Балалар бойындағы дарындылықты анықтау

Нурбатырова Тузел Сансызбаевна

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін
арттыру курсының III- деңгейлік тыңдаушысы
Маңғыстау облысы,Ақтау қаласы «Гимназия сыныптары бар
№28 жалпы білім беру орта мектебінде» өткізген тәжірибе жұмысы
Тәжірибедегі рефлексия курсы.

 “Балалар бойындағы дарындылықты анықтау”

         Мен осыкурстағы жеті модульдің аясындағы зерттеу жұмысымда өзімнің тақырыбымды таңдауда біраз ойландым.Курс аяқталып, енді менің алдымда бір ай бойы біздің жаттықтырушымыз  берген білімдерін іс-тәжірибеде тиімді қолданып,нәтижелі жұмыс жасау және зерттеу жұмыстарын жүргізу міндеттілігі күтіп тұрғандығын сезіндім.Өзімнің мектебім үшін қандай өзекті мәселелер бар екендігі туралы мәліметтер жинау керектігін ұқтым.Сол мақсатта мектептің әдіскері Құрманбаева Нағима Садыровна мен    сұхбаттасып, тәжірибемді осы мектептен өткізуге  келісім алып,өзіммен бірге оқыған  мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсының III-деңгей бағдарламасының мақсатымен таныстырып,орта мерзімді жоспарымды бекіттірдім.

Жоспарым бойынша мектептегі әріптестеріммен кездесіп,олардың ішінен өз қалауы бойынша тәлім алушыны таңдадым және жалпы біздің мектеп оқушылары туралы сұхбаттастым. Мектебімнің кейбір сыныптарда оқушылардың  тақырыптың мазмұнын түсінікті   етіп айта алмақ түгілі, тіптіана тілімізде өздерінің ойын ашық жеткізе алмай, басы артық бос сөздерді көп қолданып, ойларының шашыраңқы болып келуі жиі кездесетін құбылыс.Бұған көптеген факторлардың әсері бар, атап айтсам, мектебімізде көпшілік оқушылардың басқа республикалардан көшіп келуі, яғни олардың сөйлеу диалектілерінде біздің тілге «жат» сөздердің көптеп кездесетіндігі байқалады.Міне, осы басқа елден келген оқушылар өз сыныптастарымен қарым –қатынасқа түскенде,өз ойларын ана тілінде сауатты түрде жеткізе алмақ былай тұрғанда, олар «өздерінің» сөздерін «таратуы» менің әріптестерімді алаңдатып отыр.Оқушылардың сөйлеу мәдениетінің дамуына кері ықпал етіп отырған тағы бір себеп,қазіргі кезде гуманитарлық пәндерде мұғалімдердің тестік жұмысты жиі пайдаланатындығы. Нәтижесінде оқушылардың тілдік қоры мен сөйлеу дағдысының дамытылуына кері әсер етіп отыр деп ойлаймын.Сондықтан менің таңдаған тақырыбым негізінде Балалар бойындағы дарындылықты анықтау

арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысы мен сөйлеу мәдениетін дамыту менің мектебім үшін өзекті мәселелердің бірі болғандықтан, осы әдістің маңыздылығы зор деп санаймын.

Еліміздегі барлық білім беру ұйымдары негізінен әрбір оқушының қабілеттерін  дамытып, дені сау, шығармашыл, адамгершілік қасиеті мол, терең білімді тұлға  қалыптастыру бағытында жұмыс жасайды. Білім алудың тиімділік қарқынын жетілдіруде оқыту әдістерінің маңызы зор.Сондықтан мұғалім көптеген жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып, әр оқушының ақыл-ой еңбегінің дамуына ықпал ете алады. Дәл қазіргі уақытта баланы дарынды және дарыны жоқ бала деп бөле отырып,біз баланың келешек өміріне жасанды түрде қол сұғып отырмыз. Өйткені,баланың бойындағы қайталанбас ерекшелігі  өсе келе баланың шын мәнінде талантты болатынына кепілдік бола алмайды., Дарынды балаларды анықтау-арнайы бағдарлама мен білікті мамандардың қатысуын қажет ететін өте кұрделі мәселе және дарынды балалармен жұмыс істеудегі қажетті кезең болып табылады. Дарындылық ұғымның мәнін түсінуді маңызды болып табылатын қабілет түсінігінің бүгінгі ғылым қабылдап отырған үш негізгі көрсеткішін атап көрсеткен ғалым Ж.К.Елеупаева.

 

Оқушы дарындылығын белсендірудегі технологиялардың ролі.

Балалар бойындағы дарындылықты анықтау – ұлттық маңызды мүделлердің бірі. Дәл қазіргі уақытта баланы дарынды және дарыны жоқ бала деп бөле отыраып, біз баланың келешек өміріне  жасанды түрде қол сұғып отырмыз.Өйткені баланың бойындағы қайталанбас ерекшелігі өсе келе баланың шын мәнінде талантты болатынына кепілдік бола алмайды. Дарындылық балаларды анықтау – арнайы бағдарлама мен білікті мамандардың қатысуын қажет ететін өте үрделі   мәселе жіне  дарынды балалармен жұмыс  істеудегі  қажетті кезең болып табылады.

Дарындылық  — бұл адамның басқа адамдарға қарағанда бір немесе бірнеше қызметтегі жоғары нәтиже мүмкіндіктерімен анықталатын психикалық сапа, біріккен қабілеттіліктің көрсеткіші.

Дарындылық  деңгейі, сапасы, даму сипаты бұл табиғи дарын белгілері мен әлеуметтік ортада әрекет етуі (ойын, оқу, еңбек) кезінде қалыптасатындығын қазіргі  психологтар мойындап отыр. Н.Ожеговтың сөздігінде дарындылық «табиғатпен берілетін  ерекше қабілет» деп түсіндіріледі. Адами ойлау, ізденімпаздық – табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз.

Дарындылық ұғымның мәнін түсінуде маңызды болып табылатын «қабілет» түсінігінің бүгінгі ғылым қабылдап отырған үш негізгі көрсеткішін атап көрсеткен ғалым Ж.К.Елеупаева., олар:

  1. Қабілет – бар адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық  ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттері  қабілет бола алмайды.
  2. Қабілет – барша тұлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандай да бір не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік.
  3. Қабілет – нақты адамға топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді.

Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуға, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға  көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес,  жаратушы да. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдпрын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарына өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық   әлемдік мәдениеттің  барлық  дәуіріндегі  ойшылардың назарына болғандығын байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логткалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан, шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты – бүгінгі күнгі талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана рухани  сапа қалыптастыру және тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады.

Балалар бойындағы дарындылықты анықтау – ұлттық маңызды мүдделердің бірі. Дәл қазіргі уақытта баланы дарынды және дарыны жоқ бала деп бөле отырып, біз баланың келешек өміріне жасанды түрде қол сұғып отырмыз. Өйткені, баланың бойындағы қайталанбас ерекшелігі өсе келе баланың шын мәнінде талантты болатынына кепілдік бола алмайды.

Дарынды балаларды анықтау – арнайы бағдарлама мен білікті мамандардың қатсуын қажет ететін өте күрделі мәселе және дарынды балалрмен жұмыс істеудегі  қажетті кезең болып табылады.

Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік-экономикалық өзгермелі жағдайда өмір сүруге дайын жеке тұлғаны қалыптастыру.

Ол үшін мектеп бастауыш сатыдан бастап оқушыны өз шығармашылық  күш-қуатын өзгермелі әлеуметтік-экономикалық жағдайда жеке басы және қоғам мүддесі үшін іске асыруға даярлайтындай орта қалыптастыру қажет. Демек оқушының өзін-өзі дамытатын адам ретінде балаға деген құндылық қатынас орнату керек.

Менің түсінігім бойынша ол баланы қолдау, өзін-өзі көрсете білуіне жағдай жасау. Осылайша оқыту әлеуметтендіру емес даралауға бағыт алады.

Даралау дегеніміз – шығармашылыққа деген басым  қажеттілігін қанағаттандыру.

— Дарын иесі

— Баланың үйлесімді дамуы

— Адамгершілік табиғи тәрбиесі

— Қызығушылығы.

Оқушының дарындылығын анықтауда және дамытуда ғалымдар дарындылық диагностикасының әдістемесін жасап көрді де, 9 нүктесін сипаттады.

  1. Оқушыға сипаттама жасау
  2. Ата-анаға арналған әдістеме
  3. Дарындылық картасы
  4. Жалпы дарындылықты бағалау әдістемесі

Мен осылардың ішінен негізгі 3 нүктеге тоқталамын.

  1. Логикалық ойлауы (айналаға деген түсінігі, жоғары интеллектісі)
  2. Сөздік қоры (ойын сипаттауы)
  3. Мақсаттылығы (өз ісін атқаруға белсенділігі)

Яғни, оқитын баланың сөздік қоры да болады. Оқи да, ойлай да білетін бала өз әрекетін мақсатты  түрде іске асырады емес пе?

Бұл менің жеке пікірім! Алдымдағы 25 баланың ішінен дарындыларын анықтау және дамыту үшін әдістемелік ізденіс үстінде «Оқушы дарындылығын дамытудың моделін» жасадым.

Оқушы дарындылығын дамыту моделі

Мақсат: Жоғары интеллектілі тұлға қалыптастыру.

Міндет: Берілген білім белсенді логикалық пайымдауларға негізделуі шарт.

Мазмұны: Оқушының шығармашылығымен іс-әрекетін, белсенділігін, қызығушылығын жоғары деңгейге бағыттауды жүйелі жоспарлау.

Әдістемелік ізденіс:

  • Сабақ жоспарын тереңдете құру
  • Оқытудың тиімді әдістерін қолдану
  • Сабақта оқушының дербес болуына жағдай жасау
  1. Оқу материалын жақсы меңгеруі, тапқырлығы, талдауы, болжауы. Бақылауы, сипаттауы, көзқарасы.
  2. Шығармашылық іс-әрекеті, өз ойын еркін жеткізуі, тұжырымдауы, өзгемен бәсекеге тұсуі, мәдениеті, танымдық тапсырманы шешуі, ізденуі, өзін көрсете білу ерекшелігі, бейімділігі, өзін-өзі бағалауы.
  • Алдыңғы қатарлы педагогикалық-психологиялық жаңалықтарды қолдану
  • Оқушының қиналатын тұстарын дәл табу
  • Дұрыс мінез-құлық тәртіпті қалыптастыру
  • Оқушының «зерттеушілік» жұмысын ұйымдастыру
  • Ата-ана мен оқушы, мұғалім арасындағы үздіксіз байланыс жұмысын жүргізу
  • Оқушы білімін моноторингтеу.
  • Соңғы технология жетістіктері шығармашылық іс-тәжірибелер-ғылыми әдістемелер.

—  Жеке.

-Топтық.

— Ұжымдық.

7ә сыныпта өткізілген тақырыптар бойынша,оқушылардың еңбекке деген ынтасы,жігерлілігі,щеберлігі және қолөнерге деген қызығушылығын арттыра отырып,әрбір оқушының жеке,топтық жұмыстарынна тоқталатын болсақ,ою-өрнектер,қапсырмалы ойма,әдістері бойынша топтың жұмысты орындауда жоғары деңгейде болды.  .Практикалық жұмыстарға қойылған талаптарды мысалы: электр кұйдіргіш апараты мен жұмыс жасау әдістері мен қаңылтырдан соғып дайындалған ою-өрнектер бойынша, топтың жасаған жұмыстары жоғары деңгейде орындалды.

Фанер ағашының бетіне дайындалған теректің сәнделіп жасалуының өзі оқушылардың қызығушылығын одан әрі арттыра тұсті.Үш топта осы жұмысты орындауда,өздерінің ойын өте әдемі жеткізе білді. Қойылған сұрақтарға,ұш топтыңда жауаптары және жұмыстары жақсы деп өрнектелді.

Қаңылтыр бетіне соғып дайындау,жұмысы бұл-аққу өрнегін жасау әдісі бойынша жұмысқа тоқталамыз.Үшкір жұзді қашаумен, бастыра отырып рельефті бедер түсіру.Әрбір жасаған жұмысымызға өте ептілікпен  қарай отырып өрнекті өз деңгейінде орындау.Топ мүшелері ісжүзіндегі жұмыстардың орындалу тәртібіне тоқтала келіп,кеткен кемшіліктерге ескерту берді.Үшінші топтың жұмысында қаңылтырға бедер салу әдісі, бойынша кеткен қателіктер түзетілді.Топ жұмыстарын қортындылай келе оқушылалар әр топтың жұмыстарынна жеке-жеке тоқталып бағалады. Топ жұмыстары жоғары деңгейде бағаланды.

Жоғарыда өтілген тақырыптар бойынша,оқушылардың ой өрісі,ізденісі,шынайлығы, тапқырлығы еңбек сүйгіштігі шыңдалды.Оқушы дарындылығының ашылуы,көбіне ізденістен туады.

Интеллектуалды және ақыл-ой белсенділігі бар бала сөйлеу белсенділігінің жоғарлығымен, ойының ұшқырлығымен, мәселені шешуде жан-жақты жолды қарастырумен, тәуелсіздігімен, құрбыларының арасында көсем болумен, есте сақтауының беріктігімен т.с.с. қасиеттерімен ерекшеленеді.

Бейнелеу өнері бар бала- сурет салуға,кәдесый сыйлық жасауға, көп уақыт бөлуінуінен, көргенін есте сақтауымен,сурет сабағын жақсы көретіндігімен ерекшеленеді.

Қозғалыстың белсенділігі бар бала жаттығуларды орындауда тепе-теңдік сақтайтын, қозғалысты жақсы көретін, өзінің жасына дене күші күшті болып келеді.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *