Баланың тілін дамыту

Недайводина Наталья

  1. Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту әдістері:

Баламен әңгімелесу: күнделікті өмірге қажетті заттарды, айналадағы дүниені бақылату: кейбір заттың өзін немесе суретін көрсетіп сөйлесу көрген-білгені туралы әңгімелеп біреуді үйретіп отыру: сөздік тапсырмалар орындату: әңгімелесуден соң балаға сол оқиғаға байланысты әдеби шығармалар оқып беріп тындату: түсінгені туралы оқиғаны суреттеп, мүсіндеп көрсетуге жаттықтыру.

  1. Баланың тілін дамыту, сөйлесе білуге үйрету негізінен үш түрлі тәсілі арқылы іске асырылады;

1.Затты бақылатып көрсету;

Балалардың түсінігін байқау, сұрақ қойып жауап алу;

Сол бақылаған оқиғалары туралы дербес жаттығулар орындатып, көрген-білгенін тереңдете тияқтап отыру.

Мектеп жасына дейінгі сәбилердің дүние танымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіру ісінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Көркем сөз өрнегін балаға тыңдатып, санасына сәуле түсіру, халық қазынасының музыкалық үнінен нәр алдыру оның ең сәби шығынан, ана әлдиінен басталады.

Бар жақсысын баласынан аямаған халық — баланы сылаумен өсіре отырып, құлағына бесік жыры әуенін құя берген. Бала есейген сайын ана сүтімен даритын сөйлеу тілін дамытып, тазалыққа, имандылыққа баулып, ізеттілікке, жомарттыққа, әсемді сезімталдыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке үйретіп, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу — әрбір отбасы, ауыл-аймақ арманы болған. Оған дәлел — халық даналығы: санамақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар баланы ойландырып, толғандыратын өтірік өлендер, ертегі, аңыз әңгімелер. Осылардың қай-қайсысы болмасын баланың сезімін селт еткізіп, ойына орала қалады.

Тіліне үйіріліп, еріксіз сөзге еліктіреді. Өйткені, ауыз әдебиеті халықтың ұрпағына деген сүйіспеншілігінен, арман-мүдесінен туындаған. Тілі жеңіл, мазмұны түсінікті, ойната сөйлететін шығармаларды тыңдату, сөйлесу кезінде-ақ бала қиналмай жаттап алып айта береді.

Баланың тілін дамыту арқылы танымдық іс-әрекетін арттыру.

Балалардың сөздік қорын кесте арқылы дамыту.

Көп тілдік мәселелер.

Баланың мектепке дейінгі кезі — оның жеке қасиеттерінің қалаптасып, дамитын кезеңі, сондықтанда бала өз ана тілінде сөйлеуі қажет. Бұған ата-аналар да ерте бастан көңіл бөлгені жөн. Баланың жағымды мінез-құлық әрекеттері 3-4 жасқа дейін -ақ, қалыптасып, тұрақтала бастайды .Сондай-ақ оның физиологиялық психологиялық жақтары да жедел дамып жетіледі. Осыған орай түрлі қимыл-әрекеті күрделене түседі. Күнделікті өмірде өзіне қажетті заттарды білуге деген баланың ынтасы артады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда төрт негізгі мақсаттар қарастырылады.

Ауызша сөйлеуге үйрету,сөздік қорын дамыту .

а) Айналадағы дүниені табиғатты бақылату, таныту арқылы сөз қорын жаңа сөздермен байыту, баланың ауызша сөйлеген сөздерін тыңдап, өзіне қойылған сұраққа диалог түрінде жауап беруге үйрету.

ә) 3аттың атын (ойыншық,гүл,жапырақ ) т.б. сөздерді үйрету.

б) 3аттың сынын ,сапасын, түр-түсін, пішінін білдіретін сөздерді меңгерту.

в) 3аттың іс-әрекетін білдіретін сөздерді әрі қарай кеңейту (жүрді, жүгірді, келді, қиялы, екті, септі т.б ) меңгерту.

г) Үстеу сөздерді (қасында, үстінде, асты, астында, жоғарыда, төменде т.б) қосып айтуға үйрету.

Сөз дыбыстарын дұрыс айту. Сөйлеуде ауыз қуысы арқылы дұрыс дем алып, дем шығара білуге үйрете отырып, дауыссыз қатаң, ұяң дыбыстарды естілуіне қарай дұрыс,анық айтуға үйрену 3-4 сөзден тұратын сөйлемдер құрату.

Грамматикалық категорияларды меңгеру.

Зат есімге іс-әрекетті білдіретін сөздерді қосып сөйлем құрату.Сөздерді септеп, жіктеп, жекеше, көпше (менің досым, біздің ойыншықтарымыз) айтуға үйрету.

Байланыстырып сөйлеуді дамыту.

Күнделікті сабақта естіген, білгенін ойын, серуен, кезінде көрген- түйгенін, сурет және оқылған ертегілер мазмұнын, ұнатқан ойыншықтары жайында ауызша сұрақ қоя отырып, әңгімелей отырып, қысқа ертегілерді кейіпкерлерін білуге үйрету (сызбаның түрлері берілген).

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *