Ашық сабақ «Абай Құнанбаев»

Жалпы білім беретін мектептерде оқитын оқушылардың әрқайсысының өзіне тән жеке даралық ерекшеліктері бар. Сондықтан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының алдында тұрған проблемаларының бірі — мінез-құлқында эмоционалдық үйлеспеушілігі бар балаларға тиімді көмек көрсету. Сондықтан оқушылардың мінез-құлқындағы үйлеспеушілікті диагностикалау өте қиын болып отыр, ал мінез-құлқында ауытқуы бар балаларға дер кезінде көмек көрсетудің маңызы үлкен екенін дәлелдеудің қажеті жоқ екені баршаға аян.Әрбір адам жеке тұлға болғандақтан оның мінез-құлқы өзіне тән ерекшеліктермен сипатталады. Мінез деген психологиялық қасиеттің төркіні характер деген грек сөзінен шыққан. Оның негізгі мағнасы із қалдыру деген мағынаны білдіреді. Сондықтан мінез дегеніміз әрбір адамның жеке басына тән даралық ерекшілік. Ғалымдардың  айтуынша мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайларына байланысты деген пікір бар.

Бала дүниесінің басқа балалар дүниесімен, үлкендермен және түрлі заттармен соқтығысуы олар үшін әсер қалдырады. Оқушыларда осы жағдайлардың әсерінен қөзқарастарының және жалпы қалыптасуының бұзылуы, тілек және дағдыларының өзгеруі орын алады. Осындай келеңсіз жағдайлардың бэрі балалар өмірінде кездеседі, ал балалар өмірі мектеппен тығыз байланысты. Сондықтан мектептегі кезең оқушылар үшін «сыңалу» кезеңі болып табылады. Сыналу кезеңі дейтініміздің себебі, бала нақ осы мектеп жасында жас ерекшелік кезеңдестіру бойынша маңызды болып табылатын бірнеше қиын кезеңдерден өтеді. Яғни, сыңалу кезеңі дегеніміз, түрлі құбылыстарға толы белгілі бір өтпелі кезең және баланың осы кезең аралығынан өте алу мүмкіндігі. Сонымен анықталған жас кезеңдеріне сүйене отырып, білім беру жүйелері және практикалық психологтар мектептегі барлық жас аралығын 3 кезеңге бөліп қарастырады.

Бірінші кезең — баланың мектепке түсіп, жаңа ортаға бейімделуімен сипатталады. Сонымен қатар бала ағзасында дененің күрт өсуі, ішкі мүшелердің үлкейуі вегетативті қайта құрулар сияқты эндокриндік өзгерістер бірден жүреді. Бұл өзгерістер баланың әлеуметтік қарым-қатынас жүйесімен іс-әрекетіндегі кординалды өзгерістер оның ағзаларындағы барлық жүйелермен функциаларының қайта құрылуымен сай келеді. Сондықтан бұл аралық үлкен күшті талап етеді;

Екінші кезең — баланың өтпелі кезеңімен тап келуімен, ағни қиын саналатын кризистік кезеңмен сай келеді. Бұл кезең біріншіден пубертаттық кезеңде келетін морфологиялық және физиологиялық өзгерістер жеткіншектің ағзасын біршама өзгертуге ұшыратады да, олардағы соматикалық аурулар қауіпін тудырады, сонымен бірге, тура осы жеткіншектік кезеңде көптеген жүйке және психикалық аурулар көрініс береді, екіншіден осы кезеңге тән әлеуметтік қарым-қатынас сферасының кеңеюі жеткіншектерге меңгеруге қиын болып табылатын жаңа әлеуметтік тәжірибелер береді. Өтпелі кезең — жас ерекшелік дамудың өте жауапты сатысы. Бұл кезеңнің өзіндік ерекшеліктері П.П.Блонский және Л.С.Выготский еңбектерінде анық жазылған. П.П.Блонский өтпелі кезеңдегі жүріп жатқан өзгерістердің бірден болып жатқанына көңіл бөлсе; Л.С.Выготский бұл кезеңді ескінің өшуін сипаттайтын жас деп көрсетеді. Олай болса, өтпелі жас дегеніліз, баланың бір сатыдан екінші сатыға өту аралығы. Бірақ бұл уақытта балада оны біршама жоғары сатыға дайындайтын барлық негізгі психологиялық жаңа құрылымдар қалыптасуы қажет. Әйтсе де, бұл екі жас қиылысып, осы қиылыста кризис тууы мүмкін. Ал кризис дегеніліз негативті байланыстарды шақырушы, мінез-құлық моделінің ауытқуын көрсететін белгілі құбылыс.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *