Ақ бұзау. Жуан дауысты дыбыстар

Сабақтың тақырыбы: Ақ бұзау. Жуан дауыстылар

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Жуан дауыстылар туралы түсінік беру. Сөйлем ішінен жуан дауыстыларды таба білуге үйрету. Төрт түлік туралы мағлұмат беру арқылы, малдардың адам өміріне пайдасын ұғындыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың еркін сөйлеуін, мәнерлеп оқуын, көркем жазу дағдысын қалыптастыру. Өз ойын анық жеткізу, шығармашылық қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелілігі: Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

 

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау.

Көрнекілігі: суреттер, сөздер жазылған парақшалар, кеспе әріптер, көшпелі тақта, үнтаспа, т. б.

Түрі: Аралас сабақ

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

— Қазір  жылдың  қай  мезгілі ?

-Қыстан соң  келетін  мезгіл ?

— Одан  әрі  сағындырып  жететін  мезгіл ?

— Жазда демалыста  қайда  өткіземіз ?

 — Балалар біз қандай тарауды өтіп жатырмыз?

— Ауыл  қандай  шаруашылықпен  айналысады ?

Төрт түлікке нелер жатады?

— Қой, ешкі, түйе, сиыр, жылқы.

 Төрт түлік  мал  иелерін  айтайықшы.

— Олай  болса,төрт  түлік  мал  иелеріне  байланысты атымызға  қонып,  ауылға  саяхатқа  шығамыз.Әр  ауылдың  бізге  арнайы  тапсырмалар  дайындап  қойған  екен. Сол  тапсырмалардан  өз  білімдерімізбен  сүрінбей  өтуіміз  керек.

й тапсырмасын тексеру

 «Шопаната  ауылына  саяхат».

Шопаната  ауылында  бәйге  ойыны  ұйымдастырылып  жатыр  екен.- Балалар бізде  бәйге  ойынына  қатысып,берілген  тапсырмаларына  жауап  беріп  білімімізді  сынап  көрейік.

 1.Біз  қандай   тарауды өтіп жатырмыз?

 2. Төрт түлікке нелер жатады?

 3. «Құлыншақ»  өлеңін  жатқа  айтып  бер.

 4.Дыбыс  дегеніміз, әріп  дегеніміз  не ?

 5.Дауыссыз  дыбыстарды  ата.

 6.Дауысты  дыбыстарды  ата.

Қандай  сөз  шықты ?

Бүгінгі  сабағымызда  жуан  дауысты  дыбыстармен  танысамыз.

ІII. Жаңа сабақ .

«Зеңгібаба  ауылына  саяхат».

Зеңгібаба  ауылы  «Суретті  жұмбақ » дайындап  қойған  екен.

Жұмбақты  дұрыс  шешсек жаңа сабағымыздың  аты  шығады.(Сиыр)

-Сиыр төлін қалай атаймыз? — бұзау

— Ендеше, балалар, ақын  Жақан  Смақовтың «Ақ бұзау» атты  өлеңімен  танысамыз.

 

IY. Оқулықпен жұмыс

Оқулықтан өлеңді  мәнерлеп  оқып  беру.

 Сөздік  жұмыс.

Өлең не туралы? –бұзау

Бұзау  қандай ?

Ол  қалай  дауыс  шығарады ?

 Ақ бұзау сөзіне дыбыстық талдау жасау

— Бұзау сөзін буынға бөлу — сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады-2буын (Бұ-зау)

Көрнекілік арқылы ережелерді қайталату

Дыбыстар. Дауысты Дауыссыз

Оқулықтағы суретпен жұмыс

Сурет бойынша шағын әңгіме құрау.

Оқулықтан өлеңді тұтас бір-екі балаға оқыту.

«Ой  толғаныс» Сиырға  ассоциация  әдісін  құру

«Қамбарата  ауылына  саяхат».

Қамбарата  қай  малдың  иесі ?

Бұл  ауылдан  «Тұлпарым»  әнін  орындап әрі  билеп  серігіп  алайық.

Y. Сергіту сәті..

— Жарайсыздар балалар!

«Сексеката  ауылына»  саяхат.

YІ. Дәптермен жұмыс

29-жаттығу. Сөздерді  көшіріп, жуан  дауысты  дыбыстың  астын  сызу.

-Сиыр  сүтінен  қандай  өнімдер  аламыз ? (Сүт, айран, кілегей,қаймақ, май, құрт.)

 Ойын  «»төліңді  тап»  ойыны.

Шарты:Малдың  төлін  табу  арқылы  малдың  енесін,сол  малды  қалай  шақырамыз  және  иесін  атау.

   

 і

-Балалар, өткен  сабақтағы  құлыншақ  пен  бүгінгі  сабағымызда  танысқан  ақ  бұзауға  сипаттама  беріп, «Венн  диаграмма»   әдісін  құрайық.

 

«Ойсылқара  ауылына»  саяхат.

Бұл  ауылда  жаңа  сабақта  алған  білімімізді  қорытындылаймыз.

Y. Сабақты қорытындылау

 

1. Бүгін Жақан Смақовтың қандай өлеңімен таныстық? –Ақ бұзау

2. Бұзау қай малдың төлі? –Сиырдың

3. Сиыр иесін қалай атаймыз?- Зеңгі баба

4. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді?- 2-ге, жуан, жіңішке

5. Жуан дауысты дыбыстарды ата:- а, о, ы. ұ

6. Жуан дауысты дыбысы бар бір сөз айт:- қой

Төрт  түлік  малды  біз  қадірлеп  бағуымыз  керек.Жануарлар  мен  адам  тығыз  байланыста.Ішсе  сусыны,жесе  тамағы,кисе  киімі,мінсе  көлігі  болған  төрт  түлік  малдың  адам  өмірінде  маңызы  зор.Оларды  баптап  өсіріп, көбейтуіміз  керек.

 

YІ. Үйге тапсырма:

а) «Ақ бұзау» өлеңін мәнерлеп оқу

ә) 28-жаттығуды көшіріп жазу

 

YІІ. Бағалау .Мадақтау.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *