізу арқылы, ойын шарттарын айта отырып баланың қазақ тіліне, ойынға деген қызығушылығын арттыру. Мысалы: «Бұзық телефон», «Мен кіммін», «Мақалды жалғастыру» және «Өз орныңды тап» деген секілді ойын түрлерін қолдануға болады. Міне осылай дидактикалық ойын балалардың дүние танымын кеңейтуге, білімге деген қызығушылығын арттыруға өз септігін тигізеді. «Қажетті суретті тап», «Пішіні ұқсас заттарды тап», «Нені қайдан алуға болады?», «Сен нені ұнатасың?», «Телефон», «Мен не дедім?», «Кім көп сөз ойлады?», «Жасырылған затты тап», «Кімге не керек?», «Қажетті сөзді ойлан». «Сен нені ұнатасың?», «Көкөністер пе, жеміс пе?» дидактикалық ойын түрлері жүргізіліп, суреттер арқылы сөздік қорлары арта түседі. Ойын барысында ойын шартарына байланысты тақпақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, санамақтар да айтылатын кезеңдері кездеседі. Қазақ тілі сабағында ойынды қолдану әдісі өзге ұлт балаларына тілді меңгеру жақсы нәтиже береді. Атап айтқанда  қарапайым сұрақтарды түсінеді, жауап бере алады, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс атайды. Заттың үлкен –кішілігін, ұзын – қысқасын және т.б. қасиетін атай алатын дәрежеге жетеді. Дидактикалық ойындар балаларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденпаздылығын арттырады.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Зұлқарнаева А.Т. Тәрбие және білім «Республикалық педагогикалық журнал» №1 

(қаңтар-наурыз) 2015, 6б.

2. Жансая Перизат, Қазақ тілі Оқимыз Жаттығамыз «Біліми-танымдық журнал» №2 (34)2015, 18б.

3. Баймуханова Г. Бала мен балабақша, №6, 2013, 2б.

4. Метшенова А.Д. «Отбасы және балабақша», №5 (қыркүйек-қазан) 2014, 17б.

 

5. Балтабекова А.Ж. «Отбасы және балабақша», №6 (қараша-желтоқсан) 2014, 14-15б. 6. Жүсіпалиева М. «Бала мен балабақша», «Республикалық педагогикалық журнал» №6, 2015,2-3б.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *