Отбасын құруды жоспарлау, адасудың алдын алу

№ 16 КОЛЛЕДЖ МКҚК

САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ

«БЕКІТЕМІН»
Директордың ТЖЖО
____________ Г.Шертаева
«_____» _______________ 2019 ж.

ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Отбасын құруды жоспарлау, адасудың алдын алу

ТС-ТБ-К-60/29

Данасы:________________________________________

Енгізілген мерзімі:_______________________________

Пайдалану мерзімі: ______________________________

Қызмет бабында пайдаланылатын басылым

Шардара
Жораев Айдос Назарбекұлы
Түркістан облысы
Шардара қаласы
№16 колледж
Өндірістік оқыту шебері
Отбасын құруды жоспарлау, адасудың алдын алу

АЛҒЫ СӨЗ

1 Әзірлегендер: К-60 топ жетекшісі ………………………………………………………… М. Сопбекова
К-60 топ шеберлері…………………………………………………………. А. Жораев

2 Бірінші рет енгізілді

Осы тәрбие сағатын №16 колледждің рұқсатынсыз толық немесе жартылай қайталауға, көбейтуге және таратуға болмайды
МАЗМҰНЫ

1 Мақсаты…………………………………………………………………………………………………………………………4

2 Көрнекілігі……………………………………………………………………………………………………………………..4

3 Сабақтың түрі…………………………………………………………………………………………………………………4

4 Сабақтың барысы……………………………………………………………………………………………………………4

5 Қорытынды…………………………………………………………………………………………………………………….8

6 Пайдаланылған әдебиет…………………………………………………………………………………………………..8

1 МАҚСАТЫ
Студенттерге мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік
бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау; оқушылардың
қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке
тәрбиелеу, кәсіби бағдар беру; түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту,
өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.

2 КӨРНЕКІЛІГІ
Интерактивті тақта, слайдтар

3 САБАҚТЫҢ ТҮРІ
Тренингтер, әңгімелеу, сұрақ-жауап, топтық жұмыс

4 САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
Отбасы және неке
Мақсаты: Пікірсайыс тудыра отырып, өз ойларын дәлелдеп, басқа пәндерден алған білімдерін адам, қоғам, құқық пәнімен байланыстыра өз бетінше ойлай білуге дағдыландыру, оқушылардың бойында әдептілік, әділеттік, сыпайылық, инабаттылық, кішіге қамқор, үлкенге құрметпен қарап ізетті болу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды адамгершілікке, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауға, жүйелі ойлауға, топ болып жұмыс істеуге тәрбиелеу
Әдісі: пікір сайыс
Көрнекілігі: сұрақтар, нақыл сөздер жазылған плакаттар, кестелер, сөзжұмбақ
1. Ой қозғау. Отбасының қызметін атау
— Ұрпақ жалғастырады,
— өзара көмектеседі,
— мәселені бірге шешеді,
— балаларға білім мен тәрбие беру,
— тұрғылықты жері болады.
2. Мағынаны тану Шағын лекция
Отбасы дегеніміз-бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке қатысты емес жеке бастың құқықтары мен байланысқан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы – неке қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт 17 желтоқсан 1998 жылы ҚР «Неке және отбасы» Заңы болып табылады. 10. 01. 2006 жылы өзгертулер енгізілген. 7 бөлім, 29 тарау, 213 баптан тұрады.
Неке – отбасы құрудың негізі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсіндіруіміз қажет.
Отбасылық қатынастар адамдар арасында некеден, туыстық, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайтын қатынастар. Отбасындағы қатынастар адамгершілік, ізгілік – өнегелік, өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық нормалары негізінде реттеледі.
Отбасы түрлері
Толық отбасы – ата-ана балалары, ата әжесі.
Толық емес отбасы – ата-ана біреуінің болуы (ажырасқан, қайтыс болған)
Туыстық дегенде бір негізден немесе ортақ бір атадан тарайтын қандас адамдардың байланысы түсініледі. Туыстықтың екі тармағы болады: тікелей және жанама туыстық. Тікелей туыстық жоғары және төменгі тармаққа ажыратылады. Туыстықтың жоғары тармағы ұрпақтан арғы атаға қарай тарайды (әкеге, шешеге, атаға, атаның атасына және т. б.), төменгі тармақ – арғы атадан ұрпақтарына қарай тарайды (балаға, немереге, шөбереге және т. б.). жанама туыстыққа жеті ата, немере ағайындар жатады.(кесте)
Мұрагерлердің алты кезегі
1-кезегі Балалары, ерлі-зайыптылар мен ата-аналар
2-кезегі Туыстары, ағалары, қарындастары, әке-шешесі жағынан ата-әжесі
3-кезегі Көкесі, тәтесі
4-кезегі Алтыншы атасына дейінгі өзге туыстары
5-кезегі Он жыл бірге тұрған туыс ағалары, қарындастары, өгей әке-шешесі
6-кезегі Мұра қалдырушының еңбекке жарамсыз асырауында болғандар
Толық туыс – бір ата-анадан тарағандар,

Толық емес туыс – әке мен шешесінің біреуі ортақ туыстар,
Бір кіндіктен — бір анадан тарағандар,
Қандастар – әкесі бір, шешелері басқа,
Сүйек жақын – өгей ер, қыз бала
Неке және отбасын қорғау екі түрде жүзеге асырылады:
1. Юрисдикалық (сот, прокурор, АХАТ органдары, ІІО)
2. Беюрисдикалық (азаматтар мен ұйымдардың өзара іс-әрекеттері)
Дамыту кезеңі
І. Жеке тапсырма: Отбасында сендер қандай қызмет атқарасыңдар?
(ата-ана, іні-қарындас, аға-апа үшін қандай жауапкершілік сезінесіңдер?)
ІІ. «Неке және отбасы» Заңы баптарымен жұмыс жасату.
1. Неке жасы — (ерлер-18, әйелдер-17) (10бап)
2. Некеге тұруға тиым салу (2бөлім, 3тарау, 11бап) (- Басқа некеде тұрған жағдайда, — туыстық жақын болса,- психикалық есі кем болған жағдайда,- сол ел азаматтығы жоқ болса)
3. Жарамсыз неке (жалған неке-фиктивтік неке) (24-25-26бап)
4. Некені тоқтату (қайтыс болуда, жоғалып кетсе) (4тарау, 14бап)
5. Неке құқықтары (тегін, мамандық, тұрғылықты жерінтаңдау, ортақ меншік) 28-29 бап
ІІІ. Тренинг өткізу Акварум (үш белсенді оқушыны шығару, тапсырма беру, пікірлерін тыңдау, сұрақтар қою, ұнағанына дауыс беру)

1. Жалғыз басты адам отбасы болмайды
Қоғамдағы отбасылы болмағандар (қыздар, ұлдар, ажырасқандар) туралы пікірлерің?
ІV. Пікірталас

1. Қазіргі жастар ерте отбасын құрып, ата-аналарына жауапкершілік арта салуы дұрыс па?
Бекіту. – Жақсы отбасы және нашар отбасы неге болады? (ойланып жаз)
Сәйкестендіру тест
№ Термин Анықтама
1 Нуклеарлы отбасы А) Бір атадан тарағандар
2 Кеңейген отбасы Ә) Баламен не баласыз ата-аналардың бірі тұратын отбасы
3 Мұрагерлік Б) Отбасын құру негізі, ер мен әйел арасындағы ерікті келісіммен жасалған құқықтық одақ
4 Полигамия Г) Мұраға қалатын не заң бойынша иесі өлгеннен кейін басқа адамға берілетін мүлік
5 Туыстық Ғ) Ерлі-зайыптылардың бірінің баласымен не туысқандарының бірімен тұратын отбасы
6 Неке З) Көп әйел алу
1. Отбасы деген не?

2. Отбасы қандай қызметтер атқарады?
3. Некенің қандай түрлерін білесіңдер?
4. Қазіргі кезеңде құрылған отбасылардың тұрақсыз болуының себебі неде деп ойлайсыңдар?
5. Үлгілі отбасы қандай болуы керек?
6. Отбасын құра алмау құбылысы жайлы әңгімелеңдер.
7. Қазіргі жастардың жаман әдеттерге әуес болуының себебі неде?
8. Дәстүрлі қазақ отбасы жайлы әңгімелеңдер
II.Кесте толтыру.

Өзін-өзі зерттеу
Менің жағымды қасиеттерім
Менің кемшіліктерім
III.Сөзжұмбақ шешу ( Отбасы)

1. Ата-анасы балалары бар отбасы қалай аталады?
2-3 Отбасының тұрпаттары қандай болады?
4. Отбасын құрудың негізі
5. Отбасы шеңберіндегі әрекет ететін ең маңызды құндылықтардың бірі

6. Отағасының бірінші әйелі
1. Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру
Сәйкестендіру сұрақтары.

Ұғым Анықтамалар
1. Этнос
2. Ұлт.
3. Халық.
4. Мемлекет.
5. Диаспора
6. Автохтонды ұлт
• Белгілі бір географиялық ортада тұрып, әлеуметтік белсенді және жүйелі әрекет ете алатын, азаматтығы бар қоғам мүшелерінің жиынтығын айтамыз.

• Адамдардың тарихи отанынан өзге жерлерде тұратын бөлігі.
• Қазақстан үшін қазақтар
• Қоғамның саяси — экономикалық, мәдени — әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт.
• Белгілі бір аумақты мекен еткен, өзіне тән шаруашылық жүргізу ерекшелігі бар, өзінің тарихи дәстүрлері қалыптасқан, тілі, мәдениеті,, ұлттық психологиясы айшықтана көрініс беретін адамдар қауымдастығының орнықты формасы.
• Адамдардың еркі бойынша емес, табиғи және тарихи үдерістер нәтижесінде пайда болған әлеуметтік топтасудың айрықша түрі.
3. Білімдерін жан жақты тексеру

1. Қазақстанның ұлттық құрамы.
2. Ұлтаралық қатынастар дегеніміз не?
4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
5. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары:

1. Отбасы құрудың басты мақсаты.
2. Некеден тыс қалу және оның себептері мен салдары.
3. Отбасының тұрпаты.
4. Ерлі — зайыптылар арасындағы қарым — қатынас.
Отбасы — ерлі — зайыптылардың, ата — аналардың, балалардың және басқа туыстардың арақатынасын реттейтін нормалардың, тәртіп үлгілерінің жиынтығымен сипатталатын әлеуметтік институт.
Отбасының бірнеше түрі болады.
Неке – отбасын құру мақсатын көздеген ер мен әйелдің ерікті және тең одағы. Некеге отырған ерлі-зайыптылар бірі — бірінің алдында белгілі бір құқықтарға ие болады және міндеттер орындайды. Неке міндетті түрде тіркелуі керек. Тек тіркелген некеде тұрғандардың әрекеттері заңды болады.

Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңы бойынша неке жасы ерлермен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленген.
Отбасын құру ұстанымдары.
o Ер мен әйелдің некелік одағының еріктілігі;
o Отбасындағы ерлі-зайыптылар құқықтарының теңдігі;
o Бөгде адамдардың отбасы ісіне араласуын болдырмау;
o Отбасының ішкі мәселелерін келісіп шешу;
o Балалардың отбасында тәрбие алуына және олардың қамына көңіл бөлу;
o Кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз отбасы мүшелерінің құқықтары мен мүдделерінің қорғалуына көңіл бөлу;
o Отбасы мүшелері құқықтарының сот арқылы қорғалуының қамтамасыз етілуі;
o Отбасындағы салауатты өмір салтын қолдау;
o Отбасы мүшелерінің бір — бірінің қамын ойлауы;
Моногамды отбасы

Полигамды отбасы
Отбасы мынадай функция атқарады:

● Бала өсіріп, тәрбиелеу арқылы ұрпақ жалғастығын қамтамасыз ету.
● Баланы әлеуметтенуге, қоғамда өмір сүруге дайындау.
● Отбасы мүшелерін баспанамен, көлікпен, киіммен, тамақпен, үй заттарымен, оқуға, еңбек етуге қажетті жабдықтармен, тағы да басқа материалдық құндылықтармен қамтамасыз ету.
Көптеген адамдар «отбасы құрудың негізі — махаббат» деп есептейді. Дегенмен ерлі-зайыптылар арасындағы қатынастарда жауапкершілік пен сенімнің де атқаратын рөлі аз болмаса керек.
Сенім – отбасы шеңберінде әрекет ететін азаматтық құндылықтардың маңыздылардың бірі. Сенім болған отбасының шаңырағы биік, босағасы берік болады.
Әмеңгерлік дегеніміз – дәстүрлі құқықтық мәдениеттің негізгі институттарының бірі; күйеуі өліп, жесір қалған әйелдің қайынағасына немесе қайынінісіне, не болмаса жұбайының ең жақын туыстарының біріне тұрмысқа шығуы, некелесуі.

Атастыру — қазақ халқының дәстүрлі ғұрыптық салты, қыз бен жігіт ата — аналарының өз балаларын бір — біріне үйлендіру жайында ақ ниет, жарқын үмітпен күні бұрын уәделесуі, жігіт атын қызға, қыз атын жігітке естіртуі.

Сөзжұмбақ
т о л ы қ
к е ң е й т і л г е н
м а х а б б а т
б а л а
с е н і м
м о н о г а м д ы
Сөзжұмбақ сұрақтары.

1. Ата — анасы және балалары бар отбасы.
2. Ата — анасы балаларынан басқа туыстары қосылып өмір сүріп жатқан отбасы.
3. Отбасын құрудың негізі.
4. 18 жасқа толмаған адам.
5. Отбасы шеңберінде әрекет ететін азаматтық құндылықтардың маңыздыларының бірі.
6. Бір әйел мен бір ердің некелік одағы.
екшеліктеріне тоқталу. Тақтадағы көрнекілікке көңіл аудару.
Қорытынды: «Жүректен – жүрекке»

«Мен өз отбасымды қалай жақсы көремін?» оқушылар таратылған жүректерге отбасы туралы сезімдерін жазып тақтаға іледі, дауыстап оқиды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *