Ақыл -парасат, ерік-жігер және жүрек

Өзін — өзі тану сабағының жоспары.

 

Маңғыстау облысы , Жаңаөзен қаласы №19 орта мектеп

Сабақтың тақырыбы:  Ақыл- парасат, ерік-жігер және жүрек  № 2 сабақ

Құндылық: «Сүйіспеншілік»   Қасиеттер:  бәрін жақсы көру.

Мұғалімі: Сыйыкова Клара  Палтабайқызы

Сынып –  7

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.

Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, бағалау.

Оқып үйренудің нәтижесі: оқушылардың адам туралы, олардың мүмкіндіктері туралы түсініктері дамиды.

 

Сабақтың мақсаты: — ақыл-парасат, ерік-жігер және жүрек тәрбиесі туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері: : — ақыл, қайрат, жүрек тәрбиесін сүйіспеншілік құндылығымен байланыстыра отырып үйрету;

— адалдық, жауапкершілік қасиеттерін дамыту ;

— айнала қоршаған ортаны құрметтей отырып, адал, жауапкершілікті болуға тәрбиелеу.

Плакат, маркер, үлестірме қағаз.
Сабақтың барысы:  а) Ұйымдастыру кезеңі.

— оқушылармен сәлемдесу.

— сынып тазалығына көңіл бөлу

— оқушыларды түгендеу. (топтарға бөлу)

Тыныштық сәтін. «Теңіз түбіне саяхат» баяу әуен тыңдау арқылы.

1.     Үй тапсырмасын тексеру:  Шәкәрімнің шығармасынан берілген үзіндіні оқып келу берілген.

● Мәтіндегі «Тауып айтқан мініңді өзгертуден тек пайда ғана аласың, түзелесің, түрленесің, өзгересің, адамшылыққа жетесің» деген ойды қалай түсінесіңдер?

● Руханилыққа, адамшылыққа талпыну парасаттылыққа апара ма?  Неліктен?

● Мәтіндегі автордың айтқан «Өз мініңді мойындап, оны түзеуге талпыну» адамға қандай игіліктер сыйлайды деп ойлайсыңдар?

● Шәкәрімнің айтқан ақылынан парасаттылыққа тән қасиеттерді іріктеп алып, айтып беріңдер.

Сабақ барысын талқылау, топқа бөлінеді. (Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық) сақтау керектігін еске түсіру.

 

 

3. Дәйексөз:

   «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек»- деген Абайдың қара  сөзін оқушылар назарына ұсыну және жаттау. Жұмыс дәптерге жаздыру.

— Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Әл-Фарабидың  сөзін оқу арқылы дәйексөздің мағынасын ашу.

 

 

2.     Әңгімелесу (сұхбат)

Әл-Фараби

«Адам алдымен ойлы, парасатты болуға, ақыл-ойдың жан- жақты дамуына көңiл бөлуi қажет. Шын мағынасындағы бiлiмдiлiк – тамаша адамгершiлiк сипат» деген ойын талқылау

Әл-Фарабидің ойын талқылау арқылы  сабақты аша түсу.
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1. Өнер туындыларымен танысып, «Парасатты тұлғалар» немесе «Парасатты ұлт» тақырыбында пікір алысу жүргізіңдер.

Абайдың портреті. Әбілхан Қастеев. 1954 ж

Шоқан Уәлихановтың портреті. Әбілхан Қастеев. 1951 ж

Бауыржан Момышұлы. Әбілхан Қастеев. 1943 ж.

 

2. Өзің «Парасатты» деп санайтын адамдардың бірімен сөйлесіп, сұхбаттасып парасаттылықтың сырын және ол адамның бойындағы жақсы қасиеттерді байқап, анықтап, дәптерге жаз. Түйген ойыңды сыныптастарыңның пікірімен салыстырып, қорытынды жасаңдар.

3. Мәтінді оқыңдар. Мәтінді жағдаятқа айналдырып, өз ойларыңмен толықтырып, рөлге бөліп орындаңдар.

Абай мен Әбіш

Ел аузынан

3.     «Жерұйық» фильмін кӛріп, фильмнің «Жерұйық» деп аталу себебін, ондағы адамдар мен халықтың бойындағы парасаттылықты тауып, әңгімелеңдер. Фильмдегідей қайырымды, пайдалы істер жасай алатындарыңды ойластырыңдар. «Асар» тобын құрып, «Көзге түсу үшін емес, адамдарға риясыз қуаныш сыйлап, пайда келтіру үшін жұмыс істейміз» деген мақсатпен өз ұзақ мерзімді жобаларыңның жоспарын дайындап, іске асырыңдар.

Қорытындылау

Парасатты адам – ар-ұят пен адамшылыққа жүгініп, ақиқатқа талпынады. Әрбір істе көрегенділік пен зерделілік, байыптылық пен байсалдылық танытып, дұрыс әрекет жасайды. Ешкімге оймен, сөзбен, іспен қиянат жасамайды. Адамшылық, кісіге пайда тигізу, ел қамын ойлау деген сияқты жақсы ой, таза ниетте болып, айнала қоршаған ортаға риясыз қызмет етеді.

 

Баяу әуен қойылады.

Постер, маркер,сызғыш, қаламсап.

4.     Топпен ән айту.      

5.      Ойлан, балам

Сөзін жазған Шөмішбай Сариев

Әнін жазған Кеңес Дүйсекеев

Ойлан, балам,

өмір деген өтпелі,

Бұл дүниеге кімдер келіп, кетпеді.

Қайта оралмас бұл өмірдің жаздары,

Қайта оралмас бұл өмірдің көктемі.

Ойлан, балам!

Тәтті өмірге талайлар тоя алмаған,

Ойлан, балам!

Әнді бірге шырқау рақылы балалар өз көңіл –күйлерін көтере түседі.
7.Үй тапсырмасы.

 Шәкәрімнің ұждан туралы берілген шығармасынан берілген үзіндіні оқып келу

Шығарманы оқып келу.

Күнделікке жазып алу.

 

8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік» бүкіл әлемде.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *