Білімгерлердің жаңашыл бағыттағы іскерлігін арттыру

Маемырова Мейрамкуль

Қазіргі таңда ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясымен оқыту үрдісі түбегейлі өзгеріске енуде және оқытудың жаңа түрі, білім берудің мазмұны жаңартып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Сондықтан білім саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған басты міндеттің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және оқытудың жаңа технологиясын меңгеру болып табылады.

Оқытудың технологиясы дегеніміз – оқыту үрдісі кезіндегі білім беруші мен білім алушы арасындағы нақты іс-шаралар мен техникалық әрекеттердің жиынтық жүйесі немесе «іс жүзінде іске асырылатын нақты педагогикалық жүйелердің жобасы». Оқыту үрдісіне қазіргі заманғы ақпараттық технологияны пайдалана отырып дәстүрлі оқытудың, басқа оқытудың жаңаша түрін пайдаланып аз уақыт жұмсап, білімгерлерге  мол білім беру үрдісі болып табылады. Жаңа технология әдістері әрбір білімгердің өз бетімен оқып үйренуіне сенімін ұялатып,шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қортынды жасай алуына, яғни білім сапасын арттыруға болады. Инновациялық технологияларды сабақта тиімді қолдану білімгерлердің білім сапасын арттырып қана қоймайды,оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруға әсерін тигізеді. Жаңа әдіс – тәсілдерді мән-мағыналарына,ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білген жөн. Қазақ қолөнерінің тамаша туындыларын жасаудың қарапайым технологиясын осы күнде тұрмысқа қайта ендіріп, білімгерлердің ұлттық қолөнеріне қызығушылығын арттырып, шеберлігін дамытуды біз алғашқы колледжге келгеннен  бастап, материалтану, композиция, өндірістік оқыту, ұлттық ою-өрнек, халық кәсіпшілігі сабақтарында бір-бірімен байланыстыра отырып одан әрі дамытып келеміз.

«Өнер-ойынның емес, еңбектің жемісі.» деп дана халқымыз айтқандай қайта жаңғыртып жастар тәрбиесіне арқау болған ұлттық қолөнер бұл күнде қоғамымыздың ортақ әлеуметтік қозғалысы болып отыр. Кешегі ата-баба мұралары қазіргі кезде қолға алынып, халықпен қайта қауышып жүректерден орын алуда.

Ұлттық қолөнерді үйрету қазіргі уақытта жалпы білім беру саласында қолға алынып жатқан және іске асырылып жүрген басты мәселелердің бірі екені бәрімізге аян. Халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, қолөнерін, тарихын біліп, оны қастерлеп бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.Ұлттық қолөнердің дамуына атсалысып жүрген әр азаматтың міндеті, сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға мұра болып жеткен халық өнерін одан әрі дамыту, жаңа үлгіде жасату арқылы білімгерлердің бойында ұлттық  өнерге деген сүйіспеншілік, қызығушылық сезімдерін ояту. Шығармашылық туынды  арқылы өткен дәуірдің алыстаған кезеңдерін суреттеуге,  ұлттық салт-дәстүрді жаңғыртуға болады.Қазіргі жас шеберлеріміз өздері жасаған қолөнер  туындыларына  жаңа түр,жаңа ұнасым, сипат беріп, олардың идеялық мазмұндарын байыта түсуде.Олар киіз басу да, кестеде болсын ,кілем тоқу мен алаша құру да болсын немесе ағаш,мүйіз,сүйек,тас сияқты заттарды әшекейлеуде болсын суретшілік өнеріне жақын сюжетті өрнектермен  түрлі заттардың кейбір күрделі оқиғалар бейнесін бере алатын дәрежеге жетуде. Оюларды,бедер, сызық суреттерді, әр түрлі диаграммаларды, плакаттарды халықтық сипаттағы өрнекті әшекей ұнасымдылығымен жасай бастады. Мұның өзі шеберлердің басым көпшілігінің жан-жақты сауатты, білімді, өнердің түрлі салаларымен таныс адамдар екенін көрсетеді.

Қазіргі  жастар ерекше дәуірдің саналы ұрпағы. Біріншіден, қазір ғылым мен техниканың жақсы дамыған және оның өндірістік күшке айналған дәуірі. Күнделікті өмірде ғылыми жаңалықтарын пайдаланбайтын, техниканы қолданбайтын мамандар жоқ деуге болады. Сондықтан да біз өсіп келе жатқан ұрпаққа ұлттық тәрбие берумен қатар техника түрін үйреніп, ой өрісін кең дамытып білімді саналы ұрпақты оқытқанымыз жөн. Осы орайда стилизация немесе стильдеу (француз тілінде stule-стиль)-дүниежүзілік өнер тарихында бұрын кездескен көркем бейнелердің стиль мәнерін жаңа мағынада, анық идиологияны және эстетикалық мағынаны көрсету үшін қолданылатынын айта отырып ,стилизация құралы болып белгілі автордың немесе орындаушының стилі және мәнері, шығармашылық бағыты, тарихи стильге тиісті бейнелер жинағы, халық мәдениеті жататынын ескеріп,стилизацияның өнермен байланысында ұлттың мәдениеттерінің арасында болашақ пен өткен кезеңдегі стиль түрлерінің өзгеруі екеніне тоқталамыз. Стилизация неше түрлі әдістермен  тарихи және ұлттық ортаны қайта жаңғыртып, бейнеленген тұлғалардың мінез-құлқын, көркем бейненің көп мағыналығын, т.б. көрсетеді. Стилизация әр өнер саласында екінші рет қолдану талаптарымен сәйкес қолданылады. Ол-танымдық көркем бейнелерді әдейі жеңіл стильді шешімнің көмегімен көрсетеді.Мұндағы стиль дегеніміз-өнерде бейнелеудің және көркемдеу әдістерінің құрылыс бірлестігі, сәулет өнері, көркем сурет және әсемдеу қолөнерінің даму тәжірибесінде туындайды. Стиль деген түсінік өнердегі ірі кезең мінездемесін анықтауға қатысты айтылады. Стиль барлық өнер саласын біріктіруші болып табылады. Стиль өз бетінше өмір сүре алатындықтан, өз дәстүрлерін орната отырып, кейбір жағдайларда өзін туындатқан қоғамдық және мәдени себептері өтіп кеткеннен кейін де дами беруі мүмкін. Стилизациялау тәсілімен өзгерту арқылы заттың жаңа үлгісін құрастыруға болады. Ол жаңа үлгі дизайн болып табылады.  Дизайн – көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы. Дизайн қызметінің ерекшелігі – әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу. Терминдік атауы жаңа болғанымен, оның негізі ерте замандарда-ақ қалыптасқан.Қазақ халқының қолөнер бұйымдарының(қобыз, домбыра, сандық, ожау, торсық, қару-жарақтар, сәндік әшекейлі бұйымдар, т.б.) қайталанбас түрлері этнодизайндық үлгіде жасалған. Безендіру өнерінде де дизайнның әдіс-тәсілдері мен тәжірибесі кең қолданылады. Дизайн өнері заман талабына орай үнемі өзгеріп, дамып отырады. ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда дизайн өнері 1960 жылдан бастап жүйелі түрде қалыптасып, дами бастады. 1987 ж. Қазақстан Дизайнерлер одағы құрылды. Дизайн өнері қазіргі өскелең тұрмыстық жағдайлар мен талап-сұраныстарға байланысты жаңа сипаттарға ие болуда. Жарнама, плакаттар, кітап безендіру, өндіріс бұйымдарын жасау, жиhаз бұйымдарының жаңа үлгілерін өмірге әкелу, т.б. қазіргі заманғы кәсіптердің дамып-жетілуі дизайн өнерімен тығыз байланысты. Ұлттық этнодизайн да өзіндік қолтаңбасы бар өнер ретінде заман талабына сай даму үстінде. Қолөнер — сырлы өнер деп бекер айтылмаған. Себебі халықтық сәндік-қолданбалы өнер — әлемдік көркем мәдениеттің негізі. Даналық пен әсемдіктің таусылмас қайнар қөзі. Онда сан ұрпақтың түрлі материалдарды: ағаш, саз, жүн, металдарды өндеу тәжірибесі бейнеленген. Көне дәстүрлерді көздің карашығындай сақтап және байыта отырып, халықтық қөркем қолөнер кәсібі қазіргі мәдениеттің айқын құбылысы болып, үй тұрмысының маңызды және бөлінбес құрамына айналды. Қолөнер туындылары қайталанбас және алуан түрлі: әсем әшекейлерден және шағын ойыншықтардан бастап күрделі кестеленген композицияларға дейін және көлемді кілемдерді, тоқыма матадан жасалған көп заттық жиынтықтарды, шыны, ағаш және металл бұйымдардарын қамтиды. Пішіндердің ықшам да мәнді үйлесімі, түстердің жоғары талғамы, өрнектердің әсемдігі, композициялық шешімі, көздің мүлтіксіздігін, колдың дәлдігін және қиял ұшқырлығын ұштастырып, шебердің өзіне тән тәсілдермен орындауына жеткізеді. Халық өнерінің саркылмай дамуы үшін біздің білімгерлердің жаңашыл бағыттағы іскерлігін артыру жолында өрістеп, жүрек жылуына бөленіп жетіле беруі тиіс.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. Алматы- 1987

2.БайжігітовБ «Қазақтың қолөнері тарихы: сәндік қолданбалы өнер және халықтық            кәсіпшілік » Алматы 2012ж.

3.Мұқанов К «Жүннен жасалатын бұйымдар» Алматы1990ж

4.Тәжімұратов Ә  «Шебердің қолы ортақ» Алматы 1977ж.

  1. Қасиманов С., Қазақ халқының қолөнері, А., 1969;
  2. Тохтабаева Ш.Ж., Казахское народное искусство, А.-А., 1984;

7.Ергалиева Р.А.,Этнокультурные традиции в современном искусстве Казахстана, А.,2002.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *