«Біздің отанымыздың белгілі ұлдары»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға еліміздің белгілі азаматтары туралы түсінік беріп, олардың білімін жан-жақты кеңейту.

2.Дамытушылық: Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту. Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.

3.Тәрбиелік: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата — бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, ата мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: тақырыпқа сай суреттер, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар? Отырыңыздар. Көңіл-күйлеріңіз қалай? Жақсы, сіздерге бүгінгі тәрбие сағатынан мен беремін.Бүгінгі сабағымыз жоғары деңгейде өтеді деген сеніммен келіп отырмын. Бүгінгі сабаққа белсене қатысуларыңызды сұраймын. Бүгінгі сабаққа дайынсыздар ма? (Оқушылардың зейінін жинақтау, түгелдеу, оқу құралдарының дайындығын тексеру)

2.Психологиялық дайындық:

— Балалар, қанекей барлығымыз орнымыздан тұрып,мен айтқан өлең шумақтарымды қайталайық, жарайды ма? ( Бәрі осылайша мына өлең жолдарын қайталайды)

Аспаны ашық еліміздің,

Көркі сұлу жеріміздің,

Біз-бақытты баламыз!

Ақпыз,қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз

3.Жаңа сабақ: — Балалар, «Отанымыздың белгілі ұлдары» дегенде естеріңе кімдер түседі? (Абай, Б.Момышұлы, т.б.) Жақсы. Олай болса, біз бүгінгі тақырыбыздаҚазақстанның спортшылары, елімізді қорғаған ер азаматтар мен ұлы ақындарымыз жайлы өтетін боламыз. Балалар сендерге «Менің Отаным» деген тақырыпта шығарма жазып келуге берілген болатын. Қане, кім оқимын дейді.

Жақсы, рахмет!

Жаңа ақпарат:

-Сонымен балалар, ұлы ақынымыз кім? (Абай, суретін көрсету) Жақсы, ол кісі туралы естігендерің бар ма? Ол кім екен? Жақсы, енді мен толығырақ айта кетейін. Абай Құнанбаев қазақтың ұлы ақыны. Ол сол кездегі қазақтарды сауатсыздықтан алып шығуға тырысқан адамдардың бірі. Ол кісінің бізге мәлім әр түрлі тақырыптағы өлеңдері таныс, иә? Мысалға айтсақ, «Қыс», «Күз», т.б. Ұлы Абай сынды, белгілі қазақтың ұлдары жетерлік екен. (Ыбырай, Шәкәрім, Мағжан, т.б.)

— Жақсы, енді ұлы Отан соғысына қатысып, елімізді, жерімізді қорғаған қандай азаматтарымызды білесіңдер? (Б.Момышұлы, Қ.Рысқұлбеков, Әлия мен Мәншүк т.б.) Иә, балалар дұрыс айтасыңдар.

Бауыржан Момышұлы 1941 жылы Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы қызметін атқарады. Ұлы Отан соғысына 1941 жылдың қыркүйегінен бастап қатысты. 316 атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанып, осы жылдары қазақ үшін, Отаны үшін күрес жолында қаза табады екен.

Қазір сендердің білімдерінді тексеріп көрейік. Балалар тақтада тұрған сөздерге назар аударайық. Осы сөздер араласып жатыр, яғни, бұл сөздерден мақал-мәтелшығуы керек. Қане баріміз тауып, шешіп көрейік.

1. Отан, от, күймейсің, түс, үшін. (Отан үшін отқа түс күймейсің)

2. Жігіт, өнер, көркі. (Жігіт көркі – өнер)

3. Ер, өлгені, жігіттің, сөйлегені, екі. (Ер жігіттің екі сөйлегені — өлгені)

4.Жігіт, ер, үшін, ел, туады.

Ел, өледі, үшін. (Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі.)

5. Отан, күрес, үшін(Отан үшін күрес,

Ерге, тиген, үлес,Елге тиген үлес.)

6.Отан, да, оттан, ыстық.(Отан – оттан да ыстық)

-Жарайсыңдар, балалар! Бұл тапсырманы да ойдағыдай аяқтадық.

Сергіту сәті:

-Балалар, шаршаған боларсыңдар? Қанекей орнымыздан тұрып, бір сергіп алайық. (іс-қимылдарды қайталау)

Бейнетаспа

-Жарайсыңдар, балалар! Бәрін жақсы жасадыңдар.

Ал, енді балалар тақтада тұрған ребусты шешіп көрейік. Мен сендерге сұрағын оқимын, ал сендер жауапты дауыстап айтпай, әркім өз бетінше дәптерге жауап берсін. Одан кейін бәріміз бірге тексереміз.

1.Бесін, бесіннің аузы бір ін. (Қолғап)

2.Жаңбырлы күні жер қандай болады. (Батпақ)

3. Кiр киiмдi қалайды,

Өзi кiрдi жалайды.

Суға түссе шомылып,

Дақты жояр талайғы.(Сабын)

4. Жемістің бір түрі. (Ананас)

-Жарайсыңдар, балалар. Бәрін дұрыс таптындар.

Балалар, енді сендерге біздің тақырыпты қорытындылау мақсатында тапсырма орындатамын. Мынау тұрған қобдишада бүгінгі тақырыпқа байланысты сұрақтар жасырылған. Сол сұраққа келіп, кім жауап бергісі келеді екен? Егер де тандаған сұрағына бала толық жауап бермесе, басқаларын өз жауаптарынды айтасындар.

·         Ер жігітке қандай қасиеттер тән деп ойлайсын?

·         Қандай жазушыларды білесің?

·         Қазақстан жері қандай?

·         «Отан үшін күрес,

·         «Ер жігіттің екі сөйлеген – өлгені» деген мақалды қалай түсінесің?

·         Отан дегенді қалай түсінесің?

Елге тиген үлес»деген мақалды қалай түсінесің?

-Жақсы, рахмет балалар!

Қорытынды: — Балалар, біз бүгін Отанымыздың белгілі ұлдары жайлы әңгімелеп өттік. Олар кімдер екен? Жақсы, енді балалар бізде еліміз үшін қызмет ететін, Отанымызды құрметтеп, сыйлайтын ер-азамат болып өсуіміз керек. Сабаққа белсене қатысып отырғандарына рахмет.Келесі кездескенше,

сау болыңдар!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *