Білім беру саласы:      Шығармашылық Бөлімі:          Мүсіндеу Тақырыбы:  «Саңырауқұлақтар»

Білім беру саласы:      Шығармашылық

Бөлімі:          Мүсіндеу

Тақырыбы:  «Саңырауқұлақтар»

Мақсаты:            Ермек сазды алақан арасына сала отырып саңырау құлақ мүсінін жасап үйрету.Балалардың мүсіндеуге деген қызығушылығын арттыру.

Әдіс-тәсілдер:        Көрнекілік,сұрақ-жауап,әңгімелесу,түсіндіру.     

Көрнекілік:        Себет,муляж,ойыншық «қоян»,ермексаз,тақтайша,су,сүрткіш.

      Әрекет кезеңдері            Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың  іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Балаларды  шеңберге тұрғызып,бір-біріне жылы лебіз айтқызады. Тәрбиеші бүгін өздерінің  сүйікті көжектерінің туған күні екендігін хабарлайды. Көжектердің анасй саңырауқұлақ қосылған бәліш пісіруді ойлапты. Сондықтан көжектер орманнан саңырауқұлақ теріп әкеліп беруді  ұйғарған.    

Д/о: «Кім тез жинайды?» 

Шарты: тәрбиеші жерге саңырауқұлақтардың муляждарын шашады. «Жаңбыр,жаңбыр жау,жау!» деп тәрбиеші айтады,осы кезде балалар айналып шеңбер бойымен  жүреді. Қашан тәрбиеші тоқтап қалады,балалар дереу саңырауқұлақтарды жинайды.

Балалар шеңбер бойымен тұрып,бір-бірімен амандасады,жақсы тілектер айтады.                                                                                                           

 

 

                                                    Ойынды өте жақсы ойнайды,қызығушылықтары артады.

Ұйымдастырушылық ізденушілік Тәрбиеші балаларға себетті көрсетіп,үстел үстіне қояды,саңырауқұлақтарды мүсіндеу жолдарын түсіндіреді.   Жұмыс барысы:                           Ақ түсті ермексаздан  саңырауқұлақтың төменгі бөлігін  шұжық тәріздес қылып есіп жасаймыз. Қоңыр түсті ермексаздан  саңырауқұлақтың жоғары бөлігін қалпақ тәріздес  етіп жіңішкелеп есіп жасаймыз. Жасалған екі бөлікті  қосамыз.Тәрбиеші өзі түсіндіргеннен кейін,балаларға жұмыстарын бастауға рұқсат беріп,жасау барысын қадағалап  басшылыққа  алады. Тәрбиешінің түсіндіргендерін мұқият тыңдайды,қандай саңырауқұлақтарды білетіні туралы әңгімелейді. Жұмыс барысында су мен сүлгіні пайдаланып,ұқыптылық танытады.
Рефлексиялық түзетушілік Жұмысты аяқтаған соң тәрбиеші көжектердің анасымен телефон арқылы сөйлесіп,оның бәліш дайындау үшін саңырауқұлақтар әзір екенін хабарлайды және балалар  туған күнге баратынын айтады. «Туған күнде» желілі-рөлді ойыны  ойналады. Балалар тәрбиешінің телефонмен сөйлескеніне сеніп,расында туған күн бола ма деп қуанды.Әр бала өзінің жасаған жұмысына мақтанады.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білі керек :    ермексаздан тиісті пішінді бере білуді.

Нені білді:   бөліктерін бір-бірімен біріктіріп,оңай заттарды мүсіндеуді

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *