Бастауыш

Усембаева Жибек Кайратовна

Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларға сөйлемнің негізгі мүшесінің бірі бастауыш туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
2) Байланыстырып сөйлеу тілін және сөздік қорын молайтып, ой белсенділігін дамыту.
3) Шыншылдыққа, сауаттылыққа, тазалыққа, жылдам ойлауға, көркем жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ — жауап
Сабақтың көрнекілігі: ереже жазылған плакат, тірек схема, төрт түлік малдың суреті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды түгелдеу
2. Сабаққа әзірлігі «Ыстық алақан жаттығуы».
Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау. Қайталау
Өткен тақырыптар бойынша оқушыларды топқа бөлу.
Сөйлем дегеніміз не? Сөйлемнің түрлерін ата.
Оқушыларға сөйлемдер тарату арқылы топқа бөлу.
1. Хабарлы сөйлем.
2. Сұраулы сөйлем.
3. Лепті сөйлем.
— Cөйлем мүшелері дегеніміз не?
— Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?
— Айдана жазды. Олар шықты. Сиыр ішті деген сөйлемдерге сөздер қосу арқылы сөйлем мүшелерінің санын көбейтіп жаз.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сызбаны пайдалана отырып жаңа сабақты түсіндіру.
Қимыл, іс — әрекет иесін білдіретін сөзді бастауыш дейді. Бастауыштар кім?
кімдер? не? нелер? кімі? несі? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Жәния дайындалды. Боран соқты. Ауылдан әкесі келді.
Ендеше, балалар дәптерімізді ашып, күн ретін жазайық.
— Тақтамен жұмыс
22 — жаттығу
Сөйлемдерді көшіріп жаз.
Жел соқты. Бұлт қоюланды. Жаңбыр себеледі. Оқушы оқыды. Малшы бақты.
— Қарамен жазылған сөздердің астын сыз, оларға сұрақ қой.
1 – топқа. 23 — жаттығу
Сөйлемдерді оқып, көшіріп жаз.
Мұғалім түсіндірді. Лақ маңырады. Мұз қатты. Күн шықты. Сәкен оқыды.
Қимыл иесі болатын сөздердің астын сыз, оларға сұрақ қой.
2 – топқа. 24 — жаттығу
Жұмбақтың шешуін тауып, жатқа жазу.
Дала тегіс сарғайды,
Шаруа қысқа қамданды.
Күн қысқара бастады,
Тауға тұңғыш қар жауды. (Күз)
3 – топқа. 25 — жаттығу
Өлеңді көшіріп жазып, бастауышты тауып, астын сызу.
Төсегіне күн жатты,
Жердің бетін түн жапты.
Маужырады шың — құздар,
Көзін ашты жұлдыздар.
Жылқы жусап далада,
Қой ұйықтады қорада.
ІҮ. Сергіту сәті
26 — жаттығу
«Адасқан сөздер» ойынын ойнай отырып, жаттығу жазу.
Арыстан ———- боздайды
Түйе ————— мөңірейді
Жылқы ———— ақырады
Қой —————- кісінейді
Сиыр ————— маңырайды
28 – жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрау. Жазған сөйлемдеріңнен бастауышты тап.
Ү. Сабақты қорыту
Бастауыш дегеніміз не?
Бастауыштың сұрақтарын ата.
ҮІ. Үйге тапсырма. 27 — жаттығу
Сұрақтарға бағанның оң жағындағы сөздерді пайдаланып жауап беру.
Ереже жаттау
ҮІІ. Бағалау

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *