Балабақшада 2-3 жасар балалардың тілі мен қимыл — қозғалысын дамыту

Кішкенебаева Айжан

Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн Бала өмірінде екінші жас ерекше маңызды. Баланың жүруді меңгеруі кейіп — кескінді өзгертіп, сенсорлық дамуды тездетуге мүмкіндік туғызады.
2-3 жаста баланың дене және психикалық дамуы одан әрі жүзеге асады. Ай сайын салмағына 170,0-190,0 г, бойына — 1 см қосып отырады. 2-3 жастағы баланың салмағы орташа есеппен 12,0-12,7 кг, бойының ұзындығы 85,0-86,0 см жетеді, 20 сүт тісі болады. Сергектік уақытының ұзақтығы: бірінші жарты жылдықта 3 сағаттан бастап 4 сағатқа дейін, екінші жарты жылдықта 4 сағаттан бастап 5,5 сағатқа дейін. Тәуліктік ұйқы мөлшері 14 сағаттан 12,5 сағатқа дейін қысқарады.
Бала өмірінің екінші жылында сөйлейді, жүре бастайды, заттармен әрекет жасаудың қарапайым тәсілдерін меңгереді. Ол әлі де ересектердің көмегін қажет етеді, бірақ сәбилерг қарағанда, онда талпыныс, ересектерге түсіндіре білуге деген ұмтылыс пайда болады.
Екі жасында — тіл дамуы өте қарқынды өтетін, тілді үйретуге ерекше сезімталдық байқалатын тіл дамытудағы «сензитивті» кезең. Бала екі жасында ересек адамдардың сөздері мен сөйлемдеріне еліктеп, тілдерін түсіне бастайды Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.
3 жастың соңына қарай біртінділікті қажет ететін сюжеттік ойындарға ауысады. Өйткені, бір жарым жасқа дейін бала көзбен көргенінің әсерінде болады, оның тәжірибелері мардымсыз, ойындары тұрақсыз, ал ойын жағдайын тәрбиеші дайындайды. Келесі жарты жылда ойын едәуір тұрақты бола бастайды, бала бір затпен әртүрлі іс-әрекеттер орындайды. Егер бір жарым жасқа дейін бала бір іс-әрекетпен 2-4 минут айналысса, екі жасқа қарай, өз әрекетін сөзбен түсіндіре отыра, 5-7 минутқа дейін айналыса алады. Біртіндеп ойын барысында ойлау қалыптаса бастайды: бала ойында ауыстырғыш заттарды қолданады, үлкендердің қимылына еліктейді, өзінің іс-әрекетін басқа жағдайға ауыстыра алады. Балада көрнекі-қимылды ойлау қабілетінің негізі қалыптаса бастайды.
Екінші жылдың басында жүру әлі де жеткілікті үйлеспейді: балаға түзудің бойымен жүріп өту қиын, шөп, тас, төбешіктер мен ойлар күрделі кедергілер болып табылады. Балаларға қоршаған ортадағы қимылдармен өзінің қимылын сәйкестендіру, кеңістікте бағдарлану қиынға соғады, заттарға шалынып, басқа балалармен соқтығысып қалуы мүмкін. Бала өз қимылын жолда кездесетін кедергіге сәйкестендіре алмайды. Мысалы, босағаны немесе ойыс жерді аттап өту үшін аяғын ерте көтеріп қояды. Екінші жылдың бірінші жарты жылдығында баланың жүрісі жетіле түседі — бала тек тегіс еденде ғана емес, сонымен қатар далада, шөптің үстінде жақсы жүре бастайды, төбешіктерге өрмелейді, үлкендердің көмегімен сатылардан өтеді. Лақтыру мен өрмелеу жетіледі, балалар төбешікке, диванға, орындыққа өрмелеп, түрлі кедергілерден (бөрене, орындық) асып өтеді, олардың қимылдары үйлесімді, епті бола бастайды. Біртіндеп балалар өздерінің қимылдарын басқа балалардың қимылдарымен сәйкестендіріп, қимыл-қозғалыс дағдыларын жақсы меңгере бастайды.
Бала таныс заттарды, өлшемі, реңкі мен орналасу орнына қарамастан, тани алады. Алғашқы көрнекті жалпылауы дамиды. Белгілі түсі, пішіні, өлшемі бойынша заттарды іріктей алу қабілеттері пайда болады. Балалар өздерінің іс-әрекеттерін қабылдайтын заттардың қасиеттеріне, олардың пішініне, өлшеміне, кеңістіктегі орнына бейімдеуге үйренеді.
Екі жастағы бала музыка мен көркем сөзге әуес келеді. Балалар би және байсалды орындалатын музыканы түрліше қабылдайды. Қарапайым ән айту ырғақтары пайда болады, балалар жеке буындарға қосылып, ырғақты қайталайды. Қимылдарын музыкамен сәйкестендіру қабілеттері дамиды, қарапайым ырғақтылығы пайда болады, музыкамен орындалатын қимылдар әртүрлі болады.
Тәрбиелеу және үйрету әдістерінің көмегімен баланың қоршаған ортамен байланысы кеңиді: ол өзін-өзі ұстаудың кейбір ережелерін меңгереді, үлкендердің талаптары мен тапсырмаларына бағынады, ересек адамдармен бірінші болып әңгіме бастайды. Басқа балалармен қарапайым қарым-қатынастары пайда болады: бала құрбылары мен олардың әрекеттеріне еліктейді, қызығушылық танытады, бірге ойнауға тырысады, басқа балалардың ойынына қосылуға талаптанады. Үш жастағы балалардың дамуында айтарлықтай өзгерістер пайда болады, сондықтан да тәрбие жұмысында әр баланың жеке ерекшеліктерін ескеру қажет. Баланы балабақшаға беру керек болды. Бірақ, үйде, анасының жанында әбден үйреніп қалған бала жаңа ортаға бірден бейімделе алмауы мүмкін. Ондай сәттерде көптеген ата-аналар мынадай қателіктер жіберіп жатады: — Дұрыс бейімдемеу. Бала жылағанда «балабақшаға апарып тастаймын» деп қорқыту. — Баланың өзі балабақшаға үйрене алмай жүргенінде оны зоопаркке, циркке апарып көңілін аулаймын деу – қателік, ол керісінше, баланың жүйкесіне одан сайын ауырлық түсіреді. Алғашқы кездерде демалысында үйде, жайлы атмосферада баламен бірге болған дұрыс. — Балаға тым жанашырлық таныту. Апарып тастағанда «мұңды» көздермен қарап, ұзақ қоштасу, алып қайтқанда құлап, жарақаттанған жерлеріне «шошып» қарау – барлығы балаға теріс әсер етеді. — Үйге келген соң «балабақша жаман ба», «апайың ұрысты ма, ұрды ма» деп сұрай беру де баланың тез үйренуіне кедергі келтіреді. — Барғысы келсе барып, барғысы келмей жыласа, бармай қоя салу – дұрыс емес.

Әрине бірінші отбасында және балабақшаға келгенде. Балабақшада таныс емес үлкен адамдармен, балалармен танысады,мінез құлық ережелері мен нормаларын меңгереді. Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді? Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды,балалармен және үлкен адамдармен араласудан бас тартады да, қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді, ойыншықтарды ойынға қатыстырмайды.

Баланың балабақшаға қиын бейімделу себептері:

— Басқа  адамдармен бұрын қалып көрмегендіктен,

— Дәретке өзі отырып үйренбегендіктен.

— Кейбір  тағамдарды жеу дағдысы жоқ, мысалы қызылша, орамжапырақ, қатты тамақты шайнап үйренбеген (картоп, нан).

— Балабақшаға келген алғашқы күндері бала 2 сағатқа қалу керек. Көбінесе ата-аналар жұмыс тәртібін айтып, баланы күні бойы балабақшада қалдырады. Осының нәтижесінде күрделі және созылмалы мәселелер пайда болады.

— Балаңызбен үйде сөйлесесіз бе, оны мақтайсыз ба, оны жақсы көретіңіз туралы айттыңыз ба?

Ата-аналардың балаға эмоцияналдық әсері көбінесе жағдайды қиындатады.

Әр отбасында бейімделудің үш түрі бар.

—  жеңіл түрі- баланың мінез- құлығы 10-15 күнде қалпына келеді;

— орташа ауырлық бейімделу- 1 айдың ішінде;

—  ауыр бейімделу- 2 айдан 6 айға дейін өтеді.

Қобалжулары қатты ата-аналардың балалары да балабақшаға қиын  бейімделеді, өткені ата-анасының қобалжуын көріп, баланың қорқынышы   ұлғая бастайды.  Осы кезде ата-аналар балаға көмек беруі керек.

Ертеңгілік қоштасуды жеңілдету тәсілдері:

-Баламен тез қоштасып үйреніңіз. Қоштасуды созбаңыз.

Бала сіздің қобалжығаныңызды көріп, тыныштануы ұзаққа созылады.

-Балаңыз сізге сенсін десеңіз, балабақшаға әкеліп, көрінбей қашып кетпеңіз.

-Балаңызға ұнайтын қоштасу рәсімін ойлап табыңыз және соны қатал  ұстаныңыз.

Балабақшаға барғаны үшін жаңа ойыншық сатып алып, балаңызды алдарқатпаңыз.

Екі жастағы баланы дербестілікке үйрету ең ыңғайлы жас. Кішкентай адамның психикалық даму заңымен табиғаттың өзі де сіздің жағыңызда. Үш жастағы баланың өмір ұраны: «Мен өзім!». Осы жастағы баланы дербестілікке үйрету қажет емес – ол өзі осыған қоймай және қажырлы тырысады. Сіздің көмегіңіз балаға қажет емес. Қойған мақсатына жетіп қанағаттанады.

Екі жастағы баланың ата — анасы дербестілікке ұмтылған балаға бөгет жасамауға тиісті. Бұл өте маңызды сәт! Үш жастағы бала дербестілік дағдыларын меңгереді: ішу — жеу, тіс тазалау мен жуыну, киіну — шешіну, уақытында дәретке бару. Ойыншықтарын жинау, орнына қою, үстелді сүрту, киімді ретімен жинау дағдыларын меңгереді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *