Бала тәрбиесі

Тіл  үйрету  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  білім  беру  жұмыстарының  негізі  болуға  тиіс. Өйткені  баланың  сөздік  қорының  нығаюы  оның  танымдық  қабілетін  арттырып, ой-өрісін  кеңейтеді. Бала  сөйлеуді  үйрене  келе,айналадағы  дүниені  танып,біледі.Көрген-білгенін  басқаларға  сөз  арқылы  жеткізіп, тілдеседі.Осының  өзі  оның  білім-дағдысының  молайып,күнделікті өмірден  алған  әсерінің  нығая  түсуіне  себеп  болады.Тіл-баланың  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасу  барысында,ой-өрісін,ақыл-парасатын,адамгершілігін,эстетикалық  сезімін  жетілдіру  міндеттерін  жүзеге  асырудың  ең  басты  құралы.Бала  тілін  дамытып, қалыптастыруда  ұлтымыздың  ауыз  әдебиетінің  тигізер  ықпалы  зор.Халқымыздың  ертегілері,аңыз-әңгімелері, мақал-мәтелдері,жұмбақ-жаңылтпаштары  әдеби  көркем  тілмен  беріледі.Халық  шығармаларының  мән-мағынасын  түсіндіріп,баланың  тіл  әлеміне  деген  қызығушылығын  арттыру  қажет.Сондықтан  балаларды  жастайынан  ауыз  әдебиетіндегі  ертегі-аңыздарды т.б шығармаларды  оқуға  дағдыландырып,қызығушылығын  ояту  арқылы , өзгеге  оқыған  ертегісінің  мазмұнын  айтуды,баланы  дұрыс  сөйлеуге, тілі  келмейтін  дыбыстар  мен  сөздерді  анық  айтуға  жаттықтыру-тіл  мамандарының  және  ата-ананың  міндеті.

Тіл-халықтың  ажары,базары,бағы.  Жас  ұрпақтың  көзін  ашып,есін  білгеннен  бастап өзіміздің  мемлекеттік  тілге  бет  бұрғызып,халқымыздың  рухында тәрбиелеу-заман талабы.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *