Бала тәрбиесінің маңыздылығы

Шапихова Меруерт Сардарбекқызы

Баланы  сәби  шақтан  адамгершілікке  тәрбиелеу  олардың қоршаған  ортаны  танып білуі  алдымен  толық отбасынан тәрбие  алғандығынан  басталады.   баланың қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіне енуге қажетті маңызды адамгершілік   қасиеттерін дамытуға, еңбек дағдыларын, жалпы  адамзаттық құндылықтардың нормаларын    білу, салт-дәстүрлер мен ережелер негізінде әлеуметтік-мәдени тәжірибесін   қалыптастырады.

Қоғамдық өмірде қоршаған ортамен және құбылыстармен таныстыру негізінде   балалардың әлеуметтік дағдыларын дамытуда   тәрбиешілердің  еңбегі  өте  зор. Баланың ұжымда, қоғамда,  балабақшада      бейімделуі ойдағыдай әлеуметтенуі үшін қажетті тұлғаның қасиетін қалыптастыру өте  маңызды

Балаларды  түрлі әлеуметтік жағдайларда тиісті шешім қабылдауға, өзінің және жолдастарының    қылығы бойынша пікір айтуға болатынын және қажеттілігін түсінуді үйрету.

Ересектерді   құрметтеу халықтық дәстүріне негізделген өзін-өзі ұстау адамгершілік    қағидаларын сақтауға үйрету.Ересектермен    немесе құрдастарымен   келіспей  қалған жағдайда балаларды «өзара келісуге»   ниеттендіру, басқаларды тыңдай білу, олардың тілектерін, қажеттіліктерін,      қиындықтарын түсіне білу, өз тілегі мен мәселесін айтуға мүмкіндік жасау,   дау-жанжалдарды бірге шешуге, татуласуға үйрету.

Қоршағанортамен таныстыру процесінде әдептіліктің қарапайым дағдыларын бекіту
(сәлемдесу, қоштаса білу, кешірім сұрау, өз көмегін ұсыну).

Адамдардың   мінез-құлықтары мен кәсіби әрекеттерін, этникалық мәдениетке ұқыптылықпен   қарау, құқықтық білімдерін құрметтеу әрекеттерін балаға түсінікті болатындай
гендерлік тәсілмен жеткізе отырып, әлеуметтік-мәдениет негіздерін қалыптастыру.

Балалардың  мінез-құлқында қарапайым этикет ережелерін бекіту, ересектердің сөзін бөлмеу,   ойыншықтармен бөлісу, қоғамдық орындарда өзін ұстай білу сияқты    этикалық құнды өзара әрекет үлгілерін қолдануды  ұғындарып  еске  салып отыру  маңызды.Балалардаөз ата-тегін (жеті атасын) білуге деген қызығушылықты дамыту. Баланың өзінің   әке-шешесіне, туысқандарына сыртқы ұқсастықтары (көзі, мұрны, шашының түсі   т.б.) бар екенін көре білуге үйрету.

Өзара сыйластық негізінде отбасы    мүшелерімен қарым-қатынас жасай білуді бекіту. Туыстарын   сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Отбасы мүшелеріндегі ересектер (ата мен әже)
мен кішілерге қамқорлық көрсету. Өзін-өзі  дұрыс бағалап өзіне сенімінің бекуіне мүмкіндік туғызу, өзін қадірлеп    дербестігін дамытуға, түрлі әрекеттерде (ойын, бейнелеу, музыкалық және т.б.)    өзінің жетістіктерін нақты бағалауын дамытудағы қажеттіліктерін қолдау.Балалардың  жетістіктерін  қолпаштап  құрметтеп  отырған  маңызды

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *