Дене шынықтыру

Бұқарбаева Нұргүл Қазенқызы

Мақсаты:Балалардың дене шынықтыруға деген ынтасын қалыптастыру. Жүгіру, секіру түрлерін түсіндіру.

Көрнекіліктері: Доптар,кегли,скакалька

Сергіту сәті:

Кел балалар, күлейік

Күлкіменен түлейік

Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жүрейік .

Балалар енді бүгінгі сабағымызды бастаймыз.Бүгінгі сабағымызды эстафета түрінде өткіземіз. Ол үшін сапқа тұрып 1-ші, 2-шіге саналамыз. Енді 1-ші деп саналғандар 2 қадам алға шығамыз. Енді бөлінсек балалар  денемізді қыздырып алайық.Қане маған кім көмектеседі  жаттығу жасауға.

-Ортаға оқушы шығып балаларға жаттығу жасатады.

-Жарайсың орныңа тұра ғой.

Енді осы 2 саппен тұрып екі командаға бөлініп  тұрамыз.

1-ші команда «Тұлпар»

2-ші команда «Қыран»

Енді 1-ші турымыз балалар қолымызды жоғары көтеремізде 1-ші адамнан соңғы адамға жеткізу.

2-ші турымыз кедергілердің арасымен жылдам жүгіру.

3-ші турымыз доптың үстіне отырып секіріп кедергіден айналып өту.

4-ші турымыз доппен кеглейді құлату.

5-ші турымыз шелекке допты салу.

-Жарайсыңдар балалар ойынымызды жақсы аяқтадық. Жеңіске жеткен команда «Қыран» тобы.

-Балалар ойынымыз ұнадыма?

-Ия

-Ендеше балалар аяғымыз шаршаса мына жатқан кірпі, аю массаждың үстінен өтейік, және терең демалып орнымызға тұрайық.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *