Бастауыш сыныптарды қашықтықтан оқыту әдістемесі

Бастауыш сыныптарды қашықтықтан оқыту әдістемесі

Педагогика ғылымы әркез оқытудың жетілген жаңа моделдерін жасай отыра, үнемі оларды зерттеумен айналысады, білім беру мен оқытудың, болашақтағы құрылымдарына болжам жасайды. Ғылым мен іс-тәжірибенің талабына сай туындайтын міндеттер өзінің әртүрлі мазмұнымен ерекшелінеді. Олардың көбісі болжамнан гөрі тез шешімін табуды талап етеді. Мысалы, білім беруді ақпараттандыру, электрондық оқулықтардың қорын жасау, педагогикалық мамандықтардың мемлекеттік білім стандарттарын жасау, мектеп бітірушілерге мамандық таңдауда әсер ететін факторларды анықтау, оқушы-мұғалім арасында, қарым-қатынасында болатын әртүрлі педагогикалық жағдайларға талдау жасау және т.б.

Білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер, талаптарға шолу, талдау жасай отырып, білім беруді ақпараттандырудың мәні мен мазмұнын сипаттау, ақпараттық технонологияларды қолдана отырып математика сабағын өтудің тәжірибесін ұсынамын.

Бұл әдістемемнің  міндеттері:

– бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдаланудағы қазіргі заман талаптары;

– бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып оқыту;

– бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдалануотырып, сабақ үлгілерін құрастыру.

Қазіргі кездегі компьютерлік технологияның даму деңгейі жаңа дәуірдің мультимедиялық, телекоммуникациялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсететін, толыққанды сапалы, нақты алғы шарттар болып табылады. Мұндай мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін білім саласында да, сондай-ақ қазіргі кездегі ақпараттық коммуникациялық технологияны дамыту саласында да мамандарды біріктіруге күш салуда.

Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелілігін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алды. Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, мектеп пәндерін оқыту процесінде компьютерді қолдану мұғалім мен оқушы қарым қатынасы жүйесін, олардың іс-әрекеттерінің мазмұнына, құрылымына өзгеріс әкеледі, түрлендіреді.

Демек, оқыту процесінде компьютерді қолдану білім мен біліктілікке қоятын талаптарды қайта қарап, жетілдіріп жүйелеуді талап етеді.

Қазіргі замандағы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады. Дыбыстық, графикалық, бейне, мультимедия, гипер-текстік элементтермен қашықтан компьютерлік оқытудың мүмкіндігі пайда болды. Осылайша оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық. Ол оқушылардыдаралай оқытуда жаңа ақпараттарды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тестік бақылауға арналған программалық құрал.

Қашықтан оқыту – ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Қашықтан оқытуда екі компонент бар: оқытуды басқару және өз бетімен білім алу.

Ақпараттық технология жақсы дамығанымен ол оқытудың басты құралы болып есептелмейді. Ол үшін оқу бағдарламасында және оқыту әдістеріне өзгеріс енгізу керек. Жаңа технологияны қолдану мұғалімдерге дайындық жұмыстарына көп уақытты керек етеді. Әрбір мұғалімнен ізденуді, шығармашылық жұмыс жасауды, алыс – жақын шетелдердің озық тәжірибелерімен танысуды және оның күнделікті өмірде қолдануды қажет етеді. Оқушылар қашықтан оқу арқылы өз білімдерін жетілдіре алады және ақпарат жүйлерін пайдалану мүмкіндігі артады. Мысалы керекті әдебиеттер мен оқу кітаптарын іздеу, бақылау және тестік тапсырмаларды орындау, лабороториялық жұмыстар, дайын баяндамалар, қашықтан олимпиядаға қатысу оқушының шығармашылық потенциалының дамуына әсер етеді. Қашықтан оқытудың міндетін түсіну үшін оқушылардың арасында мониторингтік сараптамасы жүргізілу керек. Мониторинг нәтижесі бойынша қашықтықтан оқыту оқу процесіне жағымды әсер етеді.

Оқу процесінде жаңа ақпараттық технологияларды енгізу ісі де математикамен тығыз байланысты өткізіледі. Сондықтан математика пәні мұғалімдері компьютерлік техниканы меңгеріп қана қоймай, оны өз пәндерінде кеңінен қолдануда.

Математикадан сабақ беру әдістемесі педагогикалық ғылымдар жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Пән ерекшелігіне қарай математика курсын толығынан компьютерлік негізде ауыстыруға болмайды. Мысалы, аксиома, теорема, оларды дәлелдеулер жолымен оқушылардың абстрактылық ойлау қабілетін дамыту істері бұрынғы тәсілдермен жүргізілуі тиіс. Тек кейбір тақырыптар мен тарауларды оқып үйренуді ғана компьтерлік технологияға жүктеу керек. Оқушылардың пәнді жақсы игеруінің басты шарты мұғалімнің осы сабаққа деген қызығушылықты тудыра білуінен басталады. Ақпараттық технологиялар – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал.

Сабақты компьютермен сүйемелдеу ісін жүзеге асыру, оны негіздеу мына негізден қарастырылуы тиіс:

  • математикада компьютерді пайдалану арқылы оқу сапасының артуы мен
  • оқыту аймағының кеңеюіне байланысты қоғамның әлеуметтік талабына сай болуы;
  • компьютерлік технологияның бұрынғы дәстүрлі пәндерге, оның ішінде

математикаға араласуы, енгізілуі;

  • оқушыларды әртүрлі компьютерлік техникалық құралдарды игеріп, солардытұтыну тәсілдерінің қалыптасуы, яғни оларды игеру оқушыларды жаңа білім ортасына жылдам енгізеді.

Компьютермен оқытудың өз мақсаты, мазмұны, формасы және ерекше өткізу тәсілі бар екені белгілі.

Осындай сабақтар жасаудың мынадай негізгі кезеңдері:

  • оқыту мақсатын анықтау;
  • өтілетін тақырыптың, бөлімнің материалдарын талдау, керектілерін таңдап
  • алу және оның тиісті құрылымын жасау;
  • оқыту тәсілін таңдау;
  • сабақты жобалау, яғни оның жоспарын құрастыру;
  • оқу процесінде компьютерлік сүйемелдеуі бар сабақтарды кіргізу.

Қашықтан оқыту жүйесі дербес компьютер (ДК) көмегімен және интернетке шығу арқылы қажетті дағдылар мен жаңа білім алуға мүмкіндік береді. Компьютердің орналасқан жері маңызды емес, сондықтан сіз үйде, жұмыс орнында, онлайн-кафеде немесе Интернет байланысы бар және жоқ жерде кез-келген басқа жерде айланысы  аласыз.  Бұл дәстүрлі оқу формалары алдында ҚО-дың басты артықшылығы. Оқу орындарының компьютерлік базасы әрі қарай толықтырылады, жетілдіріледі, бірақ соған қарамастан, қолдағы бар құралдарды толық пайдаланып, солардың мүмкіндіктерін барынша қолдануға тырысу керек.

Қорыта келе айтарым – оқу процесінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданысқа енгізу техникалық жағынан да, психологиялық жағынан да күрделі мәселе болып табылады.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *