«Бәріміз бірдейміз, бәріміз әртүрліміз» психологиялық сабақ (6-7сынып)

Абикенова Алуа Иманмадиевна

Мақсаты: оқушыларға өз мінез ерекшеліктер тануға көмектесу, өз ара түсіністікке үйрету, өз-өзін тануға көмектесу.

Барысы:

І. Ұйымдастыру

«Шаттық шеңбері» тренинг мақсатымен таныстыру, тренинг бойынша бір-біріне тілек айту.

ІІ. «Қар қиыршығы» жаттығуы

Оқушыларға түрлі түсті А4 беріледі, тренердің нұсқауы бойынша тапсырма орындалады.

Қорытынды: неге тапсырма бірдей болғанымен, жұмыс нәтижесі әр түрлі болды? Сіздер бір-біріне ұқсайсындар ма? Сендерде қандай айырмашылықтар, ерекшеліктер бар?

ІІІ. «Реніш қапшығы» жаттығуы.

Оқушыларға көздерін жұмып, өздерінде болған жағымсыз жағдайларды, реніштерін еске алу ұсынылады, сол реніштерін «Реніш қапшығын» безендіріп жазу ұсынылады.

Қорытынды: біз әртүрліміз, басқалар түсінгенді кейде түсінбей ренжіп қаламыз, немесе біреудің әзілі ұнамай қалады т.с.б. жағдайлар. Жағдаяттарды талдау, тапсырманы орындағандағы көңілдерімен пікіралмасу. «Реніш қапшықтарын» қорапшаға әдемі безендірілген жағымен салып, жауып қою.

ІҮ. «Біз сені қолдаймыз және қорғаймыз» жаттығуы.

Адамдар әр түрлі болғанымен, бір-біріне ұқсайды. Оқушылар өз ойларымен бөліседі. Кейде біз басқалардың көмегін қажет етеміз. Қазіргі біздің жаттығуымыз вербальді емес түрде басқаларынан көмек сұрау және көмек сұраған оқушыны қорғау.

Қорытынды: қандай әрекет сіз үшін онай болды: қорғау ма, әлде көмек сұрау ма?

Ү. Рефлексия.

Кері байланыс.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *