Балабақша — мейірім аймағы

Қосымбаева Балжан Лабақбайқызы

Тақырыбы:«Балабақша — мейірім аймағы».

 

Қосымбаева Балжан Лабақбаевна, Қарақия ауданы, Бостан ауылы, «Өркен» балабақшасының тәрбиешісі.       Педагогикалық ұжым төмендегі қарапайым  шындықты мойындаған кезде ғана, балабақша аймағы мейрімділік территориясына айналары сөзсіз. Ол — ешқашан өзіңді баладан жоғары қойма, өзіңнің қолыңнан келмейтін нәрсені баладан талап етпе! Осы бір шындықты түсінген кезде ғана, бала өзін тек тәрбие құралы ғана емес, ең қиын тапсырманы сеніп тапсыруға болатын сенімді серіктес ретінде сезінетін болады. Ең бастысы- балабақшаны тек оқу-тәрбие ошағы деп санамай, баланы түсінетін, әрдайым көмек қолын созатын әлем деп сезіну. Осындай мейірім мен сүйіспеншіліктің аймағы — біздің «Өркен» балабақшасы. Сондай-ақ, ол мәңгілік балалық пен жастықтың ордасы. Балабақша бізге өз мүмкіндігімізді толық көрсетуге, баламен бірге балаша ойнауға, ойлауға, еркелеуге, қиял әлеміне шарықтауға, ертегілер еліне саяхат жасауға мүмкіндік береді. Біздің мамандығымыз — бұл біздің өмір жолымыз. Біздің балабақша – бұл бөлек әлем, гүлденген көгал. Балабақша бізге балада бар ең нәзік – бала жан дүниесін сезінуге, аялауға, бағалауға үйретеді. Балабақша баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуында ерекше орын алатын сатысы. Балабақшада балаға қажетті, сетінемейтін махаббат жібі бар.Балабақшаның әр кірпіші, әр бұрышы ешқашан ескірмейтін мейірім мен сүйіспеншіліктен тұрады. Балалардың күлкісі мен мейірімі арқасында біздің балабақша жыл өткен сайын гүлденіп, көркейіп, жасара түсуде.

Балабақшаның жүрегі — музыка залы. Ол балалардың күлкісінен қуат алады. Педагогтардың балаға қуаныш сыйлауға, талмай еңбек етуге деген тілегі мен талпынысы балабақшаны мейірімділік пен сүйіспеншілік аймағына айналдырды. Педагогтардың кәсіптік деңгейі — балабақшаның қаңқасы. Кәсіптік қызметімізде бізге көмектесетін бақшадағы әр тәрбиешінің шығармашылық белсенділігі, жаңалыққа құмарлығы. Жаңашылдық пен ізденімпаздық-міне біздің мекеменің басты ұстанымы осылар! Бұл тұрғыда жүйелілік пен ізденушілік үлкен орынды алады. Педагогикалық шеберлік педагогтың әдіс-тәсілдерді меңгерудегі білік-дағдыларына тікелей байланысты. Педагогикалық шеберлік — өскелең ұрпақты тәрбиелеу өнері.Біздер балаға қиындығы мен қарама — қайшылығы мол өмірді, қоршаған ортадағы құбылыстарды түсінуге көмектесуіміз қажет. Тек педагог ғана бала жанының қаншалықты сезімтал, ұғымтал екендігін бағалай біледі. Біздің балаға береріміз — махаббат, сүйіспеншілік, мейірім, қамқорлық.
Ақын Фариза Оңғарсынова өлеңге қосып жырлағандай, «Үй жақсы ма, бақшама?» деген сұраққа біздің балабақшаның әр бүлдіршіні қуана «бақша» деп жауап берер еді. Балалар — өмір гүлі. Ал гүлдер ешқандай жасандылықсыз, шынайылықпен баптағанда ғана өседі.
Бойымыздағы бар білімімізді, асылқасиеттеріміздіперіштебөбектергеарнайбілсек, олардыңжүрегінежолтауып, өзіндік «мені» бар дәрежегежеткізсек, Отанды, адамзаттысүюгетәрбиелесек – міне, біздіңбалабақшамыздыңнағызмейірім алаңына айналғаны.Бүлдіршіндердіңата-аналарымен де тығызбайланыстамыз. Балабақшадағытәрбиеленушілеріміздің ата-аналары бала тәрбиесіндегіортақмақсаттытүсінген, сондықтаноларменжұмысістеубізге жеңіл. Қоғамныңәрсаласындатүрлімақсаттарқойылып, олардышешугеарналағанміндеттераталуда. Жылдарөткенсайыноқыту мен оқудаболыпжатқанөзгерістерменбіргетәрбиеші мен тәрбиеленушіарасындағы өзара қарым-қатынас пен әрекеттер өзгеріптұрады, сондықтанбүгінгітәрбиешігеқойылатынталап, жауапкершілік аса жоғары.

Мен өзім жұмыс істеп жүрген балабақшамды — өз үйімдей, өзім тәрбиелеп жүрген бүлдіршіндерді — өз балаларымдай, бірге қызметтес болып жүрген тәрбиешілерді өз туыстарымдай өте жақсы көремін десем артық айтқаным емес. Егер мамандық қайта таңдау қажет болса, мен осы тәрбиеші мамандығын ойланбастан тағы да таңдар едім. Басқамамандықтуралы бала кезденбастапойыма да кіріпшықпапты. Бізқазірбаланыңшуынсыз, бақыттыбалалардыңбазарысызжүреалмайтынжағдайғажеткентәрбиешіміз. Адам өміріндемамандықтаңдауданқателеспеукерекдегенсөз бар ғой, олшындықекен. Жұмысыңды аңсап бару, қуаныпқайту, өзіңнің не бітіргеніңді, енді не істейтініңдібілу, бұл — мамандығынсүйгенадамныңісі.

Біздің педагогикалық ұстанымым балаларды денсаулығы мықты адам етіп қана өсірмей, сонымен қатар кең пейілді, ақылды, жауапкершілігі бар адам етіп тәрбиелеу. Көздері қарақаттай мөлдіреген балалардың менің өткізген оқу іс — әрекеттеріме қызығушылықпен қарап отырғандарын ұқтым. Білуге, үйренуге құштар балаларды көргенде менің шабытым артып, тағы бір арман пайда болды. Тәрбиеші баланы жан тәнімен сүюі керек. Алдымен рухани қуат беруі қажет. Біздің педагогикалық ұстанымымыз – кішкентай бүлдіршіндерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Болашақта тәрбиеленушілеріміз Қазақстан елінің жарқын да белсенді балалары болады деген үлкен үміт күтеміз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *