Балалар денсаулығын қалыптастырушы факторлар.

XXI- ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой- өрісі жоғары, жан- жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр.Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып , олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақшаның маңызы зор. Баланың бақытты болуы үшін, денінің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек. Дені сау баланың ақыл- ойы айқын, өз- өзіне сенімді, жан- жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Сондықтан , бала организімінің қызметін жетілдіру, қабілетін арттыру ең басты міндетіміз.Организмнің қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды.
Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандартын басшылыққа ала отырып , « Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» атты білім беру салаларына байланысты мектепке дейінгі баланың жас ерекшелігіне сай оқу іс-әрекетін шығармашылық, ізденіс негізінде жүзеге асыруда.
Балабақша балаларының тәрбиесімен білімділігімен қатар денсаулықтарын нығайту мақсатында барлық тиісті шараларды жүргізу медбикенің бақылауы аясында өткізіледі.

Жыл бойы балаларға сауықтыру мен шынықтыру жүргізіліп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалардың көбі суық тиген аурулармен жиі аурады. Бұл бала ағзасына теріс ықпалын тигізіп, кейде созылмалы сырқатқа айналуы да мүмкін. Осындай ауруды болдырмаудың , одан сақтанудың негізгі жолы табиғи сауықтыру факторлары. Ауа, су, күннің көзін мақсатты түрде пайдалану, бала бойынша өзгерістерді жағдайларға төселген реакциялардың қалыптасуына көмектеседі, яғни оның ағзасын шынықтырады.
Балабақшаға жаңа қабылданған баланың ата-анасымен жүргізілген түрлі бағыттағы, сауалнамалар алдағы даму баспалдағына бірлесе жасаған қадамы деп айта аламын. «Бала не істей алады?», «Ата-ана балабақшаға келгенше балаға не үйретеді?», «Енді бала не үйренуі тиіс?» деген сияқты сауалдар шешімін тауып, отбасымен ынтымақтаса жұмыс істеу үрдіске айналып отыр. Мақсат- тәрбие мен білім беруде отбасыларды, ата-аналарды бірлесе жұмылдыру, баланы тәрбиелеу мен оқытудағы мәліметтерін кеңейту, өзара сыйластық, түсунішілік, бір біріне деген шынайы сенімділік, терең қарым- қатынастарды арттыру.

 

Балалар денсаулығын қалыптастырушы факторлар.

Қолайсыз факторларға халықтың барлық топтарының ішінде, қолайсыз факторларға, негізінен аналар мен балалардың организмдері өте сезімтал келеді.

Өсіп келе жатқан организмдердің денсаулық жағдайы мен өсіп, дамуына ең көбірек әсер ететін әлеуметтік-гигиеналық факторлардың практикалық мақсатқа арнап шартты түрде жасалған жіктемесін (А.Г.Сухарев) қолдануға болады:

  1. Қолайлы факторлар:
    • а) ең жақсы қимыл-қозғалыс тәртібі;
    • б) шынығу;
    • в) дұрыс, балансты тамақтану;
    • г) рационалды күн тәртібі;
    • д) қоршаған орта әсерінің гигиеналық нормаларға сәйкес болуы;
    • е) гигиеналық дағдылар және дұрыс тұрмыс-қалыпта өмір сүру.
  2. Қолайсыз факторлар («қауыптілік» факторлары):
    • а) қимыл-қозғалыс қажеттілігінің жеткіліксіздігі, немесе шамадан тыс жоғары болуы;
    • б) оқу-тәрбие процесстерінің және күн тәртібінің бұзылуы;
    • в) ойын, оқу және еңбек іс-әрекеттеріне қойылатын гигиеналық талаптардың орындалмауы;
    • г) тамақтануды ұйымдастырудағы кемшіліктер;
    • д) гигиеналық дағдылардың болмауы, зиянды әдеттермен айналысу;
    • е) жанұядағы және балалар ұжымдарындағы қолайсыз психологиялық климат.

Балабақшаның  басты міндеті- бойында ұлттық санасы қалыптасқан, дені сау, жан дүниесі бай жан- жақты азамат тәрбиелеп өсіру. «Ел боламын десен, бесігінді түзе» деп дана халқымыз айтқандай тәрбиелі, білімді ұрпақ әрқашан ұлт мақтанышы, беделі болатыны анық.
Қорытып айтқанда ұлы педагог Макаренко: «Тәрбие ішінде ешбір ұсақ- түйек деуге нәрсе жоқ. Еш нәрсені ұсақ- түйек деуге, ұмытуға хақымыз жоқ. Өз өмірімізде немесе балаңыздың өмірінде бір нәрсені ерекше деп бөлек алып, соған қатты зер салып, қалғандарын елемей қалдырсаныз қателіктің ең зоры сол болып шығады. Ұсақ- түйектер үздіксіз, күнбе-күн, сағат сайын кездесіп отырады және өмірдің өзі сол ұсақ-түйекпен құралады, өмірдің бұл жағына басшылық көрсету және оны ұйымдастыру сіздің және біздің ең жауапты міндетіміз» -деген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Адамның дамуы дене, психикалық және әлеуметтік жетілу, пісу процесі болып табылады да, туа біткен және өсекеле бойға сіңген қасиеттердің, сандық және сапалық өзгерістерінің бәрін қамтиды. Дене дамуы бойдың, салмақтың өзгеруімен, бұлшықеттер күшінің артуымен, сезім мүшелерінің жетілуімен, қимылдардың үйлесімділігімен т.б. байланысты. Психикалық даму процесінде танымдық, еріктік, эмоциялық процестерде, жеке адамның психикалық сипаттары мен белгілерінің қалыптасуында елеулі өзгерістер болады. Даму барысында баланың биологиялық индивид ретінде адамға, жеке адам ретінде адамзат қоғамының мүшесіне айналуы жүзеге асады. Адамның дамуы дегеніміз – оның тегінде бар және туа біткен белгілердің жайғана сандық көрінісі емес. Даму – бұл ең алдымен айналадағы болмыстың ықпал жасауымен ағза мен психикада болып жатқан сапалық өзгерістер. Адамның дамуы мен оның жеке басының қалыптасуы біртұтас процесс.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *