«БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САУЛЫҒЫ — БАЛАБАҚШАНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТІ»

ТРЕНИНГ: «БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САУЛЫҒЫ — БАЛАБАҚШАНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТІ»

 

Мақсаты: тәрбиешілердің педагогикалық-психологиялық тәжірибелерің көтеру. Тың идеялармен шығармашылық инновациялық жаңашылдыққа бейімдеу, тәрбиешілердің көңіл-күйлерін көтеру. Балалардың психологиялық денсаулығын арттыруға және сақтауға ұстанымдарын қалыптастыру.Жұмыс түрі: топтық жұмыс.Әдіс-тәсілі: тәжірибелік жаттығулар, тапсырмалар, ойындар.Көрнекілігі: магнит тақта, ноутбук, үнтаспа, ватман қағаздар, түрлі стикерлер, фломастерлер.
«Білгеніңнен не пайда
Құрметті тәрбиешілер семинар-тренингке қош келдіңіздер. Біз қазіргі ХХІ ғ. Заман талабына сай, жаңашыл, шығармашыл, мейірімді шебер маман болуымыз қажет. Бүгінгі семинар-тренингіміз кәсіби шеберлігіміздің артуына, балалармен қызыға жұмыс жасауымызға зор ықпалын тигізеді деп сенім артамын. Алдымен шаттық шеңберінде тұрып амандасып алайық. Бір-бірлеп әр тілде немесе қимыл қозғалыспен амандасады. Педагог-психолог: Сәлемнен ұлы сөз жоқ «Сәлем — сөздің анасы» ендеше бір-бірімізге сәлеміміз түзеу болсын. Психологиялық дені сау тұлға дегеніміз – ол шығармашыл, өмірге құштар, ашық, көңілді, өзін және қоршаған орасын тани билетін, түсіне білетін, өзгенің сезімін бөлісе білетін, жауапкершілікті ала-алатын, өмірді мағыналы жасай білетін тұлға. Ол үнемі даму үстінде болады, оны дамытатын отбасы және балабақшаның міндеті. Психологиялық денсаулықтың деңгейлері: креативті, адаптивті, дезадаптивті болып үшке бөлінеді. Креативті (жоғары) ортаға жеңіл бейімделетін, стресстік күйлерден өтуге күші жететін, шынайылыққа шығармашылықпен келетін бала. Мұндай бала психологиялық көмекті қажет етпейді. Адаптивті (орташа) көпшілік ортаға бейімделе алатын, бірақ мазасыздығы басым балалар. Дезадаптивті (төмен) ортаға өздерінің жағымсыз қылықтарымен бағындыруға тырысатын балалар. Мұндай балдар үнемі жеке жұмысты қажет етеді.

  • Психологиялық жайлылық – бұл сыртқы және ішкі ортаның жағдайы. Яғни сыртқы дегеніміз — қоршаған ортасы, ал ішкі орта – балабақшамен отбасы.

Психологиялық жағдайды қалыптастыру үшін, ойындар мен жаттығулар, жағымды әуен, сурет салу, қуыршақ театры, ертегі әңгімелер, табиғаттағы серуендер, тыныс алу және түрлі гимнастикалар зор әсерін тигізеді. Балаларда психологиялық жайлылықтың болмауының әсері қорқынышқа, мазасыздыққа, мінез-құлқының бұзылуына, агрессияға ұшыратады. Психологиялық соққы алған бала физиологиялық тұрғыдан да ауырады. Балалық шақта алған психологиялық жарақаттар, ересек кезде де көрініс алады. Мысалы: қашқақтау, тұйықтану, жағымсыз мінез-құлықтар көрсеті, үйден қашу, ұрып-соғу т.б. Психологиялық жайлылылық бұл отбасында, отбасы мүшелерімен, балабақшада тәрбиешімен арасындағы жылу сақталған жағдайда, бір-біріне деген жауапкершілікті сауатты жүргізген кезде орнайды. Осы орайда презентация қорғап кетейік.

  • Неліктен баланың психологиясы бұзылады деп ойлайсыздар?
  • Психологиялық дені сау бала тәрбиелеуге қандай болуымыз қажет. (тәрбиешілер алдарындағы ватмандарға жауап жазады, жауаптарын қорғайды)

Педагог-психолог: Психологиялық дені сау бала тәрбиелеуде көп нәрсе қажет махаббат, жылу, талап қоя білу, жауапкершілік, төзімділік, сабырлық, бірақ бәрі бір деңгейде болуы шарт. ІІ. Ассоциация әдісі бойынша тақырыпқа кіру. «ЖАЙЛЫЛЫҚ» Педагог-психолог: Ендеше көзімізді ашып алдарымыздағы ақ қағазға жайлылық ағашын бейнелейміз. Сол жайлылық ағашының бұтақтарына жайлылық сөзін естігенде ойымызға келетін сөздерді жазамыз. Оны қорғау керек. ІІІ. Ой-толғау «Бәрі өз қолыңда»

  • Ал сіз қалай ойлайсыз? (Тәрбиешілердің жауабын тыңдау)

Ал ақылгөй: — «Барлығы өз қолыңда» деп жауап береді. Педагог-психолог: Балалардың балабақшада өзін еркін, жайлы өз үйіндей сезінуі бәрі тәрбиешілердің және біздің қолымызда. ІV. Сергіту. « Шалқан» ертегісі желісі бойынша. VІ. «Мен сенімдімін» жаттығуы Педагог-психолог: Біз қандай жағдайда да ұжымдастарымызға үлкен сенім артамыз.
VІІ. «Құпия сыйлық»Мақсаты: Ұжымда бір-бірінің қыр-сырын тереңірек түсінуге, бірінің-бірі жағымды қасиетін бағалауға, сыйлауға жағдай жасау. Педагог-психолог: Біз бір-біріміздің қыр-сырын көре де түсіне де білеміз.Ендеше, осы семинардан алған әсерлеріңді стикерлерге жазып сыр сандыққа қалдырыңыздар!

 

 

 

 

Педагог-психолог: Сырлыбаева М.К

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *