Ашық сабақ»Су-өмірдің нәрі» мектепалды даярлық сыныбы.

Білім беру саласы:таным

Ашық оқу қызметінің түрі:қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: Су-өмірдің нәрі.

Мақсаты:Су және оның маңызы туралы түсінік бере отырып, судың тіршілік көзі екенін, пайдасы мен маңызы туралы білімдерін кеңейту. Балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыта отырып, суды үнемдеп ұстауға, ластамауға, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:суреттер, қуыршақ, гул.

Билингвалдық компонент:су-вода-water.

Қызмет кезеңдері:тәрбиешінің іс-әрекеті, баланың іс-әрекеті.

Мотивациялық қозғаушы: Шаттық шеңбер:

Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса.

Балалар шеңберге тұрып, сөздерді қайталайды.

Қызығушылығын ояту: Жұмбақ жасыру.

Ауызы жоқ, сыңғырлайды, күледі,

Онсыз бірақ жер бетінде тірлік жоқ,

Айтыңдаршы, осыны кім біледі?  (су)

Көрініс.  Жылаған дыбыс шығады. Ортаға тамшы келеді. Тамшы достарынан және анасынан адасып қалыпты.

1-тапсырма. Қурап қалған гүл.

Тамшының көмегімен гүлді суарамыз.

2-тапсырма. Кір қуыршақ.

Тамшыға жолда кір қуыршақ кездеседі. Тамшы оны жуындырады. Сөйтіп тамшы бұлт анасына қайтады.

3-тапсырма. Тәжірибе.

1. Су дәмсіз. Стақандағы судың дәмін тату.

Бір стақанға тұз салу. Бір стақанға қант салып дәмдерін көру. Су қандай?

2. Су түссіз. Екі стақанды аламыз. Біреуіне сүт, екіншісіне су құямыз.

Сүт-ақ, ал су түссіз.

«Алтын балықтар» ойыны. Шарты:Тақтаға көлдің суреті ілінеді. Балалар алтын балықтардың артында берілген тапсырмаларды орындап, оларды суға жібереді.

Сергіту сәті:

Сылдыр, сылдыр,мөлдір су,

Мөлдір суға қолың жу.

Жусаң егер әрдайым,

Бетің таза, маңдайың.

Мадақтау.Сабаққа белсене қатысқан балаларға «Қуанышты хабарлама» тарату.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:Судың қасиетін, қалай келетінін.

Нені игеру керек:Сусыз өмір жоқ екенін, оны үнемдеу керек екенін түсінеді.

Нені істей алады: тәжірибе жасайды, тапсырманы орындай алады.

Шаяхметова Камшат Кенжеканкызы

Ш.Қ.О. Зайсан ауданы. А. Орманбетов атындағы

шағын жинақты негізгі орта мектеп.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *