Дарынды бала — ол кім?

Увалиева Майрагуль Калкеновна

«Қазақстан ұлы держава болуы үшін бізге күш-қуаты, қажыр
қайраты  мол, ақылды да ойлы дарынды жастар керек »

Н.Ә. Назарбаев

Дарынды бала — ол кім?

Еліміздің  дамуындағы стратегиялық  міндеттерді шешуде білім беру саласына тың жаңалықтар, ұтымды шешімдер енгізу қажеттілігі –заман талабы болып тұр. Себебі 21 ғасыр ғылым мен техника ғасыры екендігі баршамызға мәлім. Осындай ауқымды мәселені шешудің негізгі тетіктерінің бірі – балалардың дарындылығын дамыту. Қазақстан әлем аренасына шығып, халықаралық деңгейде экономикалық және мәдени байланыстарды дамыту үшін дамыған мемлекеттермен терезесі тең болып қарым-қатынас жасауы үшін интеллектуалды элитаны қалыптастыру ісін қолға алуда.

Дарындылық-адам қоғамында және бір құндылық ретінде қаралатындықтан дарынды балалармен жұмыс істеу адам ресурсын барынша жақсы пайдалану болып табылатыны сөзсіз. Бұл бағытта мемлекет  тарапынан жас талаптыларды  қолдау бағдарламасы және президенттің «Дарынды балаларға арналған мектептерді қолдау мен дамыту» қаулысы. «Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталығы жасаған консепция қызмет етуде. Осыншалық маңызды істе жалпы білім беру мекемелерінің алар орны орасан зор, себебі онда барша бала білім алады да оның ішінде дарынды балаларда отырады. Оны байқамау, оның патенциялын дамытуға мүмкіндік бермеу қылмыспен тең әрекет. Ал соншама баланың ішінде табиғи дарынын қалай байқауға, дамытуға болады.

Бұл сұраққа жауап беру үшін негізгі екі аспектіні назарда ұстау қажет: Дарынды баланы анықтау және онымен жұмыс істеуді ұйымдастыру. Дарынды балалардың бір-бірінен айырмашылығы болғанымен, кейбір ортақ ерекшеліктеріде бар. Дегенмен ғылымда бала дарындылығын анықтайтын кей бір әдістер бар.

Олар:

— Аналитикалық(Жаппай әдіс)

— Түрлі тесттер

— Анкеталар

— Ата-ананың әңгімесі

— Мұғалімнің мінездемесі

— Диагностикалық әдіс.

Дарынды балалармен жұмыс істеу мазмұны

— Мектептегі айрықша қабілетті, дарынды оқушыларды анықтау , қолдау.

— Дарынды балалармен тұрақты, жүйелі жұмыс жасап, олардың табиғи қабілетін ашу, дамыту.

— Дарынды балалардың күнделікті сабақта алған білімі мен іскерлігін үнемі назарда ұстау.

— Дарынды баланың пәнге қызығушылығы қаншалықты деңгейде екендігін анықтап, пән олимпиадаларына қатыстыру.

— Оқушының білім-біліктілігін анықтай отырып, деңгейлік тапсырмалар беру.

—   Шығармашылық ізденісін шыңдау бағытында қандай қосымша әдебиеттер пайдалану қажеттігіне кеңес беріп отыру.

Дарынды балаларды анықтау жолдары

  1. Дискуссия туындайтын жағдай жасау
  2. Сабақ үстінде экстрималдық жағдайлар (ситуациялар) туғызу
  3. Ойындар ұйымдастыру (КВН, сайыс, дебат, т.б)
  4. Топтық жұмыс ұйымдастыру
  5. Творчествалық потенциалын зерттейтін тәсілдер жүргізу
  6. Әр оқушыға өсу деңгейін көрсететін мониторингтер жасау
  7. Деңгейлеп оқыту
  8. Жеке тапсырмалар беру

Дарынды балалармен жұмыс істеуде нені ескеру керек?

Балаларның пәнге қызығушылығын, білуге құштарлығын нақты  анықтау. Балаға тапсырманы деңгейлеп беріп, зейінін тұрақтандыру қажет. Баланың мінезін – құлқын ерекшелігін білу.(Нені ұнатады, нені ұнатпайды,қай кезде білімді жақсы меңгереді, қай кезде шаршайды? т.б) Баланың бір қалыпты, жүйелі жұмыс жасауына көңіл бөлу. Берілген тапсырманы бірлесе талдау. Бала қызығушылығына қолдау көрсету, орынды кеңес бере білудің маңызы зор.

         Дарындылықты анықтау міндеттері:

  1. Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту оны қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан дайындау.
  2. Балалардың кәсіби және жеке даралық қабілетін анықтай алуына психологиялық педагогикалық көмек көрсету.

Негізгі принциптері: Баламен жеке сыйластық және сенімді қарым-қатынас орнату. Болжап отырған нәтиже: Оқу бағдарламасына сай білімді терең меңгерген, жеке шығармашылық қабілеті дамыған, ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға, өзін өзгелермен салыстыра алатын іс – әрекетге талдау жасай алатын жоспарлау мүмкіндігін қалыптасқан тұлға.

Дарындылық  анықтамасы:

  1. Іс-әрекеттің сәтті орындалуын қамтамасыз ететін қабілеттік істің өзара сәйкестік сапалығын айтады.
  2. Іс – әрекеттің жағдайдағы ерекшелігін, кеңінен қамтылған адам мүмкіндігі.
  3. Ақылдың потенциалы немесе интелек. Оқуға, білімге жалпы танымдық мүмкіндіктер және қабілеті.
  4. Баланың табиғаты арқылы дамыған қабілет туралы.
  5. Таланттылық және адамгершілігінің жоғары жетістіктерге жеткізетін іс -шаралар.

Дарынды баланың сипаттамасы:

  1. Интелектуалдық сферасы.
  2. Білімділік өрісі
  3. Ойлау қабілеті ерекшесі тұрақты, қызығуы мол, кейде бір іспен айналысса тоқтай алмайды, өз ойын ерте жеткізеді.

Дарындылық  үш параметрмен анықталады:

  1. Танымдылық жеке дамуы.
  2. Психологиялық дамуы.
  3. Физикалық дамуы.

Дарынды оқушыларды таңдау барлығы назар аударатын ерекшеліктер.

  1. Дарынды бала өзгеше және шапшаң ойлайды.
  2. Дарынды оқушылардың ішкі сезімі жағынан өзгешелігі өте сезімтал, ықлас қойған нәрсесін, тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп ұсынады.
  3. Дарынды оқушылардың физикалық тұлғадан ерекшелігі дамудағы шапшаңдылық ақындарша сөйлеуі жиі-жиі берілуі қиял-күйінің басым түсуі.
  4. Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі адамгершілік сезімдерінің ерте дамып жоғары моральдық қасиеттерге ие болуы.

 

Дарындылықты анықтағанда  төмендегі факторларды ескеру керек.

  1. Жас ерекшелігі.
  2. Тұлғалық ерекшелігі.
  3. Экспериментатордың тұлғалық ерекшелігін.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *