Бағасы.Саны.Құны

Ниязгалиева Орынганым Аккереевна

Сабақтың тақырыбы: Бағасы.Саны Құны.                                                  .

Сабақтың мақсаты:

а) бағасы,саны,құнын табуға берілген есептер туралы білімдерін қалыптастыру;

ә) осындай есептерді шығару тәсілдерімен таныстыру;

б)  шапшаңдыққа тәрбиелеу;

Сабақтың көрнекілігі: суреттер,оқулық

Сабақтың әдісі: түсіндіру,баяндау

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Күтілетін нәтиже: бағасы,саны,құнын табуға берілген есептерді шығара білу;

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

№5тапсырма

III Тірек білім,білік,дағдыларын белсендіру.

  • 7- ні 5-ке арттыр;
  • 7-ні 5 есе арттыр;
  • 8- ні 5- ке кеміт;
  • 60 пен 0-дің көбейтіндісін көрсет;
  • 45 пен 1- дің көбейтіндісін көрсет;
  • Мен бір сан ойладым оған 500 қоссам 1000 шықты, қандай сан ойладым
  • Анам түскіге дүкенен 10жұмыртқа әкелді, 5 жұмыртқа,кешкіге 5 жұмыртқа қуырды. Неше жұмыртқа қалды?
  • 32мен 8-дің бөліндісі нешеге тең?

IV.Жаңа сабақ.

Практикалық жұмыс ұйымдастыру. «Дүкен» ойыны

Жинақ полотносында әртүрлі заттардың суреттері қойылған.Мысалы,әрқайсысында 5 теңгеден бағасы жазылған 3 самса,6 теңгеден 6 кәмпит,4 теңгеден өшіргіштер,8 теңгеден қарындаштар,т.б.

Бірдей  бірнеше затты сатып алуды ұсынамын және сұрақтар қоямын.

Бір заттың бағасы қанша?

Сен нешеу сатып алдың?

Барлық сатып алынған затқа неше теңге төледің?

Сен оны қандай амалмен білдің?

Неге көбейтумен орындадың?

Оқушылар неше зат сатып алынса,бағасы сонша рет қайталанатынын түсіндіре алуы тиіс.

№1 тапсырма.Ауызша орындалады.

50 теңгеге не сатып ала аласың?

 

Ү Топтық жұмы

 

№2 тапсырма.

Әрқайсысы 5 теңге тұратын 4 кәмпит (6,7,8 кәмпит) сатып алсаң,қанша ақша төлеу керек?

Кестені қара және оны дәптеріңе толтыр.

                      

 

 

 

 

Сатып алынған заттың құнын білу үшін,заттың бағасын оның санына көбейту керек.Қ=БхС

№3 тапсырма.

Егер сатып алынған затқа 24,32,40,48 теңге төленген болса,бағасы 8 теңгеден неше кәмпит сатып алынған?

Дәптеріңе кестені толтыр.

Сатып алынған заттың санын білу үшін,оның құнын заттың бағасына бөлу керек.С=Қ:Б

 

№4 тапсырма.

Егер 4 кәмпитке 20,28,36,32 теңге төленсе,1 кәмпиттің бағасы қанша?

Заттың бағасын білу үшін,оның құнын санына бөлу керек.Б=Қ:С

 

 

V.Бекіту. «Лато» ойыны

      А          Б            В           Г

 

1 0  

30

2 54  

 

3 5 24  

 

4 10см  

440

5 0  

7

 

Көршілері бірін-бірі бағалайды.

№5 тапсырма.Кесте бойынша есептер құрастыр және шығар.

VI.Өткен материалмен жұмыс.

№7 тапсырманы ауызша орындайды.

№8 логикалық тапсырманы өз беттерінеш орындайды.           

VII.Сабақты қорыту.

— Бүгінгі сабақтағы ең маңыздысы не болды?

— Не қызықты болды?                                                                              

VIII.Үйге тапсырма.

№6 тапсырма.

  1. Бағалау.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *