Баланы тәрбиелеуде эстетикалық қасиетті қалыптастыру

Арғынбаева Кенжекей Садыралиевна

Эстетикалық тәрбиені бала кезеңнен бастау жан — жақты жарасымды дамыған ұрпақ тәрбиелеудің алғы шарты.  Әсемдікті бағалай білу қабілетін жетілдіруге бағытталған мақсатты жүйе.    Эстетикалық тәрбие — дұрыс дамытуға, білімге құштарлығын арттыруға ықпал етеді. Байқағыштығы мен әсерленгіштігін тереңдетеді. Әсемдікті сезіну балалардың өмірін  жақсылық істеуге талпынысын, белсенділігін тудырады. Эстетикалық тәрбие дегеніміз — еңбектегі, тұрмыстағы, өнердегі әсемдікті дұрыс қабылдауын, түсінуінге тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие — сұлулықты тану, сүйе білу, оны шығармашылықпен өмірге ендіре білу қабілетін, дамытады. Эстетикалық тәрбие — кең ұғым.

Эстетикалық тәрбие міндеттері:
• бейнелеу өнері (кескіндеме, графика, мүсін) көркемөнер шығармашылығы (көркем әдебиет, музыка, театр, кино) арқылы баланың сезімдері мен талғамдарын дамытып, сұлулық туралы ұғымдарын қалыптастыру
•  эстетикалық құралдарды пайдалануға дағдыландыру.
•  әсемдікке үлесін қосуға тәрбиелеу.
Эстетикалық тәрбие — сұлулық пен дүниенің әсемдігін сезіну — әдемілікті, бойына өнерге және шындыққа деген әсемдік көзқарас тұрғысында мектеп  жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие беру арқылы, бала әлем сұлулығын көре және сезіне алады, сонымен қатар баланың көркем-шығармашылық қабілеттері  мектеп  жасына дейінгі балалаға эстетикалық тәрбие берудің маңызын анықтау.

Мектеп жасына дейінгі балалардың  қабілетін дамыту — бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі,оқу қызыметіне  енгізудің маңызы зор. Балалардың бойына өнерге және шындыққа деген әсемдік көзқарас тұрғысында қарауды қалыптастыру болып табылады. Мұндағы мақсат – баланы  дамыту. Шығармашылық іс — әрекеттерге қатыстыру, сол арқылы әсемдік руханиятқа, өркениеттің өріне шығып, одан нәр алу , сенсорлық әрекетін дұрыс дамытуға, білімге құштарлығын арттыруға ықпал етеді. Байқағыштығы мен әсерленгіштігін тереңдетеді. Әсемдікті сезіну балалардың өмірін байытып, бір – біріне  жақсылық істеуге талпынысын, белсенділігін тудырады.  Эстетикалық тәрбие — дегеніміз баланың ақыл-ойы мен сезімін, ұшқыр қиялы мен тәрбиені жүзеге асыру үшін балалардың әсемдік сезімі мен ұғымын, көркемдік, шығармашылық қабілетін үздіксіз дамытып, ес біле бастағаннан  өзі жете түсінбесе де жарқын, тартымды нәрсенің бәріне ұмтыла бастайды, мәселен, жылтыраған ойыншықтар қызығушылық сезімін туғызады. Эстетикалық тәрбие алған балалар жарқын, әсем атаулының бәріне жәйғана ұмтылып қана қоймай, сұлулықты жан бірлігі ретінде қабылдайды. Эстетикалық қабылдау сезім мен тебіренумен тығыз байланысты.

Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оған баға беру өмірге қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.

Мектеп жасына дейінгі балаларға тән ерекшелік- бұл шындықты соншалықты пәк, тікелей бейнелейтіндігінде, ғаламат шынайылығында, бейнелейтін заттың ойын кезінде  әсерін бейнелі түрде жеткізе білуіне тәрбиеші үнемі көмектесіп отыруы керек.

Мазмұнды- рөлді ойындарға тақырыпты, мазмұнды таңдап  қана қоймай  ізденіс қажет.

Мектепке дейінгі балаларда шығармашылық нышандары байқала бастайды, ол өз білімін, ұғымын құрастыра білуінен өзінің ойын, сезімін, шығармашылық қабілетін дамыту үшін оларға үнемі ақыл- кеңес беріп, дұрыс тәрбие үлгісін көрсеткен жөн. олар өздігінен сөз, ән,  би қимылдарын жеткізу тәсілдерін меңгереді. Тәрбие баланы әсемдікке баулиды, жағымды қабілетін дамытуда, педагогтың жеке басы, мәдениеті, білімі, өз ісін жете меңгеруі үлкен рөл атқарады.

Эстетикалық талғам балалардың өнерде, өмірде, тұрмыста азық  болатын кең ұғым: ол өнердің терең мағынасын ұғынып, тамаша шығармаларды түсінуді  қамтиды.

Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда үйрету үлкен рөл атқарады. Олар оқу үстінде балалар әдебиеті, музыкалық , шығармаларымен толық игеруді үйренеді.

Балалардың бойында эстетикалык талғамның негіздерін қалай отырып, біз оларды қоршаған ортаның әсемдігін көруге және оның жұртқа қуаныш сыйлауы үшін оны мәпелеп күту керек. Балалардың да көркемдік қабілеттерін, эстетикалық сезімдерін ескере  отырып, педагог рухани байлығы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеудің негіздерін қалай береді.

Сәндік-қолданбалы өнер саласындағы  болмысты көре  отырып, адамның танымдық сезіміне әсер етеді, жамандықтан жиреніп, әсемдікке өмір болмысын, қайырымды да парасатты адам бейнесін өнер өзіне тән құралдар мен тәсілдер арқылы айшықты бейнелеп береді. Мұның бәрі сұлулыққа, мәдениеттілікке, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейді. Қазіргі кезде киноның, теледидар мен радионың, өнер саласындағы әдебиеттер мен өнер ықпалына қарамастан, жаңа бағыттар мен ағымдар туралы мағлұматтар халық бұқарасының арасына тез таралуына, , әрбір халықтың ұлттық ерекшелігімен біте қайнасқан танымы әрқашан сақталып отырады.

Балалардың әсерлі эстетикалык ой-өрісін, көркемдік талғамын дамытуға зор шығармашылық іс-әрекеттердің дағдылар мен қабілеттіліктер мүмкіндіктерін ашып көрсеткен педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып, республика ғалымдары да эстетикалық әдістемелік негіздегі жүйесін жасауда елеулі жұмыстар атқарды (М. Балтабаев, С. Ұзақбаева, С. Қалиев, Н. Хмель) бұл  әлі де шешімін күтіп тұрған педагогикалық, психологиялық өзекті мәселелер мен міндеттері жеткілікті. Сондықтан балалардың әр жас шағында игеруге тиіс көркемдік білім негіздерінің мазмұнын және оның мәселелерінің бірі. Атап айтқанда, қазіргі кезде жас жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беру жүйесінің мақсат-міндеттері не?

Бұл міндеттерді шешу басты құралы көркемдік білім беру жүйесінің өзіне тән мазмұнын, мақсаттары мен нақтылы міндеттерін игеруге тиісті білім мен дағдылар көлемін белгілеуде.

Көркемдік іс- әрекеттер арқылы балалардың шығармашылык ой-өрісін дамытудың педагогикалық  қалыптастырудың өзекті құралы ретінде баланы өз халық өнерінің айшықты туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына және халық талантын қастерлеуге, сүйе білуге баулиды. Көркемдік тәрбиенің басты құралдары — балалардың айналадағы табиғаттан, адамдар тірлігінің қызықты оқиғаларынан, ойын-сауық мерекелерінен, т. б. алған эстетикалық әсерлерінің шығармашылық іс-әрекеттері талпынысы нәтижесінде сапалы талғамның қалыптасуына мүмкіндік жасалады. Туған  ел табиғатының сұлулығы және табиғат құбылыстарының ерекше әсері де су, жер, жазық дала, тау-тас, бау-бақша, жыл мезгілдернің ауысу құбылысы, құстардың үні, бала сезімінде, түйсігінде әсерлі айшықталып, оны бұл құбылыстардың сиқырлы сырын білуге ынтықтырады. Балаларды көркемдікті игеруі мен оны өз аясында бейнелеу және сәндік қолданбалы өнердің мәнерлілігі, көрнекілігі әрі танымдық әсерінің күштілігі балаларға зор ықпал жасайды.

Балалар өмір құбылыстарын сурет салу, сазбалшықтан немесе қиып … материалдарын көркем өңдеу т. б. жұмыстар кезінде тереңірек танып, білуге мүмкіндік.Тобындағы балалары қоршаған ортадағы түрлі заттар мен құбылыстарды көркем бейнелеу тәсілін меңгеруге, заттың көлемі мен пішінін бояуларын, түстерінежаттыға отырып, ол дағдыларды өз қиялымен сюжетті сурет композициясын құруда, көркем образ жасауда пайдаланады. Түрлі материалдардан (қағаз, картон, мата, т. б.) … үлгісін жасаудың жолдары мен оларды сәндеп әшекейлеудің амалын үйренеді. Ал, мүсіндеу арқылы заттардың, адамдардың, құстардың, хайуанаттардың пішінін бейнелеу тәсіліне машықтанады.Сондай ақ сомдайтын бейненің сыртқы кескінін, олардың қимыл-қозғалыс пластикасының ерекшеліктерін, күнделікті көргендерін еске түсіре отырып мүсіндей білуге, мүсіндеу барысында тұлғалардың дене құрылысы, түсініктерді игеруге мүмкіндік алады.

Сәндік-қолданбалы өнер саласындағы көркемдік жұмыстар, балалардың түрлі-түсті қағаздардан арнайы мазмұнды құрастыруға қажетті элементтерін, ұлттық қию  сұлулығы, ал оюлардың жазықтық бетінде желімдеп жапсыру кезінде жеке элементтердің өзара жарасымдылығын, оюлардың өрнек композициясындағы ырғақтылығын  фонмен көмегін тигізеді. Қатты қағаз, мата қиындылары, фольга, т. б. табиғи заттардан көркем құрастыру жұмыстары балалардың кеңістік ойлау қабілетінің және сезіну, түйсіну дағдыларының дамуына мүмкіндік туғызумен бірге, олардың еңбек ету іскерліктерінің қалыптасуына жол ашады.

Балабақша балаларын ұлттық  қуыршақ киімін дайындау, түрлі-түсті жүндерді пайдаланып ши орату, ши тоқу, т. б. сияқты іс-әрекеттерге араластыру, қазақта  кеңінен келе жатқан дәстүрлі сәндік бұйым үлгілерімен мақсатты түрде таныстыру, бұйымдардың әсемдік нақышы туралы балалардың өз ойын пайымдай білуге баулу.

Халқымыздың жалпы мәдениет деңгейін жоғары сатыға көтерудің және балалардың эстетикалық көзқарасы мен талғамын дамытудың жолы- өнер болып табылады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *