Балалардың танымдық қабілетін дамытудағы ойын тәжіриебесінің маңызы

Кайрошева Сандугаш

«Ойын-бала қиялын шығармашылық ойлауға жетелейтін тәрбие құралы» дегендей,ойын – бала әрекетінің негізгі түрі.Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді,өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойында да қоғамдық,ұжымдық сипат болады.Мәселен,кез-келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды,қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды,сол арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болады.
Ойын балалар үшін айналадағыны танып,білу тәсілі.Балалар ойындарының тәрбиелік маңызының жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазады: «Бала ойында қалай болса,кейін өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады».

Сондықтан келешек өсіріп отырған тұлғаларымызды тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады.Ойынның негізгі ерекшеліктері – ол балалардың қоршаған ортаны,адамдардың қимылын,іс-әрекетін олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады.Бала – ешқашан үнсіз ойнамайды,ол жүреді,сөйлейді,ыңылдайды,секіреді,орын барысында сөйлесу қарым-қатынасы үлкен роль атқарады.Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп,әсер алады,ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды.Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар болып табылады: ойынның түпкі ниеті,сюжеті немесе мазмұны,ойын әрекеттері, рольдер,ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ұсынатын ойын ережесі.

Әр ойыннан кейін баланың көңіл күйін қадағалап отыру керек.Оларға ойын кезінде өз ұстанымына,мінез-құлқына мән беруіміз қажет.Әрине ойыннан кейін әр балаға ойын ойнау барысындағы іс-әрекеттерін,жеке қасиетіне назар аударып,мінезіндегі өзгерістерді бағалап отырамыз.Еңбек сүйгіштігі,ойын кезіндегі ұйымдастырушылығын,ойлау барысын,ойын ойнау белсенділігін зерттейміз.Бала бойындағы ойынға деген:

  1. Жоғары қызығушылығы;
  2. Баланың еркіндігі;
  3. Қиялының ұшталуы;
  4. Шығармашылығының шыңдалуы;
  5. Байсалдылық,мәдениеттілік,мейірімділік қасиеттерінің оянуы;
  6. Биік қанағаттанушылығын;

Білім беру саласында өскелең ұрпақты дамыған елдердің қатарында көру үшін үздіксіз еңбек етуде кез-келген педагогтың алдына қойған мақсаты – оқу-тәрбие сапасын көтеру үшін балалардың қызығушылықтарын арттырып,танымдық қабілетін дамыту.Бұл мақсатты жүзеге асыру педагогтың шеберлігі мен біліктілігіне байланысты.Егер сабақ тартымды да қызықты болса,балаларға өтілген сабақты игеру де оңай болады. Білім беру саласында балалардың білімді игеруге деген құлшынысын арттыру үшін,әр түрлі жаңа технологиялар ауадай қажет.Сондай технологиялардың бірі – ойын элементтерін пайдалану.

Ойындар(іскерлік,сюжеттік-рольді,қимыл қозғалыс,дамытушылық) баланың ойлау,есте сақтау,қабылдау,қиял сияқты психикалық үрдістерінің дамуына көмектеседі.

  • Ойын арқылы бала адамгершілік құндылықтар жөнінде тәжірибе жинақтайды,оқылған жағдаятты жақсы меңгереді.
  • Ойын арқылы балалар өздерінің құрбы-құрдастарымен

қарым-қатынас жасауға үйренеді.

  • Ойындар сабақ мазмұнына сәйкес алынып,жеке және топтық жұмыстар жүргізуде алға қойған мақсатқа жеткізіп,нақты қорытынды алуға көмектеседі.

«Ойын»,«Жаттығу» — балалардың танымдық қызығушылықтарын арттырумен қатар жаңа игерілген түсініктері мен іскерліктерін бекітуге арналған оқыту әдісі.Ойын әрекеттері мен жаттығулары арқылы баланың жеке тәжірибесі негізінде оқу материалының мазмұны жүзеге асырылады.Балалар ойындар мен жаттығулар нәтижесінде құрбыластарымен жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларына ие болады,өмірлік дағдыларды меңгереді.

«Ойын» -бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған іс-әрекеттің түрі.

Ойын баланың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып,алған білімдерін тереңдете түседі.Ойын баланың білімін тереңдете және түрлендіре түседі,әрі пысықтайды.

Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы,мазмұндық,рольдік ойындар баланың зейінін,ойлау қабілетін,қиялын қалыптастыруда зор маңыз алады.Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді.Ал,ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды.Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын,зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады.  Балалар бақшасына пайдаланылатын ойын түрлері:
«Суретшілер байқауы»

Мақсаты: Теледидардан көрген ертегі және мультфильмдердегі кейіпкерлерді нақ көрсете білу.

«Бұл қашан болады?»

Мақсаты: Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер көрсетіледі,сол суреттер ішінен керек суреттерді көрсетіп әңгімелеп береді.

«Дайын бол!»

Мақсаты: Балалар шеңбермен жүреді,тәрбиеші бір сөз айтады,балалар  сол сөзді іс-қимылмен көрсетеді.

Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар балалардың     ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып,олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді,әрі пысықтауды көздейді.

Қорыта айтқанда:  Ойын – адамның өмірге қадам басардағы алғашқы қадамы. Қазақ халқының «Ойын ойнап,ән салмай,өсер бала бола ма?» — деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.

Бала мен балалар ұжымының дамуында мектеп жасына дейінгі іс-әрекетінің негізгі түрі ойын-орасан зор роль атқарады.Ойын балалар үшін айналадағыны танып,білу тәсілі.Ойын мен ойын әрекеті мазмұннан әлеуметтік сипаты баланың қоғамда өмір сүретіндігімен байланысты.Ол алғашқы айлардан бастап-ақ маңайындағылармен қарым-қатынас жасауға ұмтылады,соның арқасында жасау құралы,күш қуаты тілді біртіндеп меңгереді.Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп А.С.Макаренко былай деп жазады: «Бала ойында қалай болса,өскесін жұмыста да көп жағынан ұқсас болады.Сондықтан келешек қайраткер азматты тәрбиелек алдымен ойыннан басталады.Ойынның негізгі ерекшелігі – ол балалардың қоршаған өмірді-адамдардың қимылын,іс-әрекеттерін,олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойында бөлме теңіз де,ұшақ та,темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар үн-түнсіз ойнамайды.Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді.Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп,балалар пікірлесіп,әсер алысып,ойынның  түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды.Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар:ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны, ойын әрекеттері,рольдер,ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.

Ойынның түпкі ниеті-бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы.Мысалы: «Дүкен», «Аурухана», «Ұшқыштар», «Отбасы», «Балалар бақшасы» және т.с.с. болып ойнайды.

Ойынның сюжеті, мазмұны-бұл оның жанды тұлғасын құрайтын,ойын әрекетерінің,балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын,көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын нәрсе. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді,ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады.Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың  мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді. Ойын бала үшін нағыз өмір.Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырсаол балаларға  ықпал жасауға мүмкіндік алады. Тәрбиеші, балаларға жақын болуға, олардың  ойындарының сүйікті қатысушысы болуға тиіс. Ойынның мазмұны мен ережесін,өзінің ойындағы ролін пайдаланып, ойнаушылардың ынтасын,басып тастамай,әдеппен ойынның  барысын,олардың өзара қарым-қатысын бағыттап отырады.Өзі де сол ролге қатыса алады.Ойынның көп  уақыты серуенде өтеді.Сондықтан аулада арнаулы құрылыстар,ғимараттар (кемелер,автобустар),көптеген құрылыс материалдары күректер,доптар,секіргіштер болуға тиіс.Ойын сонымен бірге оқу үстіндегі оқытумен де тығаз байланысты.Ойын ешқашанда өзінің  қызықшылығын жоғалтпайды,тек оның мазмұны,сипаты өзгереді.ойындар мазмұнына қарай,өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рольді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары,қимылды ойындар ұлттық ойындар  болып бөлінеді.

Сюжетті рольді ойындар мектепке дейінгі балаларға тән,ең сипатты ойындар болып табылады.Ол балалар өмірінде елеулі орын алады. Сюжетті-рольді ойындардың ерекшелігі сол,оны балалардың өздері жасайды.Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады.Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті-рольді ойында бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеттері болып табылады.Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу,шындықты көрсету болып табылады.

Дидактикалық ойын формасы кішкене балаларға мейілінше тән оқыту формасы болып табылады.Оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсеге үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр.Дидактикалық ойынның нәтижесі қандай жолмен болса да ұту емес,балалардың білімді игеру,ақыл-ой қызметін дамытуда,өзара қарым-қатынас жасауда  жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Дидактикалық ойындарда да балалардың алдына қандай да бір міндеттер қойылады,оларды шешу үшін назарды жұмылдыру,ерікті зейін қою,ой күшін жұмсау,ережені ой елегінен өткізе білк, іс-әрекеттердің жүйелілігін қиыншылықтарды жою керек болады.Олар балалардың түйсіну және қабылдау қабілетін дамытуға,ұғымдарын қалыптастыруға,білімді меңгеруіне көмектеседі.Дидактикалық ойындар айналамен  табиғатпен таныстыру сабағында,математика,тіл дамыту,сауат ашу,көркем әдебиет сабақтарында жиі қолданылады.Дидактикалық ойындар топ бөлмесінде,аулада,залда,орманда,учаскеде өткізіледі.Дидактикалық ойынның орталығы ойыншықтар мен ойын құралдары.

Қимыл ойындары алдымен балаға дене тәрбиесін беру құралы.Олар балалардың қозғалысын жүгіру, секіру, өрмелеу,лақтыру,қағып алуды жаттықтыруға, дамытуға және жетілдіруге мүмкіндік береді.Қимыл ойындары баланың жүйке жүйесін дамуына,жеке басының аса маңызды салаларының қалыптасуына да үлкен әсер етеді. Қимыл ойында ережелер ұйымдастырушы роль атқарады,олар ойынның барысын,жүйелілігін,ойнаушылардың қарым-қатынасын,баланың мінез-құлқын анықтайды. Қимыл ойындары үйдің ішінде және серуен кезінде бірнеше баламен немесе бүкіл топпен өткізіледі.Олар сондай-ақ дене шынықтыру сабақтарының құрамына енеді.Балалар ойынды игерген соң өздігінен ойнай алады.Қимылды ойындарды ұлттық ойындар   желісінде ұйымдастыруға болады.Мысалы: «Соқыр теке», «Арқан тарту», «Төс қағыспақ», «Көкпар», «Асық», «Бәйге», «Тақия тастамақ» т.б. ойындар жатады.Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *