А.Байтұрсынов «Егіннің бастары»мысалы

 

8.01.2018жыл Сыныбы:5 ә                            Дуйсешова.А
Тақырыбы Ахмет Байтұрсынұлы  «Егіннің бастары»мысалы
Оқу мақсаты
Сабақ мақсаты Білу: А.Байтұрсыновтың шығармаларынан қысқаша мәлімет беру; «Егіннің бастары» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.

Түсіну: А.Байтұрсыновтың  мысал жанрына жазылған өлеңдерін меңгерту

Қолдану:Мысалдың астарында не жатқанын оның маңызын түсіну

Талдау: А.Байтұрсыновтың «Адамдық диқаншысы» мен «Егіннің бастары» мысалын  өмірмен байланыстыру

Бағалау:А.Байтұрсыновтың Егіннің бастары деңгейлік тапсырмаларға жауап беру,сөзжұмбақтар шешу,салыстыру арқылы бағалау

Күтілетін нәтиже Білу: А.Байтұрсыновтың шығармаларынан қысқаша мәлімет беру; «Егіннің бастары» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашады.

Түсіну: А.Байтұрсыновтың  мысал жанрына жазылған өлеңдерін меңгереді

Қолдану: Мысалдың астарында не жатқанын оның маңызын түсінеді

Талдау: А.Байтұрсыновтың «Адамдық диқаншысы» мен «Егіннің бастары» мысалын  өмірмен байланыстырады

Бағалау: А.Байтұрсыновтың Егіннің бастары деңгейлік тапсырмаларға жауап беру,сөзжұмбақтар шешу,салыстыру арқылы бағалайды

 

Сабақ құрылымы І. Ақпарат блогы

ІІ. Логикалық тапсырмалар блогы

ІІІ.Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы

ІҮ.Интеллектуалдық тренинг блогы

Ү.Күтілетін нәтиже блогы

Оқыту әдісі АКТ, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқытуды  басқару және көшбасшылық.
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен  орындауын қадағалайды.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасы Адамгершілік,
Танымдық тапсырмалар Сабақтың ЖБЕА  блогында беріледі.
Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру Күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін  кестеде берілген тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беру; Өз мүмкіндіктеріне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау;
Оқушыда дағды қалыптастыру Өзін-өзі дамыту дағдылары – өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып нәтиже көрсету, жинақталған білім мен  қалыптасқан дағды негізінде ой  қорыта алу.
Негізгі ұғымдар мен терминдер хабарлама,  жарнама, хабарландыру
Ақпарат көздері Интернет желісі, оқулық, бұрынғы оқулықтар.
Сабақты бағалау Оқушының оқу іс-әрекеті ол СТК-дағы тапсырмаларды  орындау деңгейіне  байланысты бағаланады.
Сабақ блоктары

І. Ақпарат блогы.

8 мин

                        Жоспар

1.Ахмет аудармашы

2. «Егінің бастары»өлеңінің қысқаша мазмұны.

3.  А.Байтұрсынұлының «Егіннің бастары»өлеңінің жанрын анықтау.

4.Ахмет Байтұрсынұлының «Адамдық диқаншысы өлеңімен Егіннің бастары өлеңдерінің ұқсастығы

5.Егіннің бастары өлеңінде сөздікпен жұмыс жасау

 

 

1 слайд

Ахмет-аудармашы. Мысал – адамға сабақ болар өсиеті бар шағын аллегориялық шығарма.
Орыс классиктерінің мысал өлеңдерін қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға үлес қосты.
Мысал-оқиғалы, адамға сабақ болар өсиеті бар шығарма.
Мысал өлеңде ақын жануарлар, құстар, өсімдіктер арқылы адамға тән қасиеттерді көрсетеді, сол арқылы адам бойындағы жаман қылықтарды, кемшіліктерді сынайды.
А.Байтұрсынұлы А.С.Пушкиннің, И.А.Крыловтың шығармаларын қазақ тіліне аударды.
А.Байтұрсынұлы И.А.Крыловтан 14 мысал аударған.

“Аққу, шортан, һәм шаян”
“Ат пен есек”
“Қасқыр мен тырна”
“Айна мен маймыл”
“Маймыл мен көзілдірік” т.б

2 слайд

Бір адам жас баласын жанына алды,
Екеуі сайран етіп кетіп қалды.
Қыдырып әрлі-берлі жүрді дағы,
Егінші егін еккен жерге барды.
Аралап әр егінді қарап жүрді,
Кез еді пісіп болған егін түрлі.
Бастарын дәнге толған төмен салып,
Бидайлар бейне тағзым етіп тұрды.

Елде көп бұл бидайдай адам, – деді,–
Тәкаппар, оны халық жаман , – деді.
Қалпы емес тәккаппарлық данышпанның
,
Тұтынба бұл мінезді, балам»,–деді.Айтатын ойы баласына ешқашан тәкәппар болмауын,жақсылық жасап жүру керектігін айтады.

3 слайд

Бір бидай бар ешкімді менсінбейді,мақтаншақ,тәкаппар. «Егіннің  бастары» — «Тәкәппарлық – жаман  қасиет».Өлеңнің негізгі жанры жамандықты болдырмау,тәкәппар болмауға тәрбиелену.Бидай арқылы адам бейнесі жасалып тұр.Мысал жанрында  жануарлар  мен  жәндіктер  адам  істейтін   әрекеттерді  жасайды. Бұлай  көрсетуді   аллегория  дейді.

4.слайд Ахмет Байтұрсынұлының «Адамдық диқаншысы өлеңімен Егіннің бастары өлеңдерінің ұқсастығы екеуіде мысал жанрына жазылған өлең.Адамдық диқаншысында бізді адами құндылықттарға тәрбиелесе,ал,Егіннің бастары өлеңінде тәкәппарлық,мақтаншақтықты көреміз.

5.слайд

Сөздік Орысша баламасын табу
Сайран ету, қыдыру-гулять, прогуляться
Дән-зерно
Көкке қарау – смотреть на небо
Қожа — хозяин
Қайран қалу — удивляться
Егінші-земледелец
Тәкаппар-высокомерный
Тағзым-поклон
 

Лексикалық жұмыс
Сөздер, сөз тіркестер ——Синонимдер ——Антонимдер
Жас бала   жас-кәрі антонимдер
Сайран салу       сөз тіркесі
Көзі түсу           қарау
Қайран қалу     таңғалу
Көкке қарап      жоғары қарап

ІІ. Логикалық тапсырмалар блогы

4 мин

 

Кесте толтыру
р/с —-Шығарманың авторы — Шығарманың атауы —-Кейіпкері —-Кейіпкердің мінезі

1.А.Байтұрсынұлы

2.Егіннің бастары

3.Әке,бала,бидай

4. Елде көп бұл бидайдай адам, – деді,–
Тәкаппар, оны халық жаман , – деді.
Қалпы емес тәккаппарлық данышпанның,
Тұтынба бұл мінезді, балам»,–деді.

ІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы.

 

Деңгейлік тапсырмалар.

15 мин

 

 

         І деңгейлік тапсырмалар

1. Баласы мен әкесі қайда барды? Егін еккен жерге барды
2. Бидайлар қандай болып тұр? Бастары дәнге толы, тағзым етіп тұрды.
Олар неге тағзым етіп тұрды? Оларға алла тағала дән берген үшін
3. Бала неге таңданды? Жалғыз бір бидай көкке қарап тұрғанға
4. Ол әкесінен не туралы сұрады? Мәтіннен тауып оқу. Соншама бұл бидайдың дәні көппе, неге басқаларына қарағанда ол басын көкке қарап тұр, басқаларды менсінбей тұр ма?
5. Әкесі не деп жауап берді? Мәтіннен тауып оқыңдар. Түріне қарап таңданба оған, өзгесі төмен қарап бүгілгенге, басқаларынан кем екен деп ойлама.
6. Бидай қандай? Бидай сияқты адамдар өмірде кездесе ме?
7. Мысалдың негізгі түйіні қай жолдарда берілген. Тауып, оқы.

8. Бидай арқылы қандай адамның мінезі берілген?                                   9.Мысалда қандай адамдардың мінезі сыналады?
10.Мысалда адамдардың мінезін нелер арқылы көрсетеді?

ІІ деңгейлік тапсырмалар

Мақалдың жалғасын тап.

1. Жегіп жегін,

Ексең егін,

Ішерсің тегін.

2. Диқаншы жерін мақтайды,

Балықшы көлін мақтайды,

Кәсіпқор кенін мақтайды.

3. Арпа, бидай

Ас екен,

Алтын, күміс

Тас екен.

4. Орақшының жаманы,

Орақ таңдайды.

 

Б А У Ы Р С А Қ
А Н А  
У А Қ Ы Т  
Ы Б Ы Р А Й    
А Р А  
А С Ы Қ  
Н А Н  
Қ А Р А Ғ А Н Д Ы

 

Сөзжұмбақ «Бауырсақ»
Б
А
У
Ы
Р
С
А
Қ

1.    Тәтті нан.
2.    Ең қымбат адам.
3.    Онсыз өмір жоқ(шектеулі).
4.    «Кел, балалар, оқылық!»  өлеңінің авторы.
5.    Шағатын жәндік.
6.    Ойын құралы.
7.    Ас атасы.
8.    Облыс атауы.

ІІІ Деңгей

1.Бидайдың образын шынайы өмірдегі адамдармен салыстырып, өлең жолдарын құрастыру.

2.Бидайдың мінезін анықтайтын, бейнесін ашатын әрекеттерді талдау.

3.

                     А.Байтұрсынұлының  мысалдарының атын атап көрсет?

Өгіз бен бақа                                                    Егіннің бастары                        Екі шыбын

 

—-Ат пен есек—————————

Оқушылар берілген кестені толтыру арқылы өзіндік жұмыс жасайды

 

 

Кейіпкер

 

   Мінезі   Іс-әрекеті
Бала

 

Бидай

 

 

 

 

ІҮ. Интеллектуалдық тренинг блогы

10 мин

Топтық жұмыс.

 

 

 

                   Топтық тапсырма

 

1 – топ:  мәтінде әке мен бала қайда келгенін және нені байқағанын анықтаңдар.
2 – топ: әке мен бала арасындағы диалогты тауып оқыңдар
3 – топ: неліктен баланың көзі жалғыз бидайға түсті?
4 – топ: шығармаға өз ойларыңмен қорытынды жасаңдар

 

 

Ү. Күтілетін нәтиже.

3 мин

 

 

 

 

 

 

 

ҮІ. Үйге тапсырма.

 

 

«Венн диаграммасы» арқылы екі бидайды салыстырыңдар.

 

«Қарапайымдылық – қадірлі қасиет» тақырыбына эссе жазу

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *