Бисерден жасалатын бұйымдарға жалпы сипаттама. Доллар ағашын жасау.

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сәндік қолданбалы өнер Мектеп: «Мұрагер»
Күні: Мұғалімнің АЖТ:  Альжанова Р.З
Сыныбы: 4-5 Қатысушылар саны: 12                  Қатыспағандар саны:3
Сабақтың тақырыбы: Бисерден жасалатын бұйымдарға жалпы сипаттама. Доллар ағашын жасау.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
  • Сумоншақпен жасалатын сәнді бұйымдарды біледі.
Оқушылардың басым бөлігі:
  • Сумоншақты қолдана отырып бұймдар жасау технологиясын түсінеді.
Кейбір оқушылар:
Су моншақпен (бисермен) кестелеудің технологиясымен таныса отырып, сапалы да сәнді бұйымдар жасайды.
Тілдік мақсат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар:

Сумоншақты пайдалана отырып сәнді бұйымдар жасайды.Өз бетінше ұқыпты жұмыс істеу дағдылары қалыптасады, қолөнерге деген қызығушылығы артады.Өзін-өзі дамытады,топпен жұмыс істеу және топ жұмысының нәтижесін көреді,өз ойларын сын тұрғысынан ойлай отырып сынып алдында қорғай біледі.

Негізгі сөздер мен тіркестер: Сумоншақтан жасалған бұйымдар сызбалар, суреттер
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Бисер, Бусер ,Рубка,Стеклярус .

Талқылауға арналған тармақтар:
Сумоншақтан жасалған бұйымдарға жалпы шолу.Сумоншақтың шығу тарихын,сәнді бұйымдар жасауда сумоншақтарды қолдану технологияларын.
Сіз неліктен … екенін айта аласыз ба?
Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты
Жазылым бойынша ұсыныстар:

1. Сумоншақ дегеніміз не?
2. Сумоншақтың отаны
3. Сумоншақтан жасалған сәндік бұйымдар

Алдыңғы тақырып Өтілген тақырыптар бойынша сұрақ жауаптар.Елестетеді,ойлана отырып жауап береді.
 

Жоспар

Жоспар-ланған уақыт

40 минут

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы

 

 

 

 

 

 

Ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Түгендеу. Шаттық шеңберін құру. Топқа боліну.

«СЕН  ҚАНДАЙСЫҢ?» бисер түстері арқылы оқушыларды қыздарды 2-топқа бөлу.

1-топ «Қызыл бисер» , 2-топ «Сары бисер»

Қыздарды белгіленген жұмыс орнына отырғызу.

 

Шаттық шеңбері.

Түрлі түсті бисерлер

1.Білу. «Ой қозғау әдісі арқылы. Оқушыларға жұмбақ қойып жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

1. Пластмассадан, әйнектен,інжу-маржаннан жасалатынтүрлі-түсті ұсақ моншақтар (сумоншақ)

Бүгінгі сабағымыз өткен сабағымызға қарағанда өзгеше. Өткен сабақта бисер туралы көп мағлұмат алдық. Бүгінгі сабағымызды БББ әдісімен өтеміз,

Пластмассадан,әйнектен, інжу-маржаннан жасалған түрлі-түсті ұсақ моншақтарды бисер деп атайды.

Кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны Ежелгі Египет болған.Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар сонау б.з.д.ІV ғасыр ескерткіштерінен табылған.Әйнектік массаға кобальт, мыс, марганец қосу арқылы египеттер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған. Мұндай әшекейлерді еркектер де,әйелдер де, әсіресе ақ түсті киімдермен таққан екен. Ең алғаш бисер атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «бусра» немесе «бусер» деген сөзінен шыққан,мағынасы «жасалған маржан».

2.Түсіну 

 Жалпы бисерден жасалған ағаштар туралы мағлұмат беру.

Бонсай ағашы

Доллар ағашыСакура ағашы.

Ақша шақыратын ағаш.

 

3. Қолдану .Сарамандық жұмыс

Сарамандық жұмысты техника қауіпсіздік ережесін еске түсіру мен оқушылардың бір-біріне сәттілік тілеуімен басталады. Жұмыстың реті:

1. Оқушылардың өз қалауы бойынша жұмыстарының үлгісін жасауы .

2. Доллар үшін қажетті заттарды дайындау.

3. Нұсқау бойынша тоқу.

4. Жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау. Сумоншақтың тоқылу жолдары тақтада көрсетемін. Сарамандық жұмыс кезінде оқушылар доллар агашын жасайды. Нәтижесінде сумоншақпен тоқу өнері өте нәзіктілікті, әдемілікті, шыдам-дылықты және қиял ұшқырлығы мен шеберлікті талап етеді екен деп тапты.

 

Сергіту сәті : Үстел үстінде бисерден жасалған білезік, бисерлер тұрады. Қыздар әшекей бұйымдардың астындағы жұмбақты дұрыс шешсе, сол бұйымды сыйлыққа алады.

1.Қолымда бір құсым бар екі басты,
Аяғын басқан кезде нәрсе қашты. (қайшы)

2.Жылмаң-жылмаң етеді,
Жылмаңдап сайдан өтеді
Із-міз тастап кетеді. (ине)

Үлгі әр оқушының алдына таратылып беріліп, өзіндік жұмыс жүргізіледі.

 

5. Жинақтау  «Сұрақ жауап» арқылы топтарға әртүрлі тапсырмалар беру.

1. Бисердің отаны қай ел?
2. Бисер мен стеклярустың айырмашылығы неде?
3. Бисерден, стеклярустан қандай заттар жасалады?
4. Бисермен доллар ағашын қалай жасайды?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайын жұмыстар көрсету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сумоншақ,

Ине,жіп

 

Сумоншақ,

 

Ине,сым,қайшы

рамка

 

 

 

 

Сумоншақ,блезік

 

 

 

Аяқталуы Кері байланыс: 

 

 

Үйге тапсырма: Доллар ағашын аяқтау.

 

 

 

Стикерлер

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *