Ақыл – жастан, асыл – тастан

Кажбиева Асем Толеужановна

Ақыл – жастан, асыл – тастан

       Мақсаты: Балалардың «даналық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-Ақылдың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндір;

— Ақылын өмірде қолдана білу іскерліктерін дамыту;

— Бабалар дәстүрін құрметтеуге тәбиелеу;

    Сабақтың барысы:

  1. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ Сәлемдесу, түгендеу.

 

5 ұстанымды еске түсіру

  1. Тәртіп
  2. Талап
  3. Тыныштық
  4. Тазалық
  5. Татулық

 

Тыныштық сәті: Үнтаспа, баяу ән қойылады.

 

  1. 2. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ТЕКСЕРУ

Жиренше шешен мен Қарашаш сұл

                                                   Аңыз

  1. Қарашаштың ақылдылығы қай әрекетінен байқалады?
  2. Басқа балалардың іс-әрекеттеріне көзқарастарың қандай?

Өздеріңнің ақылдылық көрсеткен кездерін болды ма? Естеріне түсіріп айтып беріңдер?

 

  1. ӘҢГІМЕЛЕСУ
  2. Ақылды болу үшін не істер едіңдер?
  3. өздеріңнің өмірлеріңде ақылға жүгініп, саналы түрде шешім қабылдаған сәттерің болдым?

— Ақылды болатын бала кішкентай кезінен ақ, белгілі болады. әрбір істеген қимыл мен іс-әрекеттерінен, сөйлеген сөзінен.

 

  1. ДӘЙЕК СӨЗ

Адам бойындағы ең тамаша нәрсе-білім мен ақыл.

Ж.Баласағұни

  1. Осыдан не түйдіңдер?

Тағы қандай қанатты сөздер білесіңдер?

 

  1. МӘТІНМЕН ЖҰМЫС

Байлық, бақыт, ақыл

Ертегі

  1. Бақыт, Байлық, Ақылдың артықшылығы неде екен?
  2. Данышпан қандай ой түйіндеді?
  3. Данышпанның орнында болсаңдар, қандай төрелік айтар едіңдер?

Ақылды болу үшін не қажет?

Дұрыс айтасындар балалар, ақылды адам үнемі дұрыс жолды таңдап, қателікке жол бермей, байыппен, ақылмен, саналы түрде шешеді. Қарашаштың әкесін ойлап, жасаған әрекетін әрбір бала жасайтын болса, нұр үстіне нұр болар еді.

  1. Шығармашылық іс-әрекет

…-ды адам ерінбейді.

 

Ашу-дұшпан,  … –дос,

… – ыңа ақыл қос.

 

… –дан жақын дос бар ма?

 

… азбайды,

Білім тозбайды.

Дәптерде берілген тапсырмаларды орындау. Оқушыларға сұрақтар жазылған парақтар таратылып, сауалнама алынады.

 

Көңілді күн әні қосылып, оқушылар топпен ән айтады.

  1. Үй тапсырмасын беру:

М.Дауылбаевтың «Біз бақытты балдырған» атты өлеңін жаттау.

 

  1. Сабақтың соңғы қорытынды сәті:

Баяу әуен қойылады. Балалар өз-ойын айтып сабақты қорытындылайды. Бүгінгі сабаққа белсене қатысқан оқшыларға рахмет!

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *