Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияларды пайдалану

Жагыпарова Салтанат Сандибековна

Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалімдердің ізденісі арқылы оқушы қабілетіне қабылдау деңгейіне қарай іріктеліп қолданады. Технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін мен өзімнің алдымдағы оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсат-мүддеме сай, өзімнің шеберлігіме орай таңдап алдым.

Ұстаз тұлғаның танымдық қабілеттерін дамытып өздеріне деген сенімін арттырып, істеген іс-әрекеттерінен жағымды эмоциялар алатындай дәрежеге жеткізуі керек. К.Роджерстің пікірінше, мұғалім:

Оқушыға сенім көрсету;

Оқушыға мақсаты мен міндетін белгілеуге көмектесу;

Оқушының шет тілін оқуға деген ішкі қызығущылығына мән беру;

Оқушы қиындыққа кездескенде кеңес беретіндей тұлға болу;

Оқушыға ұялмай өз пікірін айта алуға көмектесу;

Әрбір оқушының сезімі мен көңіл толқуларын түсініп, ыңғайлы жағдай жасау сияқты қағидаларды басшылыққа алуы тиіс.Оқушының дарындылығының дамуы қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты.Оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – оқушының шығармашылық, дарындылық қабілетін дамыту, жеке тұлғаны жетілдіру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.

Жаңашыл педагогтар оқушының жеке тұлғалық қасиетін барынша құрметтеп, оның шығармашылық қабілеттер мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамыта отырып, ағылшын тілін жетік меңгертуде.

         Еліміз жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізісімен, шет тілі де мемлекетаралық тіл мәртебесіне ие болды. Ендігі кезекте шет тілінің қолданылу аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің бірі болды. Осы орайда мектептерде ағылшын тілі пәніне көңіл де, ықылас та жылдан жылға артып, оны оқытудың тиімді әдіс — тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды.
Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс — тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн?
Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе — тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық — коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады.
Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық — технологиялық құралдардың жиынтығы. Қазіргі кезде сабақта ақпараттық технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз. Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», — деген. Расында да, тек ғана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді.
Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан — жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады.
Экономикадағытабыстармамандардыңбіліміне, біліктілігінебайланыстыекендігінбілеміз. СондықтанбізтекҚазақстанныңішіндеғанаемес, әлемдеңгейіндебәсекегеқабілеттіжаңамамандардыдайындайбілуімізкерек. Қазіргізамансабағымұғалімсізболмайды. ҰлыағартушыЫ. Алтынсарин: «Мағанжақсымұғалімбәрінендеқымбат, өйткеніжақсымұғалім – мектептіңжүрегі» дегенекен.Онда «мектептіңжүрегі» болуменқатар, жаңаегеменеліміздіңұрпағынжаңабілімнәрінсусындатып, саналытәрбие, сапалыбілімберетінбілімді, біліктіұстазболайық.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *