БОЛАШАҚ МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ІЗДЕНІС-ЗЕРТТЕУШІЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 Кайрбаева А.Б 1

1 магистрант, Сулейман Демирель университеті, Қаскелең қ., Қазақстан

 

БОЛАШАҚ МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ІЗДЕНІС-ЗЕРТТЕУШІЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Аңдатпа

Бұл еңбекте cтуденттердің ізденіс-зерттеушілік іс-әрекетінің ерекшеліктері айқындалған, олардың ізденіс-зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастыру, оқытушылардың әрекеті мен студенттердің әрекетінің әр қайсысы жеке анықталады.

Қазіргі қоғамның сұранысы білім беру жүйесін дамытуды жүзеге асыруды талап етуде. Қазақстан Республикасының білім беру саясатының негізгі міндеттері — білім берудің мазмұны мен сапасын арттыру мәселесі жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің ең өзекті қажеттіліктері деп көрсетілген.

Жоғары оқу орнында студенттердің оқыту үдерісіндегі тиімді іс-әрекеттері, білім беру жүйесінің алдына қойған жетекші мақсаттарды анықтаудан басталады. Оқу үдерісінде әртүрлі оқу іс-әрекетінің түрлеріне үйретудің бір жолы оның жаңа тәсілдерін қалыптастыру болып табылады.

«Ізденіс-зерттеушілік іс-әрекет» түсінігінің мәнін және мазмұнын талдап, осы іс-әрекеттің ерекше қырларын ажырату. Мұндай талдау жасау үшін «іс-әрекет» түсінігі негіз болып табылады.

Студенттің оқу іс-әрекетінен оқушының іс-әрекетінің айырмашылығы, студенттер үшін оқу іс-әрекеті жалғастырылып, бірқатар ерекшеліктерімен ажыратылады. Оның негізгі ерекшелігі, жас ерекшеліктерімен, кәсіби бағыттылығымен, мектепте және жоғары оқу орнында оқыту үдерісінің ұйымдастырылуымен анықталады. Жоғары оқу орны студенттері үшін оқу іс-әрекеті зерттеу нысаны болып табылады. Сондықтан, оқу іс-әрекетінің түрлеріне қатысу, студенттерге болашақ кәсіби іс-әрекетіне дайын болуды қамтамасыз етеді.

Біздің зерттеуімізде, шығармашылық іс-әрекеттің негізгі түрі ізденіс-зертеушілік іс-әрекеті қарастырылады. Ізденіс – зертеушілік іс-әрекет, басқа іс-әрекет түрлерінің сипаттарын біріктіреді. Бірақ, шығармашылық іс-әрекет түрлерінің басқа да түрлері қарастырылуы мүмкін. Мысалы, шығармашылық іс-әрекет саналы деңгейде, жоспарланып іске асырылатын болса, ол нормативтік-шығармашылық іс-әрекет деп аталады, ал түйсіктен пайда болатын, сезім құраушысын алдын-ала анықтайтын іс-әрекет, регламентсіз — шығармашылық іс-әрекет деп аталады.

 

Аннотация

Кайрбаева А.Б. 1

1 магистрант, Университет Сулейман Демиреля, г. Каскелен, Казахстан

 

ОСОБЕННОСТИ ФОРМИРОВАНИЕ ПОИСКОВО-ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ БУДУЩИХ УЧИТЕЛЕЙ МАТЕМАТИКИ

 

         В данной работе определяются особенности научно-исследовательской деятельности студентов, организация их исследовательской деятельности, действия преподавателей и действия студентов определяются индивидуально.

Современное общество требует развития системы образования. Основными задачами образовательной политики Республики Казахстан являются вопросы повышения содержания и качества образования как наиболее насущных потребностей личности, общества и государства.

Эффективные действия студентов в процессе обучения в высших учебных заведениях начинаются с определения приоритетов, установленных для системы образования. Одним из способов обучения различным видам образовательной деятельности в процессе обучения является разработка новых способов обучения.

Анализируется сущность и содержание понятия «исследовательская деятельность» и выделяются специфические аспекты этой деятельности. Понятие «действие» является основой для такого анализа.

Дифференциация деятельности студента от учебной деятельности студента, учебная деятельность для студентов продолжается и дифференцируется рядом особенностей. Его отличительной особенностью является то, что он определяется его возрастной, профессиональной направленностью, организацией учебного процесса в школе и университете. Образовательные мероприятия для студентов высших учебных заведений являются предметом исследования. Поэтому участие в видах образовательной деятельности гарантирует, что студенты подготовлены к будущей профессиональной деятельности.

В нашем исследовании основным видом творческой деятельности является исследование и исследование. Научно-исследовательская деятельность объединяет характеристики других видов деятельности. Тем не менее, другие виды творческой деятельности могут быть рассмотрены. Например, если творческое действие разумно спланировано и осуществлено, оно называется нормативно-творческой деятельностью, а действие, которое предопределяет сенсорный компонент, который является производным от эмоции, называется нерегулируемой — творческой деятельностью.

Abstract

PECULIARITIES FORMING OF SEARCH AND RESEARCH ACTIVITY OF FUTURE TEACHERS OF MATHEMATICS

Kairbayeva A.B. 1

1 student, Suleyman Demirel University, Каsкеlеn, Kazakhstan

         This work defines the peculiarities of the research and research activities of students, the organization of their research activities, the actions of the teachers and the actions of the students are determined individually.

Modern society demands the development of the education system. The main objectives of the educational policy of the Republic of Kazakhstan are the issues of increasing the content and quality of education as the most urgent needs of the individual, society and the state.

Effective actions of students in the learning process at higher education institutions begin with the identification of the priorities set for the education system. One of the ways to teach different types of educational activities in the learning process is to develop new ways of learning.

Analyzing the essence and content of the concept of «research activity» and distinguishing the specific aspects of this activity. The concept of «action» is the basis for such an analysis.

Differentiation of the student’s activity from the student’s educational activities, the learning activity for students is continued and differentiated by a number of peculiarities. Its distinctive feature is that it is determined by its age-specific, professional orientation, organization of the learning process at school and university. Educational activities for students of higher education are the subject of research. Therefore, participation in the types of educational activities ensures that students are prepared for future professional activities.

In our research, the main type of creative activity is research and exploration. Research — research activities combine the characteristics of other types of activities. However, other types of creative activities may be considered. For example, if creative action is reasonably planned and implemented, it is called a normative-creative activity, and the action that pre-defines the sensory component, which is derived from an emotion, is called non-regulation — creative activity.

 

Қазіргі қоғамның сұранысы білім беру жүйесін дамытуды жүзеге асыруды талап етеуде. Қазақстан Республикасының білім беру саясатының негізгі міндеттері — білім берудің мазмұны мен сапасын арттыру мәселесі жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің ең өзекті қажеттіліктері деп көрсетілген. Қазіргі таңда мектеп және жоғары оқу орны білімгерлерінің жеке білімін жетілдіруде пәндер бойынша білімдерінің жеткіліксіздігі шешімін таппаған мәселе болып отыр. Білімгерлердің шығармашылықпен ойлап, жаңа стандартты емес шешімдер қабылдап, ақпараттық кеңістік жайлы бағыт бағдары болуы тиіс. Яғни, оларды оқу пәндері бойынша білімдермен ғана емес, білім алу іс-әрекетін қамтамасыз ететін ойлау үдерісінің тәсілдерімен де қаруландыру қажет. Сондықтан студенттердің кәсіби дайындығына, олардың жаңа әдістер мен озық оқыту технологияларын меңгеруіне, кәсіби мәдениеті мен құзыреттілігі деңгейіне жоғары талаптар қойылуда.

Жоғары оқу орнында студенттердің оқыту үдерісіндегі тиімді іс-әрекеттері, білім беру жүйесінің алдына қойған жетекші мақсаттарды анықтаудан басталады.

Жалпы білім беру жүйесінің жетекші идеясы ретінде — дамытушылық мақсат атап көрсетіледі. Бірқатар авторлардың пікірі бойынша, зерттеушілік пен ізденушілік іскерліктерін дамытуға, білім беру үдерісінде белсенді оқытуды қолданып, қол жеткізуге болады деп санайды. Жоғарыда айтылған мәселелерге қол жеткізу, ізденіс-зерттеушілік сипаттағы оқу іс-әрекетіне негізделген, себебі оның негізгі қызметі дамытушылық болып табылады.

Жоғары оқу орнының түлектері — креативті ойлайтын, мобильді, заманауи технологиялармен жұмыс жасауға дайын, оларды тек қана қолданбай, ендіру жұмыстарын жүргізуге, жаңашылдық жасауға, яғни алдыңғы ұрпақтың жетістіктерін пайдаланып қана қоймай, мол тәжірибені жинақтай алуы тиіс. Жоғары оқу орындарын бітіретін студенттер, аталған талаптармен қатар, әдістемелік ізденіске, жаңа қоғам талаптарына сай педагогикалық технологияларды ендіруге, жаңа ұрпақтың заманауи бейнесін қалыптастыруға дайын болуы қажет. Сонымен, жоғары оқу орнындағы оқыту үдерісін сипаттай келе, біз білім беру үдерісінде студенттердің ізденіс-зерттеушілік іс-әрекеті негізінде, дамыта оқыту жүйесін қолдану мәселелерін айқындауды таңдап алдық.

Студент жоғары оқу орындарында қалыптасқан іскерліктерін оқыту жүйесінде қолдануы қажет. Оқу үдерісінде әртүрлі оқу іс-әрекетінің түрлеріне үйретудің бір жолы оның жаңа тәсілдерін қалыптастыру болып табылады.

Сонымен, «Ізденіс-зерттеушілік іс-әрекет» түсінігінің мәнін және мазмұнын талдап, осы іс-әрекеттің ерекше қырларын ажыратсақ. Мұндай талдау жасау үшін «іс-әрекет» түсінігі негіз болып табылады.

Іс-әрекеттің адам өмір сүруінің жалпыға бірдей тәсілі ретінде қарастырылуы баршамызға белгілі.

Іс-әрекет – қоршаған ортаға адамның қарым-қатынас тәсілі, адам шығармашылықпен табиғатты қайта өзгертеді, сол арқылы өзін-өзі іскер субьект ретінде көрсетіп, ал олардың меңгерілетін табиғат құбылыстарын өз қызметінің обьектісіне айналдыратын үдеріс. Әрбір әрекетке сәйкес келетін өзіндік жеке мақсаты немесе міндеттері бар ең кіші бірліктерінен тұрады. Оған мақсат, себеп, тәсілдер, шарттар және нәтиже кіреді:

Іс-әрекет – адамның айналадағы өмірімен белсенді қарым-қатынасқа түсуі. Оның барысында мұғалім нысанаға мақсатты түрде әсер етеді және ӛзінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын субьект ретінде танылады.

Іс-әрекеттің жалпы теориясына сүйенсек, іс-әрекет – оқу үдерісінің негізі деп айтуға болады. «Іс-әрекет» түсінігі психологияда негізгі түсінік болып табылады. «Іс-әрекет» — еңбек, жұмыс, белсенділік және мінез-құлықтың маңызын түсіндіреді.

Оқыту үдерісінде оқытушы мен оқушының іс-әрекет үдерісі білім беру және оқыту болып табылады. Оқыту үдерісі екі мағынада сипатталады: біріншіден, білім алушының, ал екіншіден, білім берушінің іс-әрекетіне байланысты. Мұндағы, білім беру — білімді жеткізу ғана емес, қоғамдық-тарихи тәжірибенің, алдыңғы ұрпақ тәжірибесін қолдану болып табылады. Оқу іс-әрекеті, іс-әрекет түрінің арнайы түрі ретінде қарастырылады. Оқу іс-әрекеті тек қана оқытушының ұйымдастыруымен жүргізілетін іс-әрекет.

Оқу іс-әрекеті дегеніміз – білім алушының оқу үдерісіне қатысты белсенділік көрсетуінің негізгі түрі, ал оның негізгі үдерісі тек оқуды құрайды. Сонымен қатар, оқу іс-әрекетінің келесі компоненттерін қарастырдық:

  • білім беру жүйесін меңгеру;
  • іскерліктер пен дағдыларды меңгеру;
  • мазмұндық компоненттер;
  • оқу жұмыстарын жүргізуді меңгеру;
  • өзінің оқу іс-әрекетін басқару тәсілдерінің жинақталған жүйесін меңгеру.

Студенттің оқу іс-әрекетінен оқушының іс-әрекетінің айырмашылығы, студенттер үшін оқу іс-әрекеті жалғастырылып, бірқатар ерекшеліктерімен ажыратылады. Оның негізгі ерекшелігі, жас ерекшеліктерімен, кәсіби бағыттылығымен, мектепте және жоғары оқу орнында оқыту үдерісінің ұйымдастырылуымен анықталады. Жоғары оқу орны студенттері үшін оқу іс-әрекеті зерттеу нысаны болып табылады. Сондықтан, оқу іс-әрекетінің түрлеріне қатысу, студенттерге болашақ кәсіби іс-әрекетіне дайын болуды қамтамасыз етеді.

Оқыту үдерісінде іс-әрекет түрлерін ажырату мен олардың қызметтерін, іске асырылуын және негізгі үдерістерін есепке ала отырып, оқу іс-әрекетінің келесі түрлерін анықталды:

1) танымдық, заттық-тәжірибелік, қарым-қатынас, ойын, көркемдік, қоғамдық және т.б. [1] ;

2) танымдық, ақыл-ой, эвристикалық, шығармашылық, еңбек, сөйлеу, оқу, педагогикалық, қарым-қатынас іс-әрекеті, ақыл-ой, тәжірибелік, коммуникативтік және т.б. [2] ;

3) теориялық және практикалық [3];

4) сыртқы және ішкі т.б.

Сондықтан, оқу іс-әрекетінің ең алғашқы түрі ретінде танымдық іс-әрекетті алуға болады. Бірақ, кез-келген оқу іс-әрекеті танымдық іс-әрекет деп түсіндірілмейді, себебі кейбір тапсырмалар түрлері тек қана жаттығу сипатында беріледі.

Оқу-танымдық іс-әрекет — білім алушының саналы (білім түрінде немесе іс-әрекет тәжірибесі негізінде) немесе материалдық түрде жаңа нәтиже алуға бағытталған, білім беруші және білім алушының өзара әрекеттестігі. Оқу — танымдық іс-әрекеттің негізгі ерекшелігі, оның нәтижеге бағытталуымен, студенттердің алдыңғы ұрпақ тәжірибесін, жұмыстың жаңа тәсілдерін, өз бетінше жаңалық ашуда қолдануымен, сонымен қатар мүлде жаңаны «ашуда» байқалады.

Ақпаратты меңгеру, қолдану тәсіліне байланысты, оқу танымдық іс-әрекеттің екі түрі ажыратылады: репродуктивті іс-әрекет (жаңғыртылған) және продуктивті (шығармашылық) іс-әрекет.

А.Е. Әбілқасымованың пікірінше, оқу іс-әрекетінде оқу міндеттері шешіліп, мотив, танымдық белсенділік арқылы ақпаратты қабылдаудан бастап, күрделі шығармашылық әрекеттің қалыптасуымен анықталады .

Демек, мұғалімнің педагогикалық шығармашылық ізденісінің ең басты мақсаты – студенттің танымдық ойлау қабілетін дамыту, сонымен қатар өзінің бойындағы шығармашылық ізденісіне шәкірттерінің бойына сіңдіре білу.

Шығармашылық іс-әрекет нәтижесінде, тек қана шығармашылық қабілеттер дамиды.

Дидактикада шығармашылық іс-әрекеттер келесі белгілер арқылы анықталады:

1) жаңа жағдайларға білім және іскерлікті өз бетінше тасымалдау;

2) белгілі жағдайларды, жаңа проблеманы айқындау;

3) нысананың жаңа қызметін айқындау;

4) іс-әрекеттің белгілі амалдарын жаңаға өз бетінше біріктіру;

5) нысананың құрылымын анықтау;

6) альтернативті ойлау;

7)басқалардан ерекше шешімнің басқа амалдарын немесе белгілі тәсілдерін құру .

Математиканы оқыту үдерісінде білім алушылардың шығармашылық іс-әрекетін сипаттау үшін И.П.Калошина анықтаған белгілер жүйелерін қолдануды ұсынамыз, оның пікірінше, оқу-танымдық іс-әрекет, біріншіден, субъекттің пәндік ортада арнайы тапсырмаларды, теоремаларды, ережелерді және тағы басқа оған қажетті проблемаларды шешу амалдарын шешуге бағытталған; екіншіден, субъект саналы және саналы емес деңгейде тапсырмаларды шешу амалдарын жасаудың бағдары ретінде, өзіне қажетті жаңа білімдерді құруымен байланысты; үшіншіден, субъект үшін белгісіз жаңа білімдерді құру мүмкіндігі мен оның негізінде тапсырманы шешу амалдарын жасауымен сипатталады .

Е.А. Молчанова [4] математикалық шығармашылық іс-әрекетті сипаттайтын келесі негізгі көрсеткіштерді ұсынды:

— бірқатар нысананы қарастырудан алған білімдерін басқа нысанамен қиылыстыру; нысананы басқа көзқарас тұрғысынан қарастыру;

— тапсырма шарттарына немесе талаптарына өзгертулер енгізу арқылы жаңа қатынастарға нысаналарды қосу; зерттеу нысанында қойылған анық емес талаптармен шектеулерді алу;

— тапсырмада берілген нысананың негізгі қасиеттерін анықтау; әрбір нысананы ӛзінің шынайы бейнесімен салыстыру; нысаналар арасындағы жақын қатынастарды білу;

— тапсырманың жалпы (жеке) шешімінен жаңа фактілермен нәтижелерді алу; шекті жағдайды қарастыру;

— тапсырмада қарастырылмаған нысаналар арасындағы байланыстарды орнату;

— тапсырма жағдайларын зерттеудің әртүрлі тәсілдерін жүйелеу.

А.К. Маркова [5] шығармашылықты, жаңаны табу және ізденуі деп қарастырып, педагогтың кәсіби іс-әрекеті мазмұнындағы шығармашылықтың екі деңгейін анықтады:

1) шығармашылықтың кең мағынасы — өзі үшін жаңа нәрсені ашу, яғни оқытушы педагогикалық проблемаларды шешудің стандартты емес өзгермелі амалдарын табуы (ол шешу амалдары белгілі және сипатталған болуы қажет, бірақ педагог оларды өзі үшін ашады);

2) шығармашылықтың тар мағынасы — өзі және басқалар үшін жаналық ашушы, табушы.

Оқу іс-әрекетінің анықталған түрлерін нақты тұжырымдау үшін, П.И. Пидкасистый ұсынған, оқытушының білімді баяндауы мен студенттің өзіндік жұмысын байланыстыру түрлерін төмендегідей көрсетсек:

1) оқытушы барлық материалды баяндайды, ал студент оны бекітеді;

2) оқытушы негізгі сұрақтарды баяндайды, ал студент барлық материалды өз бетінше қарастырады;

3) оқытушы жұмыстың мазмұны мен әдістемесін таныстырады, ал студент, оның жетекшілігімен, жоспарда қарастырылған сұрақтардың барлығын өз бетінше меңгереді;

4) оқытушы студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырады, олардың алдына сұрақтар қояды, проблеманы қалыптастырады, жартылай немесе толық оларды шешу жолдарын ұсынады;

5) оқытушы студенттерге белгілі құбылыстар және үдерістер жайлы хабарлайды.

 

Біздің зерттеуімізде, шығармашылық іс-әрекеттің негізгі түрі ізденіс-зертеушілік іс-әрекеті қарастырылады. Ізденіс – зертеушілік іс-әрекет, басқа іс-әрекет түрлерінің сипаттарын біріктіреді. Бірақ, шығармашылық іс-әрекет түрлерінің басқа да түрлері қарастырылуы мүмкін. Мысалы, шығармашылық іс-әрекет саналы деңгейде, жоспарланып іске асырылатын болса, ол нормативтік-шығармашылық іс-әрекет деп аталады, ал түйсіктен пайда болатын, сезім құраушысын алдын-ала анықтайтын іс-әрекет, регламентсіз — шығармашылық іс-әрекет деп аталады.

 

 

 

Әдебиеттер:

  1. Щукина Г.И. Роль деятельности в учебном процессе. — М.: Просвещение, 1986. -142с.
  2. Лернер И.Я. Дидактические основы методов обучения. — М: Педагогика, 1981. -185с.
  3. Талызина Н.Ф. Формирование познавательной деятельности младших школьников: кН, для учителя. — М. Просвещение, 1988. -175с.
  4. Молчанова Е.А. Формирование творческой математической деятельности учащихся общеобразовательных учреждений посредством исследования задачной ситуации: автореф. дис. … канд. пед. наук: 13.00.02. – Саранск, 2005. -17с.
  5. Маркова А.К. Формирование учебной деятельности и развитие личности школьника // Формирование учебной деятельности школьников. — М.: Педагогика, 1982. -С.21-28

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *