Біз бақытты отбасы. Ата – аналармен тренинг

Ата – аналармен тренинг
Тақырыбы: «Біз бақытты отбасы»
Мақсаты: Ата – аналар арасында жағымды қарым – қатынас орнату, сыйластықты арттыру, отбасында балаға жақсы тәрбие беруіне ықпал жасау.
Тренинг ережесі: Сенімділік, Сыйластық, Жақын араласу
Барысы: Ата – аналар шеңбер жасай тұрады.
1. Сәлемдесу Бір күнгі танысыңа қырық күн сәлем дегендей біз бүгін
дәстүрден тыс амандасу түрлерін жасаймыз.
Алақанымыздың ішін және сыртын тигізіп бір – бірімізге күлімсірей қарайық
Бір – бірімізге маңдайларымызды тигізіп сәлемдесеміз.
Оң және сол жақ иықтарыңызды тигізіп сәлемдесу.
Сәлемдесу кезінде қандай әсерде болдыңыздар? Құрметті ата-аналар сіздермен бірге отбасы бақыты тақырыбында сөз қозғаймыз. Трениг сабағымызға қош келдіңіздер дей отырып, тренингті «Отбасы татулығы» аңызымен бастағым келіп отыр.
2. Отбасы татулығы (аңыз әңгіме)
Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, әрқайсысы өзара келісімде, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен.
Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігеннің ақ-қарасын білгісі келіп ауылға келеді. Ауылда тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттықа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-майрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді. Ауыл ақсақалына келіп отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.
Сіздер қалай ойлайсыздар? Ауыл ақсақалы патшаға қандай жауап берді? Отбасындағы татулық пен бірліктің болуы үшін қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?
Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», «жүз рет» «кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады.
Үш сөзді оқыған патша таң қалып:
-Осы-ақ па?
— Иә,-деді ақсақал- Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құралады-деді де сәл ойланып «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.
Барлық отбасыға айтарым босағасы берік,шаңырағы биік болуы, тату-тәтті өмір сүруі, бақытқа, қуанышқа бөлінуі отбасы мүшелерінің бір-біріне жағымды қарым-қатынасына байланысты екен.
Құрметті ата-аналар сіздердің де отбасыларыңызға татулық пен бірліктің болуы үшін жүз рет «сүйіспеншілік», «жүз рет» «кешірім», жүз рет «бірлік» және шыдамдылық тілеймін.

3.Сөйлемді аяқта” әдістемесі.
— Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі….
— Отбасы бұл…
— Отбасым бақытты болу үшін…
— Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі…
— Мен қалар едім отбасымның…
— Мен үшін бақытты отбасы……
— Өз отбасыңа көңілің тола ма?
— Отбасының ұйытқысы кім?
—Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?

Ия құрметті ата-аналар біз сіздермен бірінші «Бақыт» деген сөзге жауап іздеп көрейік.
4. Бақыт деген не өзі? Бейнебаян
Б.Момышұлының пайымдауында бақыт дегеніміз…………………..
Бақыт әркімнің өзіне , өмір сүрген ортасына жағдайға байланысты. «Бақыттымын» деп паңданып, аяғын еріне басып жүрген көп кісілердің бақытсыз екенін өздері сезбеген.Тарихта дәулетке, атаққа паңданып мәз болып, өмірін ақымақтықпен өткізгендер аз емес…
Бақыт дегеніміз — өмірді өз орнында, өз қалпында шамасы келгенше үлгілі өмір сүру. Адал болу, майдалықтан, іштарлықтан, қашық болу. Мұршасы әлі жеткенше өз заманын түсіне білу , өз қоғамымен бірге алған мақсатқа қопарыла шын көңілмен адал қызмет істей білу. Ар намысты қорғау –бақыттың шыңы, қиыншылықтармен санаспастан, азаматтық міндетті орындап шығу-ол да бақыттың шыңы. Жеңсең бақыт.

5. Бейнебаян Бақытты отбасы
Бір кішкентай қалашықта екі отбасы бір-бірімен көрші тұрады.
Бір отбасындағы ерлі зайыптылар қандай жағдай болмасын үнемі бір-бірін кінәлап, жиі жанжалдасады.
Ал екінші отбасы ешқандай ұрыс керіссіз, жанжалсыз тату — тәтті өмір сүреді.
Жанжалдасқыш әйел көрші отбасының тату тәтті өмір сүргенін көре алмай, күйеуіне оның сырының неде екенін біліп қайтуын сұранады.
Осылайша күйеуі көрші үйдің ашық тұрған терезесінен ерлі-зайыптыларды бақылайды.
Көрші үйдің әйелі үйін тазалап — жинастырумен айналысып жатады. Қолына қымбат құмыраны ұстап, шаңын сүртіп жатады.
Кенеттен телефон шылдырлайды, телефонға асыққан әйел сүртіп тұрған құмыраны столдың шетіне қоя салып жүгіреді.
Осы мезетте күйеуіне осы бөлмеден бір нәрсе керек болып, столдың шетінде тұрған қымбат құмыраны жерге құлатып, сындырып қояды.
Осының барлығын бақылап тұрған көрші: «Не болар екен?»- деп тағатсыздана күтеді.
Телефонмен сөйлесіп болған әйелі өкінішпен бір күрсінді де, күйеуінің қасына келіп: Кешірші мені қымбаттым! Мен кінәлімін, құмыраны өте ыңғайсыз қойдым. Ал күйеуі: Жоқ аяулым мен кінәлімін, мен асығыстықтан бұл құмыраны байқамай жерге құлаттым. Жарайды, қоя берші. Жамандық осымен кетсін,- дейді.
Бақылап тұрған көршісі таңырқап қалғаны сондай , жүрегі ауырып , үйіне көңіл күйі түсіп келеді.
Әйелі оған: “Неге сонша ұзақ бақыладың? Көрдің бе? Иә, қалай екен оларда?”
Күйеуі:”Оларда бір жағдай болса барлығы кінәлі екен. Ал бізде бәрі өзінікін дұрыс санайды”

6. Сергіту сәті:Мақал-мәтелдерді аяқтау

1)Балалы үй базар,
Баласыз үй қу мазар.
2) Ананың сүті — бал, баланың тілі — бал.
3) Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді,
Жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді.
4) Ұлға отыз үйден тыю,
Қызға қырық үйден тыю.
5) Әкені көріп ұл өсер,
Шешені көріп қыз өсер.
6) Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар.
7) Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны алады.
8) Балаға байқап сөйлесең,
Ақылыңа көнер,
Байқамай шайқап сөйлесең,
Көрсетер бір «өнер».
9) Ата — асқар тау, ана — бауырындағы бұлақ,
бала — жағасындағы құрақ.
10) Қарға баласын «аппағым» дейді,
Кірпі баласын «жұмсағым» дейді.
11) Жаста берген тәрбие —
Жас қайыңды игендей.
12) Аға әдепті болса, іні әдепті,
Апа әдепті болса, сіңлі әдепті.
13) Әке көрген — оқ жонар, шеше көрген — он пішер.

7.Дидактикалық ойын «Отбасылық махаббат үйі»
Ал енді қазір сіздермен «отбасылық махаббат үйі» атты ойын өткіземін. Балаларыңызға деген махаббатты анықтай аласыздар.
Әр адамның өз үйі бар, бірақ ол үй тек баспана ғана ретінде емес, сол үй жақсы көріп және күтетін жер болу керек. Сондықтан сіздердің міндеттеріңіз жай ғана армандап жүрген үй салу ғана емес, ал сол жерде тұратын балаларға бақыт, махаббат, жылу, беретін үй салуларыңыз керек. Ол үшін ерекше материал қажет. Әрине даладағы жатқан тақтайлар емес, ал адамның негізгі қасиеттерімен саламыз. Олар: Мейірімділік, күлкі, түсінушілік, шыдамдылық, көмектесу.
Үстел үстінде кірпіштер жатыр. Соларды алып үй саласыздар, бірақ салғанда жай салмайсыздар, артында тапсырмалар жазылады соны орындай отырып үй құрамыз. Ойлануға бір екі минут беріледі.
Ойын тапсырмалары;
1.«Парасатты» кірпіші Қағазды екі қатарға бөліп ата аналардың плюс және минус жағын үш сөз арқылы жеткізу, жазу, айту.
2.«Достық» кірпіші «Үй» деген сөзді қалай түсінесіз?
Мысалы: менің қорғанысым, күтетін жер, отбасылық ұйытқысы
3. «Махаббат» кірпіші: Мимика жест арқылы өзіңіздің балаға деген махаббатыңызды жеткізесіз.
4. «Тапқырлық» кірпіші: Бақыт сөзінің әрбір әрпінен балаңыздың мінезін сипаттаңыз.
5«Түсінушілік» Сурет арқылы баланың мінезін анықтау. Бұл төбесі -жақсы көңіл күй екенін білдіреді.Тапсырма: бір минут ішінде дөңгелек ішіне баланың бақытты көңіл күйін салу керекпіз және жапсыру. Үйіміз дайын.
Менің ойымша отбасы- бұл махаббат үйі, ал бала –бақыт. Сондықтан ата ана махаббаты балаңыздың өмірге деген құштарлығын, жолын ашады. Халқымыз «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата ананы өмірдің тірегі санайды. Ата ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті.Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Қатысып ой бөліскендеріңіз үшін рахмет!

8. Күлкі — көңіл ажары(1 мин сұраққа жауап беру)
Ата-аналар сіздерге берілетін сұрақтарға яғни жағдаяттарға тек қана балаңыздың атының бірінші әріпімен жауап бересіздер?
-Тренинг ұнап жатыр ма?
• Сағат неше болды?
• Шаршадыңдар ба?
• Үйге асығып тұрмыз ба?
• Қонақтарға не айтасыңдар?
• Психолог шаршады ма екен?
• Үй тапсырмасына көмектесесіңдер ме?
• Бүгін тренингке қандай көңіл-күйде келдіңіз?
• Жиналысты ұнатасызз ба?
• Қонаққа мені шақырасыздар ма?
• Қандай ас ұнатасыздар?
• Балабақша ұнай ма?
• Үйге қалай барасыздар?
• Туған күнге не сыйлайсыз?
• Билеп аламыз ба?
• Шайға не қосып ішесіздер?
• Сұрағым өте көп пе?
• Үйді кім жинайды?
• Төсекті ше?
• Асты кім пісіреді?
• Каникулда не істейміз?
• Қуанғанда не істейміз?
• Ренжіткен адамға не айтасың?
• Сұрақтар қашан бітер екен?

9.Өмірдегі ең маңызды тіреулеріңіз кім? (Бала , жанұя, отағасы, т.б.)
Көрсетілген оқиға бойынша «Отбасы бақыты» тақырыбында кластер жасау.
Құндылықтар
Өмірде үш нәрсе…………..
Өмірде үш нәрсе ешқашан қайта оралмайды: уақыт, сөз, мүмкіндік.
Өмірде үш нәрсе ешқашан жоғалтпау керек: сабырлық, үміт, намыс.
Өмірде үш нәрсе құнды: махаббат, достық, сүйіспеншілік.
Өмірде үш нәрсе тұрақсыз: арман, сәттілік, байлық.
Өмірде үш нәрсе адамды құртады: шарап, өзімшілдік, ашу.
Өмірде үш нәрсе адамды сипаттайды: еңбек, шыншылдық, жетістік.

10.Отбасылық құндылық ағашы»
Нұсқау: Үлкен ағаштың суретін салу керек. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Алдын-ала дайындалған отбасылық құндылықтар жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оларды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру керек. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. Берілетін уақыт 7-8 минут.
Берілетін отбасылық құндылықтар:
1. Мықты денсаулық
2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік
3. Ауызбіршілік
4. Ортақ қызығушылық
5. Бір-біріңіздің жұмысына араласпау
6. Қамқорлық
7. Тәртіп
8. Бос уақытыңызды бірге өткізу
9. Сенімділік
10. Ата-ананың сөз заң
11. Ата-ана отбасының үлгісі
12. Әлеуметтік жағдай
13. Отбасылық сыйласымды қарым-қатынас
14. Махаббат
15. Мейірімділік
16. Шынайылық
17. Сырт көзге үлгі болу
18. Береке
19. Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет
20. Көп бала
Бала тәрбиесі бір күндік іс емес. Сондықтан да бала тәрбиесіне жете мән беріп, «Адамның бір қызығы – бала деген» ұлы аталарымыздың даналық сөзін естен шығармайық.
Тамырларыңыз тереңге жайылып, жапырақтарыңыз жайқалып, балаларыңыздың жемісін көріп, саялы бәйтерекке айналыңыздар.

Қорытынды бөлім:
7 –бөлім «10+5+1» әдісі.
Алдарыңыздағы ақ қағаздарға сіз үшін өміріңізге қажетті құндылықтарды жазыңыздар. Саны — 10. Мысалы, ақша, денсаулық, білім…
Енді бесеуін сызып тастаңыздар, тағы төреуін сызыңыздар. Қолдарыңызда біреуі қалды, соны оқысаңыздар. Ол көбіңізде «Бала» сөзі болар. Олай болуы заңдылық. Өйткені «Бала — ата-ананың бауыр еті», ұрпағын жалғастырар жалғасы. Әр ата-ана баласы үшін өмір сүреді.
Халқымыздың аяулы ұлы зиялы азаматы Б.Момышұлы былай деген екен: «жаудан да,даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді,қорқынышым көбейіп жүр.Балаларын бесікке бөлемеген,бесігі жоқ елден қорқам. Дәмді,дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді,оның қолына қылыш берсең, кімді де болса шауып тастауға даяр.Қолына кітап алмайды.Үйреніп жатқан бала жоқ ,үйретіп жатқан әке , шеше жоқ»
Бауыржан атамыз бүгін де арамызда жоқ , ол кісі көтерген мәселе бәрімізді де алаңдатуы тиіс . Бұл ата – анаға да , ұстазға да ой салады деп ойлаймын .
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, баланы бірлесе отырып тәрбиелейік дей келе бүгінгі тренингімізді аяқтаймық.
«Ертең өсіп келеді, ертеңмен бірге адам өсіп келеді. Бізде қазір жаңа қоғам ғана жасалып жатқан жоқ, жаңа адам жасалып келеді», деген екен академик З.Қабдолов.Олай болса ертеңіміз нұрлы да жарқын болуы үшін мектеп, ата-ана болып бірлесе жұмыс жасайық. Бүгінгі кездесуге келіп қатысқандарыңыз үшін көп рахмет.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *