Бақыт

Бақытсызбын дейсің бе?
Тыңда күнім
Бақытсыздық адамда,
Болмайтұғын.
Бақыттардың әлемін білу үшін
Бақытсыздық дәмінде сезіп білгің

Бақыт деген алып жатқан мың демің
Бақыт деген беріп жатыр нық сенім
Бақыт деген қателікті түсініп
Бақыт деген кешіп жатқан өмірің

Бақыт деген әкең-анаң сүйікті
Бақыт деген бауырларың сүйкімді
Бақыт деген үлкен емес кіші емес
Бақыт деген соғып тұрған жүрегің

Бақыт деген ашық аспан, айлы түн
Бақыт деген жадыраған жайлы күн
Бақыт деген нұрын төгер ғаламға
Бақыт деген жақсылықта соны түсін

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *