Ақылдылар әлемді басқарады

Уразбекова Ырысай

Ортаға 3 сыныпты шақыру:

5 А сынып – ақылдылар       «Ақылдылар»

5 Ә сынып – әлемді               «Әлем»

5 Б сынып – басқарады         «Бастық»

Сабақты таныстырудан бастау.

Жоспар:

  1. Ұшқыр ойлы оқушы.
  2. Жеті жұрттың тілін біл!
  3. Ойың көсем болсын,

Сөзің шешен болсын!

  1.         Ойлан, тап!
  2. Қай істе де өнер – қолдан:

Өнерлі адам жеңер болған.

  1. Нағыз достың тілегі бір.
  2. Рефлексия

 

 5А сынып оқушылары : (Таныстыру)

  1. Ажибек Ақерке
  2. Сулейман Бауржан
  3. Ерболқызы Алтындана
  4. Жумали Мадияр
  5. Жантолепова Ақниет
  6. Турсын Амина

 

5Ә сынып оқушылары:

  1. Бөлеген Бейбарыс
  2. Тажимуратова Дильназ
  3. Рысбай Нариман
  4. Искакова Айдана
  5. Алтынбек Рамазан
  6. Жәумітбай Азамат

 5Б сынып оқушылары:

  1. Абильдаева Елдана
  2. Мұхамбетәлиұлы Бауыржан
  3. Серботаева Ақбота
  4. Қайырбеков Ернұр
  5. Асқарова Айым
  6. Ерлан қызы Алия

 

№ 1 тур. Ұшқыр ойлы оқушы!

Турдың тапсырмасы әр топқа үш логикалық сұрақтар қойылады, соңында қосымша бір сұрақ қойылады. Жалпы 10 сұрақ қойылады. ( әр сұрақ 1 балл)

  1. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды.

Жауабы: 3 стакан

  1. Екі бала шахматты екі сағат ойнайды. Әрқайсысы неше сағат ойнайды?

Жауабы:2 сағат

  1. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен қайту үшін оны қалай лақыту керек.

Жауабы: жоғары

 

  1. 4 жұмыртқа 4 минутта піссе, бір жұмыртқа неше минутта піседі.

Жауабы: 4 минутта

  1. Төрт бұрышты столдың бір бұрышын кескенде неше бұрыш пайда болады.

Жауабы: 5 бұрыш

  1. Қарбызды дәл ортасынан бөлгенде, оның жартысы неге ұқсайды.

Жауабы: Екінші жартысына

  1. Бөлменің 4 бұрышының әрқайсысында 1 мысықтан отыр. Әр мысыққа қарама-қарсы 3 мысықтан отыр. Бөлмеде неше мысық отыр?

Жауабы: 4 мысық отыр

  1. 723 санын 3 ке бөле аламыз ба?

Себебі :……………………………

Жауабы: ия, себебі 7+2+3=12; 12:3=4.

  1. 31 құс ұшып келе жатты. Аңшы біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды?

 Жауабы:1

Бәріне ортақ 10-сұрақ

Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісіде 6-ғға тең. Ол қандай сандар?

Жауабы: 1,2,3.

 

2 – тур. Жеті жұрттың тілін біл!

 

Бұл турда жұмбақты шешіп , үш тілде жауабын айту керек.

  1. Қабат- қабат, қаттама ,

Ақылың болса аттама.

Жауабы: Кітап , книга, book

  1. Жоқ өзіннде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазылып тұр бойында.

Жауабы: сызғыш,линейка,nule

  1. Өмірін сенің қызық,

Жолында жоқ түзу сызық,

Басы да жоқ аяғы.

Бір айналым баяяғы.

Жауабы: дөңгелек, круг,circle

  1. Көп болса алыстайсың,

Мезетпен қашықтайсың,

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың?

Жауабы: уақыт, время,time

  1. 2. Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр-шиыр жолы көп.

Өзі сөйлеу білмейді,

Салған ізі сөйлейді.

Жауабы: қалам , ручка, pen

  1. Үш тілі бар,

Тықылдаған үні бар.

Жауабы: сағат, часы, clock

  1. Шәкіртке жанашыр,

Мейірман кім, жан асыл.

Жауабы: ұстаз, учитель, teacher

  1. Жіп – жіңішке денесі ,

Ортасында шегесі.

Жауабы: қарындаш, карандаш, pencil

  1. Жазу жазып жалықпаған,

Жаза-жаза арықтаған.

Жауабы: бор, мел, chalk

Бәріне:

  1. Білімнен мол сый-асы, балғындардың ұясы.

Жауабы: мектеп , школы,school

 

3 тур. Ойың көсем болсын,

Сөзің шешен болсын!

Турдың шарты мұғалім бастаған мақалдың жалғасын оқушылар табуы керек.

  1. Жеті жұрттың тілін біл….

(Жеті түрлі білім біл.)

  1. Екі жақсы қас болмас….

(Екі жаман дос болмас.)

  1. Досыңды үш күн сынама…

(Үш жыл сына.)

  1. Бір елі ауызға ….( екі елі қақпақ.)
  2. Бір кісі қазған құдықтан….

(Мың кісі су ішеді.)

  1. Білгенің бір тоғыз…

(Білмегенің тоқсан тоғыз.)

  1. Бес бармақ жиылса…

(Жұдырық болады)

8.Ер бір рет өледі….(Қорқақ мың рет өледі.)

  1. Алты аға бірігіп, әке болмас….

(Жеті жеңге жиылып, ана болмас)

  1. Білекті біірді жығар….

(Білімді мыңды жығар)

  1. Бір кісінікі, мақұл…

(Екі кісінікі ақыл)

  1. Он рет айтқаннан …. (бір рет көрген артық.)
  2. Бәріне

Жақсыны жеті жыл жетелесең, адам болады.

(Жаманды жеті жыл жетелесең, надан болады.)

 

4 тур. Ойлан, тап!

 

Сан дөңгелегі. Бір цифры дөңгелектің ортасында, қалғандары әрбір диаметрдің ұштарында және әрбір қатардың үш цифрының қосындысы 15 болатындай етіп, фигураға 1-ден 9-ға дейінгі цифрларды орналастыру керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 тур. Қай істе де өнер – қолдан:

          Өнерлі адам жеңер болған!

 

Бұл турдың шарты берілген саннан суретті айнытпай салу керек!

(Тырна салу керек)

Сурет салып біткен соң, тақатағ ілеміз.

Сергіту сәті: «EXPO -2017»  арналған би.

 

6 тур . Нағыз досытың тілегі бір.

 

Бұл турда әр топ мүшелері тақтаға эстафеталық есептерді кезекпен шығарады .

 

1) 2/5+7/15=6+7/15=13/15

2)3/5-1/7=21-5/35=16/35

3) 5/12*8/9=10/27

4) 4/5:9/10=8/9

5)6,3+2,5=8,8

6)7,63-2,51=5,12

 

Рефлексия:

 

  1. Сабақ ұнады ма?
  2. Бүгін тқбыңда кім белсенді болды деп ойлайсың?
  3. Мұғалімге айтар ұсынысың….

 

Қорытынды: Марапаттау!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *