Бала тәрбиесі-баршаға ортақ

Қалтаева Маржан Сейітқожаевна

 

Жаңа заман баласы-ертеңгі еліміздің болашағы.Педагогикалық технологияны қолдану негізінде өскелең ұрпақтын еркін дамуына, жан-жақты біліп алып, белсенді болуына жағдай жасау-қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті.Қоғамның қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту,тәрбие беру үдерісін технологияландыру-басты мәселелердің бірі.Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары енгізілуде. Білім беру жүйесінде қолданылып жүрген педагогикалық технологиялар:ықтымақтастық педогикасы, білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту,модульдік оқыту, тірек сызбасы арқылы оқыту, дамыта оқыту, оза оқыту, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, бағдарламалап оқыту, денгейлеп оқыту т.б.

Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Оның негізгі мақсаты-мектепке дейінгі балалардың білім алуына бірдей, бастапқы бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.Кез келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолдану маңызы зор.Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видио құралдары, компьютер,интербелсенді тақта, интернет,мультимедиялық құралдар,электрондық оқулықтар,оқу-әдістемелік кешендер,инновациялық сайт және тағы басқалар жатады. Қазіргі таңда көптеген интербелсенді бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар табуда. Ұлтымыздың болашағы-жас ұрпақ,бүгінгі қоғамның мәйегі жаңа үрдістің ұйымдастырушысы «Педагог» мектепке дейінгі тәрбие әдістемелік кеңес беру орталығы директоры Ногайбекова Бахытгуль Саматовна оқытқан «Step by Step» технологиясы бізге тигізер әсерінің маңызы зор.

Ол үшін педагогқа қажетті қасиеттер: жылылық,түсінгіштік,сезімталдық,кең ойлай алу,баланы шабыттандыра білу,баланы адам ретінде қадірлей болу,оқу қызметтің қызықты әрі пайдалы болуы,шығармашылық ізденіс.

«Step by Step» технологиясы арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланады,біріншіден, балалардың қызығушылығын арттырады,екіншіден, зейін қойып көру, заттарды ұстап көру арқылы ой-өрісі артады. Бұл бағдарламаның ерекшелігі-балаларға ақпаратты беру жылдамдағы жоғары. Балаларды 4К моделімен:креативті,сыни ойлауды,коммуникативтілік дамытуға командада жұмыс істеуге тәрбиелеу арқылы

интуиция, образдық ойлауын іске қосады. Сол арқылы шығармашылық қабілеті байлығы дамиды.

Мектепке дейінгі мекемелерде ақпараттық-қатынастық технологиялық құралдарды қолдану балада танымдық қызығушылықтың болуы олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді, білімді сапалы болуына , жағымды мінез-құлықтырын қалыптастыруға мүмкіндік береді. «Step by step» технологиясының басқа технологиясының басқа технологиядан ерекшелігі негізгі жалпы баланың іс-әрекетін орталықтарда ұйымдастыру. Арнайы орта құрып, онда баланың өзін-өзі дамытуына ықпал жасау. Дамытушы орталықтарға бөлген кезде, балалардың деңгейлері мен қабілеттері міндетті түрде ескеріліп отырады. Баланы өмірге бейімдеу дамытушылық ортада жүзеге асады.Дамытушылық ортасы дегеніміз-балалардың қызығушылығын туғызатын орта.

Біріншіден,білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет.

Екіншіден,тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар жүйелі көңіл бөліп,шығармашылық бағдарын айқындап,оны жүзеге асыру үшін белсенділік қажет.Сондай-ақ отбасының сұранысымен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізгі жұмыс істеуге өте маңызды.

Үшіншіден,балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып,тәрбиелеумен білім берудің технологияларының сауатты меңгеріп жаңа педагогикалық әдіс тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп,оны тәжірбиедеде пайдалануға шығарма шылықпен үлес қосып отыру керек.

Баланы тәрбиелеу,дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымы бірлескен,өзара тығыз байланыста болу өте маңызды.

Технология – білім мазмұнын жүзеге асыратын әдіс- тәсілдер жиынтығы.Ал әдіс-тәсілдерді ұйымдастыра білу тәрбиешінің шеберлігі.Тәрбие-барлық тәрбиенің бастамасы.Өз мамандығына жан жүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканыда ұстаздық техниканыда жақсы меңгереді.

Сондықтан болашақ ұрпақ келешек қоғам иесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты,жетілген, ақыл-парасаты мол мәдени-ғылыми өрісі озық адамзат етіп тәрбиелеу-менің де қоғам алдындағы борышым.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *