Аяласаң, табиғатты аяла!

Абеуова Жулдыз Жумабаевна

Мақсаты:

-Табиғаттың алуан сырларын білуге,қоршаған ортаны қорғауға баулу;

-Табиғат туралы таным-дарын молайту,ой өрісін кеңейту;

-Туған жер,табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілік: Слаид, табиғатқа  байланысты суреттер.

Тәрбиеші: Балалар,бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ,бізге көптеген қонақтар келіпті.Ендеше,қонақтермен амандасайық.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті,

Ал,кәнекей бәріміз

Сәлем дейік үлкенге.

Балалар: Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар!

Тәрбиеші: Сабағымызды жылулық шеңберінен бастайық.

Жылулық шеңбері: Қайырлы күн,күнім,далам,орманым,

Қайырлы күн,гүлім,құсым,көлдерім,

Қайырлы күн, өсімдіктер,жәндіктер

Қайырлы күн,бар тіршілік иесі!

Тәрбиеші: Балалар!Осы жылулық шеңберінде не туралы айтылған?

Балалар:Табиғат

Тәрбиеші: Табиғат деген не?

1бала:Табиғат-бізді қоршаған орта.

2бала:Табиғат-тіршіліктің алтын ұя бесігі.

3бала:Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.

4бала:Табиғат-адамдардың құтты мекені,құт-берекесі.

5бала:Табиғат-адамға қажет баға жетпес байлық.

6бала:Табиғат-ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі.

М.Ануар : Табиғат,сен тіршілік,тұнып тұрған,

Сен-күнсің,көтерілген күліп қырдан,

Сен-көлсің,

Сен-ормансың,

Сен-бұлбұлсың,

Адамға сұлулықты шын ұқтырған.

Тәрбиеші: Жақсы,ал балалар осы табиғат нешеге бөлінеді?

Балалар: Табиғат 2-ге бөлінеді. (Жанды табиғат,жансыз табиғат)

Тәрбиеші: Жанды табиғат туралы кім айтып береді?

Балалар: Жанды табиғатқа жататындар тұқым шашады,көбейеді,өседі.

Олар: өсімдіктер,жануарлар,құстар,адамдар.

Тәрбиеші: Жансыз табиғатқа ше?

Балалар: Жансыз табиғатқа жататындар тұқым шашпайды,

өспейді,көбеймейді.

Олар: Күн,ауа,су,тас,құм,тау

Ойын: Жанды,жансыз табиғатты ажырату экраннан

Тәрбиеші: Ендігі кезекті табиғат туралы өлең шумақтарға береміз.

Саида:Табиғат біздің анамыз,

Жер-Ана біздің панамыз,

Таза болса табиғат,

Біз де аман боламыз,

Мен жерімді сүйемін,

Жеріме дән себемін,

Ауа таза болсын деп,

Жылда ағаш егемін.

Айжан: Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,

Бір-бір ағаш және гүл егейік,

Теккке отырмай жасымыз бен кәріміх,

Таза ауа үшін терімізді төгейік.

Туған жерім өзіңе не жетеді

Далам мені мәпелеп тербетеді

Құшағыңда ең алғаш перзенттерің

Балғын жырын бұлақтай селдетеді.

Тоқжан: Сұлу дала,менің сүйген өлкемсің,

Жаны жайсаң жаратылған еркемсің,

Қандай жақсы қазақ болып туғаным,

О,туған жер,тамашасың,көркемсің!

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Жер бетінің ажары ғой сәніміз

Туған өлке табиғатын аялап,

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

Бибігүл: Жазда аралап тауында,

Барамыз біз бағына

Өзеніне шомылып,

Жүгіреміз жауында.

Осы кезде музыкамен Табиғат ханшайымыз келеді

 

Табиғат ханшайымы: Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар мен балалар.

Балалар,мен естідім сендер табиғат жайында айтып жатыр екенсіңдер.Мен Табиғат ханшайымы боламын.Мен сендерді Табиғат-Анаға саяхатқа шығуша шақырамын.Сендер келісесіңдер ме? Өте жақсы ендеше,жүрейік бізді қандай аялдама күтіп тұр екен.

Ханшайым:Саяхатымыздың бірінші аялдамасы «Тіршілік атаулының бар арманы-ауа» деп аталады екен.

Балалар,айтыңдаршы біз ауаны көре аламызба?қолымызбен ұстай аламыз ба?

ауасыз өмір сүре аламыз ба?

Дұрыс,айтасыңдар балалар ауасыз өмірді елестету мүмкін емес.

Ендеше,ауа туралы тақпақтарымызды айтайық.

Жансая: Табиғат байлықтарының ішіндегі бізге ең керегі-ауа.

Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат,

Тіршілікте адам қымбат,сен қымбат,

Ал адамға ауа қымбат бәрінен,

Ауа қымбат,алатұғын дем қымбат.

Айқын:  Болмасын ауа ешкімнің арман-мұңы,

Ауадан асқан жан жоқ жалғанда ұлы

Ойлашы кімге керек боламыз біз

Жұтудан таза ауаны қалған күні.

Ойын: «Дем алмау ойыны».

Ойын: «Ауаны шарға жинау»

Ханшайым: Келесі бізді қандай аялдама күтіп тұр екен барып көрейік.

«Тіршілік көзі-су»аялдамасы екен.

Судың қаншалықты маңыздылығы бар екен кім айтады?

Серікболсын: Табиғаттың көркін ажарландырып,жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі-су.

Расул: Су деген тіршіліктің қаны емес пе?

Су деген табиғаттың жаны емес пе?

Су жоқ жерде өмір жоқ,ол ақиқат.

Күміс су,қара жердің сәні емес пе?

Назерке: Ойлау керек Арал жайын,ел жайын,

Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын,

Өзімізді асыраушы табиғаттай-Ананы

Азаматтық арыңменен аялауға тұр дайын.

(Мнемотехниканы қосу-ертеде көп уақыт су болмапты.)

Су туралы тәжірибе көрсету. (Жантөре)

Ханшайым:Сонымен су-табиғаттың жаны,қара жердің сәні дедік.Ал табиғатты әдемілікке бөлеп тұрған не екенін келесі аялдамадан білетің боламыз.Ал,көрейік келесі аялдамамыз  «Табиғат байлығы-өсімдіктер»деп

аталады.Олар туралы не айтасыңдар?

Жантөре: Өсімдіктер,ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрады.Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып,одан қамқорлығын еш аямаған.Сондықтан мен осы отырған барлығыңызды өз өлкелеріңіздің өсімдіктерін біліп,оларды қорғауға шақырамын.

Еркеназ тақпақ айтады.

Ойын: «Кім жылдам?»

Ойын шарты: Көздері байлаулы 4 бала ортаға шығады.Қалаулары бойынша 1 өсімдіктің суретін салады.

Мысалы: Гүл,ағаш,бұта,шөп.

Ханшайым: Расында да,өлкемізді саялы баққа айналдыру әрқайсымыздың қолымыздан келеді.Әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін не екенін келесі аялдамамыздан көрейік. «Орман сәні құстар»аялдамасы екен.

Құстар жайлы не айтасыңдар?

Алдияр: Табиғаттың сәні де,әні де қалықтай ұшқан құстар.Олардың әсем әндері бойымызды балқытып,еріксіз  еліктіреді.Олар-біздің қанатты достарымыз.Олар-табиғат  сақшылары.Егістіктің,бау-бақшаның сенімді серігі.

Еркеназ: Қарлығаш-адамның досы,жанашыры,қай кезде қамқор болып жүретін адал құс.Қарлығаш әдеміліктің символы.

С.Ануар: Ата-бабамыз құстарды қадірлеп,құрметтеген.Олар батыр ұлдарын сұңқарға,сұлу қыздарын аққуға теңеген.Қазақтар құстарға қарап ауа райын да болжай білген.

Расул:Құс жүнін үрпитсе,жаңбыр жауады,ауа райы өзгереді.

Жансая: Сары шымшық ысқырса-шынымен күз болады.

Саида: Қарға қарқылдаса-қар жауады

С.Ануар:Жыл құсы қаптап кетсе-көктем ерте келеді.

Бибігүл:Сауысқан шақылдаса,қонақ келеді.

Асылан: Торғай-торғай тоқылдақ,

Жерден тары шоқып ап,

Бөтегесі томпайып,

«Шиқ-шиқ»десіп отырмақ.

Бақдаулет: Қарға,қарға,қарғалар,

Қар үстінде жорғалар,

Боран соқса долданып,

Бұтаға келіп қорғанар.

Ханшайым: Айтсақ әніміз,ардақтасақ сәніміз,табиғаттың көркі құстарды қорғау әрқайсымыздың парызымыз.

Ханшайым: Келесі қандай аялдама күтіп тұр екен соны көрейік

«Табиғаттың сұлу мүсіні-хайуанаттар» аялдамасы

Табиғаттың сұлу мүсіні,көрікті келбеті-хайуанаттар.Халқымыз ежелден-ақ жануарды көзінің қарашығындай аялап,қамқорлыққа алған көздері мөлдіреп тұрған қыздарын «Ботагөз»деп атаған.

Ойын: «Ымды түсінбеген,дымды түсінбес»деген ойын ойнаймыз.

Ойын шарты: Тәрбиеші бір баланың құлағына жануардың атын айтады.Сол бала айтқан жануарды ыммен,қимылмен көрсетеді.Қалған балалар қандай жануар екенін табулары керек.

Қорытынды: Сонымен ,балалар біздің табиғатымызға нелер жатады екен?Өте жақсы,біз табиғаттың тамаша туындыларына саяхат жасадық.Табиғат-Ана адамзат баласына бар қажетті нәрсенің барлығын да беріпті.Ол бізге дем алсын деп ауа берді,ішсін,бар қажетіне жаратсын деп мөлдір су берді,ғажайып жасыл әлем сыйлады,орман-тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен әдемі аңдарын берді,қысқасы біз өмірге қажеттінің бәрін Табиғат-Анадан алады екенбіз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *