«Балабақша − бала тәрбиесінің іргетасы»

«Балабақша − бала тәрбиесінің іргетасы»

Картаева Таншолопан Сериковна, тәрбиеші, ЖШС «Ақ ерке» балабақшасы,Қарағанды қаласы

Қазақ халқы бала тәрбиесіне ешқашан да  бей-жай қарамаған. «Ұрпақ тәрбиесі — ұлт болашағы», — деп бала тәрбиесіне аса зор жауапкершілік жүктелген. Оны ел ішінде айтылатын қанатты сөздерден де көруге болады. Бала –  болашағың, әрі өсіріп, баптап отырған бәйтерегің. Бүгінгі бүлдіршін – еліміздің байрағын желбіретер ертеңгі азамат. Адам баласы шыр етіп дүниеге келген сәби кезінен бастап берілетін тәлім – тәрбиенің маңызы өте зор Бірақ, бала тәрбиесі оңай іс емес. Ал, сол сәбилердің қызығы мен шышығын көріп, еркелігін көтеріп, анасындай бауырына басқан, тәрбиеші қауымның атқарар ісі мен көтерер жүгі ауыр да жауапты. « Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмас»,- деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы өте зор. Әрбір баланың мінез –құлқы ата-анасының, тәрбиешісінің жағымды іс-әрекетінен үлгі алу барысында қалыптасады. Отбасы мен балабақша бірлесіп тәрбиелеген бала жеміс берген ағашпен тең. Балабақша – баланың жүйелі түрде білім – тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы. Балабақшаның балаға беретін тәлім – тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы , сол балабақшада қызмет ететін тәрбиешіге байланысты. Бала тәрбиесімен айналысатын әрбір тәрбиешінің алға қойған мақсат-міндеті мен өзіндік ұстанымы болуы керек.

 Тәрбиеші болу біліктілікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкірт жандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық және де адам бағдарын жасаушы,келешек ұрпақтың сәулетшісі. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі», -деген екен ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби. Тәрбиеші – адамшылық ар-ожданы жоғары, намысшыл, қайталанбайтын жеке тұлға. 

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,- деп ұлы Абай атамыз айтқандай, менің де осынау қастерлі мамандықтың иесі атанғаныма «Ақ Ерке» бөбекжай балабақшасында тәрбиеші болып 2018 жылдың жартысынан бастадым. Бұл балабақша көп жылдан бері жұмыс істеуде.«Ақ Ерке» бөбекжай балабақшасында жүз жиырма бала тәрбиеленуде.. Олардың жас шамасы бір жарым жастан алты жасқа дейінгі балалар тәрбиеленеді. Балабақшада балалармен әртүрлі қызықты ойындар ұйымдастырылады, коммуникативтік, шығармашылық,  денсаулық, айналамен таныстыру бағыттары бойынша сабақтар өтеді. «Ақ Ерке» бөбекжай балабақшасының тәрбиеленушілері әр мерекелік іс-шараларға, түрлі конкурсқа белсене ат салысып, өз өнерлерін көрсетуге тырысады. Соның ішінде кіші топ балалары конкурсқа сән көрсету қойылымына қатысып жүлделі орындар алуда.
Кішкентай балалар тәрбиешінің көмегімен киініп, жуынып, сүртінеді, бір — біріне көмектеседі, «рахмет, кешір» сөздерін айтып
, бір –біріне сыйластық танытып отырады. Ұйымда тәрбиелеу, балалардың өзара ортада қарым — қатынастарын қалыптастырады. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайлықтың пайда болуына, достарына, үлкендерге қалай болса солай қарауға және де сөз қайтаруға мүмкіндік жасалмайды.
Тұрмыстық қызметте топтағы ойыншықтарды жинау, оларды күтіп ұстау, топты таза ұстауды
үйренеді. Осылайша біз тәрбиеленушілерімізге қайырымдылыққа, кішіпейілділікке шақырып, жақын адамдарына қамқор болуға үйретеміз. Әрбір жасалынған еңбектерінен кейін «Жарайсыңдар балалар!», топтағы ойыншықтарды жинағанан кейін « тобымыз  қандай сәнді болып қалды, бәрекелді балалар!», — деген сөздерді есту арқылы еңбектерінің дұрыс екеніне көз жеткізеді. Білім беру саласында  топтасып жұмыс жасай білуді, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, қамқорлық, сезімдерін бойына сіңіреді. Көрнекті тұлға Ахмет Байтұрсынұлы: «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын»,-  деген екен. Балабақша тәрбиешілері қай кезеңде болсын ертеңгі елім деп еңірейтін ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде. 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *