Ауладағы қанатты достарымыз

Ұйымдастырылған оқу   іс-әрекетінің

                     технологиялық  картасы    Күні: 22.01.2015 жыл

Тәрбиеші: Нұғманова Б.Т.

«Еркетай»  ортаңғы тобы                                 

Білім беру саласы: «Таным» «Шығармашылық»

Кіші сала: Айналамен танысу, Сурет

Тақырыбы: «Ауладағы қанатты достарымыз» «Айдарлы әтеш»

Мақсаты: Үй құстары туралы білім беру, олардың ерекшеліктерін айыра білуге үйрету.

Су бояқ таяқшамен. Балаларға құстарды екі бөліктен салуға үй рету. Дене және бас айдары. Көз мөлшерін,жылдамдығын дамыту.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы күш

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі.

Балалар, алақай тамаша бұл не жапалақтап түсіп жатыр? Балалар қар қайдан түседі? Балалар, ал қар қандай түсті? Ал балалар, кане айтындаршы қазір жылдың қай мезгілі? Қыста ауа-райы қандай? Қыста адамдар қалай киінеді? Неге?

Балалар жауабы. Бұл қар.  Қар аспаннан түседі. Қар ақ түсті. Қазір қыс мезгілі. Қыста ауа-райы салқын, аяз. Қыста адамдар жылы киінеді, өйткені дала суық.

Ұйымдастырушылық  ізденіс

Бір кезде құстардың дыбыстары шығады. Балалар, бұл ненің дыбыстары? Балалар, ал құстар жылы жаққа ұшып кеткен жоқ па? Солай ма? Бұл үй құстарының дыбыстары екен ғой. Балалар, сендер қандай үй құстарын білесіңдер? Қане маған атап беріңдерші. Жарайсыңдар балалар дұрыс айтасыңдар. Балаларға әрбір құстың өз дауысы болатынын, олар әртүрлі  дыбыс шығаратынын түсіндіру. Олар қайда тіршілік етуді ұнататынын, олардың бір бірінен айырмашылықтары бар екенін айтып кету. Мысалы тауық қыт-қыт деп дауыс шығарады, ол жылы жерде тіршілік етеді. Адамдар оны бидай,арпа, нанның қиқымымен қоректендіреді. Тауықтың етін, жұмыртқасын жеуге болады.

Құстар немен көректенетін білдік. Ал енді балалар ойын ойнағыларын келе ме?

Д/о «Құстарды ажырат». Мақсаты: үй құстарын дала  құстарынан ажырату.

Сергіту сәті: Сұрақ-жауап арқылы сабақты бекіту.

Ал енді балалар үй құстарының ішіндегі біздің ең жақын достарымыздың бірі, бізді жұмысқа ерте оятатын әтештің суретін салайық. Балалар өз беттерінше әтештің суретін салады. Тәрбиеші көмек керек балаларға жеке жеке жақындап көмек көрсетеді. Сурет салып болғасын балаларды жеке жеке мадақтау.

Бұл құстардың дыбыстары. Кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетті, бірақ бұл дала құстарының дыбыстары емес, бұл үй құстарының дыбыстары.

Үйрек,қаз,тауық,әтеш, күркетауық.

Балалар тәрбиешімен бірге үй құстарының дыбыстарын салады.

Ия ойнаймыз

Балалар құстарды ажыратады. Сергіту сәтін тәрбиешімен бірге жасайды

Орнымыздан тұрайық,               

Екі қолды созайық.             

Құс боп қанат қағайық,

Жоғары, төмен қарайық.         

Бір отырып, бір тұрып

Орнымызды табайық.

Сурет салуға белсене кіріседіЕкі бөліктен тұратын айдарлы әтештін суретін салады.

Рефлекстік түзету

Қорытынды.

-Әркім үй құстары мен дала құстарына қамқорлық жасауы керек.

-Біз құстарды күтіп-баптап қорғауымыз керек.

Балалар үй құстарын күтіп,оларға қамқорлық жасау керек екенін түсінеді.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады:  Сұрақтарға дұрыс жауап берулері.Суретті екі бөліктен қалай салу керектігін

Түсінеді: қоршаған ортаны жан-жақты терең біліп, үй құстары жайлы білімдерін кеңейту

Қолданады: бүгін түсінген білімдерін келешекте қолдана білу

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *