Білімді ұрпақ тәрбиелеу басты мақсатым

Азбергенова Аягөз Мұхтарқызы

Іргемізді бекемдеп, байрақ даланы мекендеп, қазақтың болашағы үшін аянбай еңбек ету-біздің басты міндетіміз.

Бір Аллаға сыйынып,

Кел, балалар , оқылық,

Оқығанды көңілге ,

Ықыласпен тоқылық- деп,ақын-Ыбырай өз білгенін өзгеге үйретуден жалықпады.Сонау қиын қыстау заманда қазақтың қара баласы білімсіз,надан болмасын, орыстың боданында жүрмесін –деп, алғашқы қазақ  мектебін ашты.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол-деп, ұлы Абай күш білекте емес,білімде екенін айтып, оқуға шақырды. Мен ХХІ ғасырдың ұстазымын.Әрине, ғасыр мұғаліміне сай жаңашыл, өзгеріске бейім ұстаз болу-ол өз ісінің майталманы,осы мақсатқа бар рухани күш –жігерін жұмсағанда ғана жақсы ұстаз бола аласыз. «Білген адам білімді өмір бойы іздейді»-деп ғұлама ойшылдар бекер айтпаған.Біз үнемі ізденіс үстінде,жан-жақты білім жетілдіру барысында, келешек қоғам тәрбиесін қолға алу- ұлы мұратымыз деп білеміз.

Хакім Абай: «Адам баласы ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттермен озады»-деп тегін айтпаған болса керек.Ұстаз туған жерінің қадір-қасиетін, ел-жұртының әдет-ғұрпын, ата-бабамыздың салт-дәстүрін, әулетінің  шежіресін,қазақтың тарихын сонымен бірге қоғамның даму барысы мен өзгерістерін,бізді қоршаған табиғаттағы сан алуан сұлулықты, айналасындағы жандардың көкірек –көмбелеріне ой көзімен қарап, жүрекпен сезетін, қырлы –қырлы мінез-құлықтарды айтқызбай-ақ дөп басатын, шешімін таппаған даулар мен кемел пікірлерді шешен тілімен шешіп беретін көп ішіндегі жалғыз жан.Осындай қасиеттер  бойыңыздан табылғанда, сіз өзіңізді нағыз ұстаз санайсыз.

Осы тұрғыдан ұстаз ретінде кәсіби біліктілігімді, шығармашылық қабілетімді шыңдауда үздіксіз ізденіп, білімімді жетілдіріп отыру менің басты қағидам деп санадым. Кез-келген тұлға өмірден өз орнын табуда алға мақсат қоямыз. Сол мақсатқа жетудегі сан алуан кедергілерді өз бойымыздағы адал қасиеттермен жеңе отырып, қанатымызды көкке самғай береміз.

Мен өз мамандығымды қалап Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттің қазақ тілі мен әдебиеті  факультетіне оқуға түстім. Оқуымды ойдағыдай аяқтап, 2002 жылы №129 Ә.Жәмішев атындағы мектеп-лицейдің  мұғалімі атандым.Бұл мамандық кез-келгеннің уысына түсе бермейтін, ғалым мен шахтёрдің  басын идірген, ұзтаздың сан –алуан қасиеті еді. Міне содан бері оқушыларым ҰБТ-де жақсы нәтиже көрсетіп, аудандық, облыстық, республикалық сайыстардың, «Абай», «Оралхан Бөкей» оқуларының,ғылыми жоба сайыстарының жеңімпаздары.Жұмыс нәтижелерімнің барысында 2016 жылы «Мәртебелі маман» медальімен марапатталдым.2011 жылдан бері осы мектептің директордың орынбасары қызметтерін атқарып келемін. Қай жерде болмасын ұжым басшысының  білімді, ең сенімді, табанды, ұжымды қай ортадан болса да, биікке қоятын басшыны қалайды. Қазіргі күнде мектебіміздің басшысы Назаров Жанболат өз ісінің шебері. Мектебіміздің білікті де білімді ұстаздарының арқасында аудан арасында екі мәрте «Үздік мектеп» атансақ, облыс арасында Жыл таңдауы-2018 «Ынтымағы жарасқан ұжым» номинациясымен марапатталып, бүгінде «Мектеп-лицей» статусын иелендік. Әрине бұл ұжымның ынтымағының жарасқаны.

Аталар сөзімен өсіп- өнген, бабалар бұлағынан нәр алған, даналар өсиетінен тәрбие алған, ұлылар ұлағатына тағзым еткен қазақтың ұрпағы, ұлыс пен ұлттың ертеңгі болашағы.Тәрбие деген тәңірдің де бары рас. «Не ексең соны орасың»-десе, «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың хас жауы»-деп те айтамыз.Жақсылыққа ұмтылғыш, тазалықты сүйетін бала бойындағы тұнып жатқан талантты аша отырып, келешегі кемел, тәуелсіз елдің тұғырлы ұл-қыздарын тәрбиелеу басты борышымыз.Оқушыларға білім беру ісінде адамгершілік-эстетикалық тәрбиемен ұштастыра беру керек.Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Н.Назарбаев «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс.Жастары жалын жүректі,өршіл намысты, биік рухты болса-ол елдің еңсесі де биік болады.Өршіл, намысшыл,жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады»-деген сөздерін әркез жадымда ұстап, еліме адал қызмет етудемін дегім келеді

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *